Соңғы ми,аралық ми,ортаңғы ми,сопақша ми топографиясы Сопақша ми


Құрылысы:есту мүшесі – құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. 1. Сыртқы құлаққа



бет4/5
Дата11.12.2023
өлшемі28,67 Kb.
#137672
1   2   3   4   5
Байланысты:
16,17,18,19

Құрылысы:есту мүшесі – құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқыортаңғы және ішкі құлақ.
1. Сыртқы құлаққа құлақ қалқаны мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ұшы жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.
2. Ортаңғы құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғы құлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы түтік арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адам есінегенде, жұтынғанда түтіктің өзегі жұтқыншаққа ашылады. Жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бір-бірімен буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін қосқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты кілегейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ қуысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ қуысындағы қысым теңестіріледі.
Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы — сүйекті, ал ішкісі — жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар — есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекертақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлудене (иірім)— есту мүшесі. Бұл ұлудененің (иірімнің) қуысы сұйықтыққа толы болады. Дыбыс толқындары ішкі құлаққа өткен сәтте ұлудененің (иірімнің) ішіндегі сұйықтықтың тербелісін тудыра отырып, кірпікшелі жасушаларға (дыбыс рецепторларына) әкеледі. Кірпікшелі жасушалар механикалық тербелістерді жүйке импульстеріне айналдырып, ішкі құлақта орналасқан есту жүйкесі арқылы миға жеткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет