Соңы 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Лебіз Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата15.03.2017
өлшемі4,46 Mb.
#9528
  1   2   3   4   5   6   7

Баспасөз — 2016

Алтын көпір 



(Соңы 5-бетте)

(Соңы 3-бетте)

Лебіз


Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

4-бет

2-бет

№73 (2851) 6 шілде 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида», 

«Нормативтік құқықтық актілер 

бюллетені» басылым дарына жазылу 

басталғанын естеріңізге салғымыз келеді. 

Төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!



жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«

НҚАБ

» – 75614

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері, 

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


ПРОКУРАТУРАҒА ТЕК ЛАЙЫҚТЫ 

МАМАНДАР ҒАНА 

ҚЫЗМЕТКЕ АЛЫНАДЫ

ӘСКЕРИ СОТТАР ТЕРГЕУ БАРЫСЫНДА 

ҚҰҚЫҚТЫҢ САҚТАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ 

ЕТУ ҚЫЗМЕТІНЕН СЫРТ ҚАЛҒАН

Сәті түскен сұхбат

«АУЫЛ 


ШАРУАШЫЛЫҒЫН 

КЕШЕНДІ 


ДАМЫТПАЙ,

ІС ОҢБАЙДЫ»



– Жердің бұған дейін де жекеменшік-

ке берілгендігі туралы түйткілді жайттар 

көп қой. Мысалы, кей деректерден жердің 

сатылып немесе сыйланғандығын рас-

тайтын мәліметтерді көруге болады. 

– Иә, дұрыс айтасыз, ондай мәліметтер 

бар. «Жер реформасы туралы» 1991 жылғы 

28 маусымдағы Қазақ КСР заңына сәйкес, 

кеңшар мен ұжымшарлардың жерлері жеке-

шелендіру барысында ауыл тұрғындарына 

жер үлесі ретінде таратылып берілді (жал-

пы алаңы 118 млн гектардан астам жерге 

2,3 млн «жер үлесіне құқық туралы куәлік» 

берілді. Бұл ретте, жер үлесі иелері өз 

үлестерін басқа кісілерге (ҚР азаматта-

рына) сатуға немесе сыйлауға құқықтары 

болды. Өйткені, қолында не қаржысы, 

не техникасы жоқ ауыл тұрғындары өз 

күшімен ауыл шаруашылығымен айна-

лысуы мүмкін емес еді. Сонымен қатар, 

кеңестік орталық жоспарлы саясат пен 

командалық-әкімшілік тұрғыда құрылған 

кеңшар мен ұжымшарлар, тәуелсіздіктің 

алғашқы қиын жылдарында мемлекет тара-

пынан көрсетілетін көмектердің тоқтауына 

байланысты  толық  тоқырауда  болды. 

Сондықтан да, мұндай норманың басты 

мақсаты осы үлестерді біріктіру арқылы 

бұрынғы кеңшар мен ұжымшарлардың 

орнына  жекеменшік  нысандағы  ауыл-

шаруашылық құрылымдарын құру бола-

тын. 


Ғани ҚАЛИЕВ, 

экономика ғылымдарының 

докторы:

Б

асы ашық дүние – Астана тақыр жерден 

тұрғызылған жоқ. Ол – бұрынғы Ақмоламыз. 

Тарихи атауынан кеңес дәуіріндегі тың игеру 

жылдары айырылып, Целиноград аталды. Одақтас 

республикалардың арқасынан қаға отырып астыр-

тын саясатын жүргізген кеңестік билік жайдан-

жай бұлай атаған жоқ. Тарихи атауды өзгертудің 

ар жағында ұлттың тарихи санасын өшіру жатты. 

АСТАНА ЕРКЕЛІКПЕН ҚОШТАСЫП, 

ЕСЕЙЕТІН ЖАСҚА ЖЕТТІ

Орынбор,  Ақмешіт,  Алматы  һәм  Астана.  Бұлар  —  Қазақ  елінің  бас  қалалары. 

Қай-қайсысының да орны бөлек. Алайда, соңғысы өз алдына бір төбе. Өйткені, ол 

—  ұлтымыздың  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  өзі  таңдаған,  салған,  іргетасын  қалаған 

астанасы. Бүгін — сол Астанамыздың мерекесі. Бірден айта кетерлігі, қала күні биыл 

қасиетті  Рамазан  айының  соңын  ала  жеткен  мұсылман  үшін  қастерлі  Ораза  айт 

мейрамымен тұспа-тұс келіп отыр. Әрбір сәйкестіктің астарынан жақсылық іздейтін 

ырымшыл халықпыз ғой. Сондықтан, қала күні мен мұсылман мерекесінің қатар ата-

луын, сөз жоқ, жақсылықтың нышанына балайтынымыз хақ. 

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты еліміз-

де медиация институтын дамыту жөніндегі меморандумға және аталған меморандум-

ды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойды. Қол қою рәсімі Қазақстан 

халқы Ассамблеясы қоғамдық келісім республикалық кеңесінің кеңейтілген отырысы 

шеңберінде болып өтті.

Орыстың «целина» сөзі қазақшалағанда «тың» 

дегенді білдіретінін ескерсек, бір қарағанда соған 

байланысты қойғандай (билік қолында болған соң) 

әрі ол кешірімді көрінуі де мүмкін. Бірақ, Ресейдің 

Ленинград, Сталинград, Калининград секілді 

қалаларының атына ұқсастырып Целиноград деп 

атаудағы мақсат – Қазақстанды одақтас республи-

ка емес, Ресейдің меншікті мекеніндей көрсету 

болғаны шындық. Тәуелсіздік алған соң тарихи 

Ақмола атауы қайта берілді. 

М

еморандумға қол қоюдың негізгі мақ-

са ты қоғамдағы шиеленістің деңгейін 

төмендетуге әсер ететін дауларды сотқа 

дейінгі реттеу, соның ішінде медиация институтын 

дамыту мен оны жан-жақты енгізу бойынша бір-

лескен іс-шараларды іске асыру болып табылады.

Мемлекет басшысы судьялардың VI съезін-

де сот тәртібінде қаралатын даулардың санын 

қысқартудың, оларды шешудің баламалы түрлерін 

енгізудің, татуластыру рәсімдерін және медиация-

ны дамытудың маңыздылығын айтқан болатын. 

Қазіргі уақытта медиация институты қоғам арасын-

да және кәсіби заңгерлер тарапынан қолдау тауып 

келеді. Осы жылдың бес айы бойынша татуластыру 

рәсімдерімен шешілген істер былтырғы жылға 

қарағанда екі есеге жақын өсімді көрсетіп отыр 

(2016 жыл – 9394, 2015 жыл – 5347). Сонымен қа-

тар, дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу 

институтын қолдануды кеңейту үшін облыстық 

және оларға теңестірілген соттар мен әкімдіктер 

және  қоғамдық  ұйымдар  арасында  меморан-

думдарға қол қою жұмыстары жүргізіліп келеді.

Осындай меморандумдарға іс жүзінде барлық 

облыстық соттар мен әкімдіктер қол қойды. Ол 

бойынша дауларды сотқа дейінгі және соттан тыс 

реттеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жандан-

дыру, сәйкесінше медиа-жоспар қабылдау, елді ме-

кендерде медиация кабинеттерін ашу жұмыстарын 

жалғастыру, оның қызметіне доғарыстағы судья-

ларды тарту, кәсіби емес медиаторлардың рөлін 

күшейту, медиаторларды даярлау бойынша семи-

нар-тренингтер өткізу және тағы басқа іс-шаралар 

қарастырылған.



ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Астана 

күнімен құттықтаймын! 

Отаншылдық рухты көтеретін бұл 

мереке  Қазақстанның  әрбір  азама-

ты үшін қоғамдық-саяси маңызға ие. 

Астананың  қалыптасу  тарихы  биыл 

25  жылдық  мерейтойы  аталып  өтіп 

жатқан еліміздің тәуелсіздігімен тіке-

лей байланысты. Қазақстанның жаңа 

елордасының  бастамашысы  –  ел 

Президенті  Н.Назарбаев  Астананың 

образын  қалыптастыруға  терең  мән 

беріп,  оны  тәуелсіз  мемлекетіміздің 

табысты дамуы мен өсіп-өркендеуінің 

символы ретінде ұштастыра білді. 

1997 жылы Жоғарғы Соттың жаңа 

елордамызға алғаш көшкен мемлекеттік 

органдардың қатарында болғандығын 

айрықша атап өткен жөн. Отандық сот 

жүйесі  Астанадағы  мемлекетіміздің 

барлық саяси институттарымен бірге 

қарқынды дамуда. 

Әлемдік қауымдастықты толғанды-

ратын өзекті саяси-экономикалық және 

мәдени мәселелер бойынша маңызды 

халықаралық  кездесулердің:  ЕҚЫҰ, 

ИЫҰ,  ШЫҰ,  ҰҚШҰ  кеңестерінің  және 

т.б. Астанада өтуі ізгі дәстүрге айнал-

ды. 2017 жылы Астананың баламалы 

энергия көздері және «жасыл» техно-

логия саласындағы түрлі жетістіктердің 

орталығына айналып, елордада EXPO-

2017 Халықаралық мамандандырылған 

көрмесі өтуінің символдық мәні бар. 

Мұндай ауқымды жобалар Қазақстанның 

әлемдік деңгейде өзін заманауи қалып-

тасқан  мемлекет  ретінде  танытуына 

және  халықаралық  қатынастардың 

дамуына өзіндік үлесін қосуына мол 

мүмкіндік береді. 

Баршаңызға  бейбіт  өмір,  береке-

бірлік  және  Отанымыз  –  Қазақстан 

Республикасының  игілігі  жолындағы 

еңбектеріңізге жаңа жетістіктер тілеймін! 

Қайрат МӘМИ,

Қазақстан Республикасы 

Жоғарғы Сотының төрағасы 

КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫС 



КЕЛІСІММЕН АЯҚТАЛДЫ

ТУҒАН КҮНІҢМЕН, 



БАС ҚАЛА!

2

№73 (2851) 

6 шілде 2016

zangazet@mail.ru

ҚҰҚЫҚ

Пәрмен


Оң қадам

Талқы


Бас прокурордың айтуынша, прокура-

тура органдарын өз ісіне жауапкершілікпен 

қарайтын және шаруасын жетік білетін 

білікті  мамандармен  қамтамасыз  етуде 

біраз күрделі мәселелер бар. Жыл сайын 

прокуратура саласына 300-дей жас маман 

қабылданады екен. Ал, еліміздің жоғары 

оқу орындарын заңгер мамандығы бойын-

ша жылына 30 мыңдай жас бітіріп шыға-

ды. Олардың 60 пайыздайы прокуратура 

саласында қызмет істеуге ынталы. Яғни, 

бір орынға 60 үміткерден келеді деген сөз. 

Мұндай жағдайда, әрине, солардың ара-

сынан ең үздігін таңдап алуға мүмкіндік 

бар. Бірақ, соған қарамастан, прокуратура 

органдарына келіп жататын жас мамандар-

дың арасында өз жұмысын дұрыс білмейтін-

дер, жаман әдеттерге бейімдері де кездесіп 

жатады. Мәселен, соңғы екі жылдың ішінде 

прокуратура органдарынан 10 жас маман 

қызметінен шығарылған. Олардың арасында 

арақ ішіп көлік апатын жасағандары, пара 

алғандары, тіпті, қылмысқа барғандары 

бар. Осы жайлардың бәрі прокуратураға жас 

мамандарды қабылдау кезінде жол берілетін 

олқылықтардың салдарынан болған жағдай 

екені анық. Соған орай, соңғы екі жылда 

прокуратураға маман қабылдауға мораторий 

жарияланып, қызметке адам алудың жаңа 

тәртібін жасау қолға алынған еді. Сөйтіп, 

Назарбаев университетімен, Deloitte және 

PricewaterhouseCoopers компанияларының 

қолдауымен қызметкерлерді іріктеудің жаңа 

жобасы жасалды.

Еліміздің Бас прокуроры мамандарды 

іріктеудің жаңа тәртібі жөнінде жан-жақты 

әңгімелеп берді. Ендігі уақытта ол екі кезең 

бойынша жүргізіледі. Бұрын жас мамандар-

ды жұмысқа қабылдауға негіз болған төрт 

шарт болашақ маманның шынайы бет-бей-

несін толық ашуға мүмкіндік бермейтін. 

Заңдарды  білу  деңгейін  айқындайтын 

тестілеу мен әңгімелесуден өтіп, қысқаша 

өмірбаянын, еңбек жолын жазып, меди-

циналық тексеруден өткендігі жөніндегі 

анықтаманы берсе, үміткерлер соған қарап 

жұмысқа қабылдана салатын. Ендігі уақыт-

та мамандарды іріктеу күрделендіріліп, 

олардың білімі мен біліктілігі ғана емес, 

қоғамдық көзқарасы, ой-мақсаттары сияқты 

жеке адам ретіндегі мінез-құлқын толыққан-

ды анықтайтын жайлар да қамтылатын 

болады. Мәселен, үміткер 500 жолдық эссе 

жазып беруі тиіс. Ол үшін көркем сөзбен 

өз ойын шебер жеткізе алатын қабілеті бо-

луы тиіс. Сондай-ақ, заң шеңберінде түрлі 

мәселелерді қалай шешуге болатынын 90 

минут ішінде нақты түйіп жазып шығуы 

қажет. Сонымен бірге 100 сұрақтан тұратын 

психологиялық тестілеуден өтеді. Бір сөзбен 

айтқанда, жас маман іріктеу сынақтарынан 

өткен кезде білімі мен біліктілігі, көзқарасы, 

қарым-қабілеті, адамдық қасиеттері сияқты 

бар қырынан толыққанды танылатын бола-

ды. Бұл прокуратура органдарын сапалы да 

білікті мамандармен толықтыруға игі ықпа-

лын тигізбек. 

Еліміздің Бас прокуроры екі жылдан бері 

қолданылып келген қызметке маман алуға 

қойылған мораторийдің тоқтатылатын-

дығын, енді жаңа тәртіп бойынша прокура-

тура органдарына мамандарды іріктеу қолға 

алынатындығын мәлімдеді. 

Онлайн режимде өткен шараны Ақмола 

облысының прокуроры Мұратбек Исадилов 

бас болып, барлық прокуратура қызметкер-

лері және А.Мырзахметов атындағы Көкше-

тау университеті заң бөлімінің студенттері 

тыңдады. Шара соңында аталмыш универ-

ситеттің студенттері облыс прокурорына 

маман іріктеуге байланысты көкейлерінде 

жүрген түрлі сауалдарын қойып, толымды 

жауап алды. 

Қалкөз ЖҮСІП,

«Заң газеті»

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ 

Алматы облыстық соты мен Алматы облысының әкімдігі өзара 

ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Меморандумға 

қол қою салтанатты рәсіміне Алматы облысы Қазақстан халқы Ас-

самблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Тұрсынбай, облыстық партия 

филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Сарыбаев, әкім аппара-

тының өкілдері, облыстық соттың судьялары, аудандық және оларға 

теңестірілген соттардың судьялары, мамандар және БАҚ өкілдері 

қатысты.


Алматы облыстық сотының төрағасы Мейрамбек Таймерденов өз 

кезегінде: «Бітімгершілік рәсімдерді дамыту заңның үстемдігін іске 

асыруға ел үшін аса маңызды басым бағытының бірі болып табылады. 

Өйткені, халықтың араздығын азайтуға көмектеседі және қолайлы 

құқықтық ортаны құруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта облыстың 

37 ауылдық, қалалық әкімдіктерінде медиация кабинеттері ашылып, 

жұмыс істейді. Олар азаматтарға тұрғылықты жерінен шықпай жан-

жалды шешуге және татуласуға қол жеткізу үшін медиаторларға жү-

гінуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті. Алматы облысының әкімі 

Амандық Баталов та бастаманың халық үшін тиімді болатынын айтты.

Меморандумға қол қою дауларды (жанжалдарды) сотқа дейінгі 

және соттан тыс реттеу институттарын белсенді енгізуге, ынтымақтас-

тықты нығайту саласындағы өзара іс-қимылды жан-жақты дамытуға, 

сот ісін жүргізуде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға, 

әділқазылар алқасына кандидаттардың тізімдерін қалыптастыру мәсе-

лелері бойынша өзара іс-қимылды күшейтуге кепіл болмақ.



Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі

Кездесуде Ақмола облыстық со-

тының төрағасы Н.Әбдіқанов және 

«Ақмола облысы бойынша медиация-

ны дамыту орталығы» республикалық 

қоғамдық ұйым өкілдігінің директоры 

А.Әміржанов даулар мен жанжалдар-

ды сотқа дейін және соттан тыс реттеу 

институтын белсенді түрде енгізу 

мен жан-жақты дамыту бойынша қа-

рым-қатынасты нығайту аясындағы 

өзара әріптестік меморандумына қол 

қойды. 

Сот төрағасы кездесуге қатысушы-



ларға әріптестік үшін алғыс білдіріп, 

азаматтар мен заңды тұлғалардың 

құқықтары мен мүдделерін қорғауға 

барлық жағдайды туғызу мақсатында 

жергілікті атқарушы органдар облыс-

тық соттың барлық бастамаларын 

қолдайтынын айтып өтті. 

«Медиация институтын дамыту 

бүгінгі күні бүкіләлемдік экономика-

лық дағдарыс пен елдердегі ұлғайып 

жатқан терроризм кезінде өте өзекті. 

Татуласу рәсімдерінің институты, атап 

айтқанда, медиация құқықтық даулар-

ды реттеу түрінде жалпы мемлекет пен 

облыстың қоғамдық өмірінде үлкен 

мәнге ие», – деді төраға. 

Ақмола облыстық сотында өңі-

рімізде медиацияны дамытуға үлкен 

көңіл бөлініп, көп жұмыс жасалды. 

Медиация институтын дамыту бо-

йынша мобильді топ құрылып, оның 

төрайымы болып Ақмола облыстық 

сотының судьясы Р.Ертаева тағайын-

далды. Медиацияны қолдану жөнінде 

тұрғындар үшін бұқаралық ақпарат 

құралдарында түсіндірме жұмыстары 

жүргізіледі. Жергілікті әкімдіктер-

мен біріге отырып облыстың барлық 

қала және аудандарында медиация 

кабинеттері ашылды. «Әлі де көп 

жұмыс атқару қажет, оны жергілікті 

атқарушы органдармен біріге отырып 

жалғастыратын боламыз», – деді сот 

төрағасы. 

Ақмола облыстық сотының аза-

маттық істер жөніндегі сот алқасының 

төрағасы Е.Жанәділов: «Қазақстан 

Рес публикасының заңнамасында ме-

диацияны қолдану аясы толық жа-

зылған, ол аталған институтты да-

мытуға мүмкіндік туғызады. Өңірде 

медиацияны дамыту үшін халық ара-

сында медиаторлар, адвокаттар, про-

курорлар және құқық қорғау органда-

рының өздері түсіндірме жұмыстарын 

жүргізуі қажет», – дейді. 

Кездесуде  доғарыстағы  судья  

Ғ.Сыздықова «Қоғамдағы жанжал-

дарды реттеуде медиацияның маңыз-

дылығы» тақырыбында сөз сөйледі.  

«Ақмола облысы бойынша медиация-

ны дамыту орталығы» республикалық 

қоғамдық ұйым өкілдігінің директоры 

А.Әміржанов «Қазақстанда медиа-

цияны қолданудың ерекшеліктеріне» 

тоқталып, Қазақстанда медиаторлар-

мен 5 мыңнан астам медиация рәсім-

дері өткізіліп, оған соттар көмек көр-

сеткенін жеткізді. 

– Алайда, ІІД мен ҚАЖК, мемле-

кеттік органдар тарапынан әріптестік 

жоқ, – деді А.Әміржанов. 

Кездесуге  қатысушылар  өзара 

әріптестік жөніндегі меморандумды 

қолдап, оны іске асырудың сұрақтары 

бойынша пікір алмасты. 



Ақмола облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Атырау қалалық сотында азамат Нұртас-

тың қызы Айманға (аты-жөні өзгертілді) 

өзін күтіп-бағу үшін алимент өндіріп алу 

туралы азаматтық ісі қаралды. 

Талап қоюшы арызында жүрегіне ота жа-

салғанын, дәрі-дәрмектерінің бағасы қымбат 

екенін, қазіргі уақытта әйелімен бірге тұраты-

нын, екеуі де зейнеткер екенін, алайда, зейне-

тақысы дәрі-дәрмекке жетпейтінін көрсеткен.  

Сот  отырысында  талап  қоюшының 

ересек қызы және ұлы бар екені, алайда, 

ұлының тұрғылықты жері белгісіз екені, 

қызының әкесіне материалдық көмек көр-

сетпейтіні анықталды.

Сот еңбекке жарамды кәмелетке толған 

балалар көмекке мұқтаж және еңбекке 

жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және 

оларға қамқорлық жасауға міндетті деп 

көрсетілген Қазақстан Республикасы Неке 

(ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы 

кодексінің 145-бабының 1-бөлігін басшы-

лыққа алып, әкесін күтіп-бағу үшін 2016 

жылдың 22 сәуірінен бастап айлық есептік 

көрсеткіш есебінен қызынан алимент өн-

діру жөнінде шешім шығарды.



Атырау облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры 

Жақып Асанов прокуратура органдарына қыз-

метке алудың жаңа тәртібі жөніндегі жобаның 

тұсау кесерін өткізді. Онлайн режимде өткен 

дөңгелек үстел шарасына облыстық және ау-

дандық прокуратура қызметкерлері мен қоғам-

дық ұйымдардың және ақпарат құралдарының 

өкілдері, заң мамандығы бойынша білім алып  

жатқан студенттер қатысты.

