Соңғы қоңырау сценариі, 11 сынып, 2023 жыл. 1-жүргізуші


сыныптан бір оқушы: Рустемова Малика



бет2/3
Дата14.06.2023
өлшемі24,14 Kb.
#101304
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Соңғы қоңырау сценариі

11 сыныптан бір оқушы: Рустемова Малика
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толағай табыс тілейміз! Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын! Ұстаздың бақыты – шәкірт құрметі. Біз үшін атқарған еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып дендеріңізге саулық тілейміз!
Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз! (Ұстаздарға гүл шоқтары беріледі.)


1 жүргізуші.
Адамдықтың шегінен аспайтұғын – ұстазым.
Адалдықтың жолына бастайтұғын – ұстазым.
Қылығына шаланың саспайтұғын – ұстазым.
Құпиясын баланың ашпайтұғын – ұстазым.
Қиындықты жеңуден қашпайтұғын – ұстазым.
Әзіл-қалжың айтып та тастайтұғын – ұстазым.

Көңіл-күйін әркімнің көре білген – ұстазым.


Бойында бар білімін бере білген – ұстазым.
Ізгілікті нұрларын төге білген – ұстазым.
Әр жүрекке гүл-сезім еге білген – ұстазым.
Шапағатын балаға себе білген – ұстазым.
Баянына бақыттың сене білген – ұстазым.

Игі ниет арнасы тола берсін, ұстазым!


Жүрегіңіз елім деп соға берсін, ұстазым!
Жадыңызда жақсылық қала берсін, ұстазым!
Ұрпағыңыз ұлылық ала келсін, ұстазым!
Әр уақытта денсаулық бола берсін, ұстазым!
Басыңызға бақ құсы қона берсін, ұстазым!
2 жүргізуші:
Дәстүр бойынша бірінші сөз мектеп директоры Газизова Қарлығаш Қабдешқызына беріледі, (директордың сөзі).


1 жүргізуші:
Сөз жиынымыздың құрметті қонағы 11 сыныптар ата-аналары атынан Хамитова Аманғайша әжеге беріледі.
(қонақтарға сөз).
МУЗЫКА. «Мен мектепке барамын!»
1 жүргізуші:
Осыдан 11 жыл бұрын.
Екі, үш бала портфельмен, мектеп формасымен жүгіріп келе жатады. Біреуі апасымен – Апа мен бүгін мектепке барамын! Алдынан папасы шығады – папа мен бүгін мектепке барамын! Мектептің басқышына шығып қайта жүгіріп түседі де аталардың біріне жүгіріп барады – Ата мен бүгін мектепке бардым! Қуанышпен айтады.


2 жүргізуші.
Сіздерді 11 жыл бұрын мектеп табалдырығын алғаш аттағанда қарсы алған алғашқы ұстаздарыңыз: Гүлмира Қабденовна, Бақыт Жеңісқанқызы. Ортаға шақырамыз!
– Ұстаздарыңыздың бұл қуанышты да бақытты келбеті сіздің оқудағы алғашқы қадамдарыңыз бен жетістіктеріңізді бақылайтын. Олар әрқашан көмекке келуге, қолдау көрсетуге, ынталандыруға дайын болды. Сөз алғашқы ұстаздарыңызға беріледі.
Алғашқы мұғалімдерге сөз. Алғашқы мұғалімдерге гүл сыйлау.


1 жүргізуші.
Содан бері табаны күректей 11 жыл өтіпті.

Жылдар жылжып өте берді тоқтаусыз,


Ал ұл-қыздар ержетіпті байқаусыз.
Азамат ол, жолын тапқан бүгінде.
Ұстазына
Ризашылық сезімменен қаяусыз.

Бүкіл мектептегі 11 жылда мектепте сізбен бірге жеңістеріңізге қуанып, қателіктеріңізге алаңдап ата-аналарыңыз жүрді. /Қол шапалақтау/


Он бірінші сынып оқушыларының ата-аналары атынан ата-аналар комитетінің төрайымына сөз беріледі. 11 «А» оқушысы Алиханның апасы тілегін айтады.
2 жүргізуші.
Мектепте өткен 11 жыл романтикаға, поэзияға, достыққа, қуанышқа, сәттілікке, кей кезде мұңға да толы болды.
Шағын жинақты бастауыш мектептен сендер, бүгінгі түлектер, көптеген сынып бөлмелері және көптеген мұғалімдері бар үлкен мектеп табалдырығын аттадыңдар.
Егер сізді сынып жетекшілеріңіз қарсы алып, қолдау көрсетпесе, осы шулы мектеп теңізінде адасып кетпеуіңіз сізге оңай болар ма еді. Келесі сөз сынып жетекшілерге беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет