1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме құрметті ата-аналар, қонақтар, ұстаздар! Бүгін таңғажайып күн. Ауа-райы қандай болса да, күн ашық болып көрінеді, өйткені бүгін сабақтың соңғы күні. Биылғы жылдың Қыркүйек айында мектебіміз есейген оқушыларды қарсы алады, бірақ оған келмейтін оқушыларымыз бар, олар, бүгін соңғы қоңырау тек қана оларға арналып соғылатын, бүгінгі он бірінші сынып оқушылары.
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жақын жаз, көңілді демалыс. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен, түлектермен қоштасу мерекесімен, соңғы қоңырау салтанатымен құттықтаймыз!
2 жүргізуші. Алдарында сан тарау жолдары тұр,
Бәрі ертең азамат болғалы тұр.
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне,
Келген қауым, қол соғып, қолдайық бір.
Ұрпағың мақтануға болса лайық,
Біз бүгін мақтанайық, жар салайық.
Биылғы түлектерді ортаға алып,
Құрметпен қол соғып қарсы алайық.
МУЗЫКА.
«Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған салтанатты жиынға шақырылады:
11А сынып – сынып жетекшісі Маратұлы Ануар.
11Б сыныбы – сынып жетекшісі Сахариева Бальзам Мухтаровна.
11В сынып – сынып жетекшісі Темиралова Гүлбақыт Токтарбаевна
11Г сыныбы – сынып жетекшісі Камитова Жадыра Слямбековна
1 жүргізуші. Құрметті түлектер! «Соңғы қоңырау салтанатты жиыны ашық деп жариялансын!
2 жүргізуші. ҚР мемлекеттік туы көтерілсін! Қазақстан республикасы мемлекеттік әнұраны ойналады. (ҚР туы көтеріліп, әнұраны айтылады)
1 жүргізуші. Бүгін, осы салтанатты күні, өткен жылдарға көз жүгірте отырып, түлектер шынайы достарды, алғашқы махаббатты сыйлаған, ең бастысын үйреткен, оларды тәуелсіз еткен қайталанбас күндердің артта қалғанын түсінеді.
2 жүргізуші. Бүгін сіздерді құттықтауға келесі қонақтар келіп отыр:
– мектеп директоры – Газизова Қарлығаш Қабдешқызы
– Жиынымыздың қонағы – қалалық білім бөлімінің басшысының орынбасары ........
–Жиынымыздың қонағы – 11 сыныптар ата-аналары атынан Хамитова Аманғайша әже
– директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары – Ташенов Сейтқали Ақанғалиұлы.
– директордың әдістемелік – инновациялық ісі жөніндегі орынбасары – Ошақбаева Гүлнар Ошақбаевна.
– директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары – Айдана Асхатқызы.
1 жүргізуші. Бүгін мерекеге сіздерді құттықтауға жақында сіздердің орындарыңызды басатын оқушылар келіп тұр. Бұлар біздің тоғызыншы сынып оқушылары. /Шапалақтау/ Тоғызыншы сынып оқушыларының әдемі әнін қабыл алыңыздар. (Ән орындайды.)
2 жүргізуші. Бүгінгі мерекеде мектепте сіздерді өз қамқорлығымен, ыстық ықыласымен әрдайым қоршап, қолдап келген адамдар бар. Бұл сіздердің мұғалімдеріңіз және мектебіміздің барлық қызметкерлері. (Шапалақтау).