Бастама халық үшін тиімді



Әріптестік дамымай,

іс алға баспайды

Қызылорда облысының мемлекеттік 

мұрағатында «Ұлттық мұрағат қоры-

ның құжаттарын сақтау, сараптау, өңдеу, 

есепке алу жұмыстарын жүргізуді ұйым-

дастыру» тақырыбында семинар-кеңес 

өткізілді. Оған Қызылорда облысының 

мемлекеттік мұрағатының директоры 

мен қызметкерлері, сот жүйесіне қарасты 

мекемелердің іс жүргізу және мұрағат ісі 

мамандары қатысты.

Іс-шарада мұрағат директоры Нағима 

Қуанышева мұрағат қорында сақтаудағы 

құжаттардың құрамы мен түрі туралы, 

елге елеулі еңбегі сіңген қоғам қайрат-

керлерінің  жеке тектік құжаттары да 

ұмыт қалмай қамтылуы қажеттігі ту-

ралы айта келе, жалпы, мұрағат ісінің 

маңыздылығына тоқталды. Сонымен 

қатар, Қызылорда облысының мәдениет, 

мұрағаттар және  құжаттама басқарма-

сының сараптау-тексеру комиссиясы-

ның құжат жинақтау уақыты мен жұмыс 

тәртібі туралы мағлұматтар берді.  

Шара барысында Қызылорда қала-

лық сотының бас маманы Л.Бахтиярова 

қатысушыларды Қазақстан Республи-

касы  Жоғарғы  Сотының  жанындағы 

Соттардың қызметін қамтамасыз ету 

департаментінің және Соттар әкімшілері 

республикалық мемлекеттік мекеме-

лерінің қызметінде құжаттарды қалып-

тастыру, іріктеу, есепке алу, уақытша 

сақтау және мемлекеттік мұрағат ме-

кемелеріне тұрақты сақтауға тапсыру 

тәртібі туралы қағидасы және тізбесімен 

таныстырды. Аталған тізбенің тармақта-

рына енгізілген өзгерістер мен толықты-

руларға тоқтала отырып талдау жасап, 

толық  түсінік берді. 

Сотқа қарасты мекемелердің іс жүр-

гізу және мұрағат ісі бойынша жа уапты 

маманы, облыстық мемлекеттік мұра-

ғат қызметкері Г.Рахметова «Салалық 

мұрағаттармен жұмыс ұйымдастыру 

негіздері» тақырыбында  лекция оқып, 

жұмысты ұйымдастыруда туындайтын 

мәселелер бойынша ой-пікір бөлісті. Ал, 

сарапшы Б.Қосжанова «Құжаттардың 

құндылығына сараптама жүргізу» тура-

лы лекция оқып, құжаттарды сараптау-

дың маңыздылығына тоқталды.  

Семинарға қатысушылар мұрағат 

мамандарына сұрақтарын қойып, ор-

тақ ой-пікір алмасты. Іс-шара соңында 

қатысушылар мемлекеттік мұрағаттың 

қор сақтау қоймаларымен, «Электронды 

мұрағат» жұмысымен  танысты. 

Қызылорда облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Алматы қаласы мамандан-

дырылған ауданаралық әкімші-

лік сотының ғимаратында Абы-

лай хан атындағы Халықаралық 

қатынас және әлем тілдері уни-

верситеті студенттерінің қаты-

суымен ашық есік күні өтті.

Шара студенттерге сот ғи-

маратын  таныстырудан  бас-

талды. Бұдан кейін үшінші би-

ліктің  күнделікті  қызметіне 

қы зығушылық танытқан жастар 

сот отырысына қатысып, кеңсе 

жұмысының қыр-сырына қа-

нықты. 


Ашық есік күніне келген 

студенттерді  сот  төрағасы 

Б.Тәжіханов қабылдап, «100 

нақты қадам» Ұлт жоспарын 

жүзеге асыру барысында жүр-

гізіліп жатқан жаңартулармен 

таныстырып, «Заң үстемдігін 

қамтамасыз ету» реформасы 

бойынша қолға алынған шара-

лардан хабардар етті. Сонымен 

қатар, дыбыс-бейнежазба және 

«Сот  төрелігі»  электронды 

ақпараттық жүйесінің маңызы 

да әңгімеге арқау болды.

Іс-шара  барысында  сту-

денттер сұрақтарын қойып, сот 

төрағасы оларға толыққанды 

жауап берді. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет