Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа


Б.ТАЛЯУҰЛЫ, Алматы қаласы бойынша



жүктеу 1.69 Mb.
Pdf просмотр
бет3/7
Дата31.03.2017
өлшемі1.69 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Б.ТАЛЯУҰЛЫ,

Алматы қаласы бойынша 

Соттар әкімшісінің талдау 

және ұйымдастыру 

бөлімінің бас маманы

Әз Тәукенің «Жеті жарғысы» 

секілді  бабаларымыз  тәу 

еткен құқықтық құжаттарды 

парақтап отырсаңыз, онда ел 

ішіндегі егесті, дауды мейлінше 

бейбіт жолмен бітіруге негіз 

қаланғанын  көресіз.  Және 

бұл құжаттардан қазақтың үй 

ішіндегі  олқылықты  сыртқа 

шығармайтын  ұяты,  ары, 

намысы байқалады. Мұның өзі 

ұлттың бір ортаға ұйып, үлкенді 

сыйлап,  кішіге  қамқорлық 

танытатын  ізгі  қасиеттерін 

айшықтайды. Үлкенді сыйлау 

демекші, байырғы бабаларымыз 

үшін би үлкен лауазым иесі ғана 

емес,  халықтың  жанашыры, 

әділдік жаршысы ретінде баға­

ланған. Сол сенімнен болар, 

би  бабаларымыздың  бір  өзі 

соттың да, прокурордың да, 

полицияның  да,  елшілердің 

де  міндетін  қатар  атқарған. 

Осындай  даналардың  арқа­

с ы н д а   ә р   ау ы л   т е н т е г і н 

тыйып,  ұл­қызының  қиыс 

кетуіне жол бермеген. Міне, 

кең­байтақ  қазақ  даласында 

Кеңес өкіметіне дейін бірде­бір 

түрменің болмауының сыры 

осында.  

Дауды  өзара  келісіммен 

бітірудің кеніші саналған Қазақ 

елінде  қазір  медиациямен 

шешілетін істер біз ойлағандай 

көп  емес.  Айталық,  Еуропа 

елдерінде медиация істердің 

40  пайызына,  АҚШ­та  80 

п а й ы з ы н а   қ ол д а н ы л а д ы . 

Ендеше,  медиацияны  100 

пайыз қолданып келген бабалар 

дәстүрін неге жаңғырта алмай 

отырмыз?  Бидің  айтқанын 

тыңдап ымыраға келген бабалар 

дәстүрін бүгінгі ұрпақтың өз 

тәжірибесінде  қолданғысы 

келмейтіні  қалай?  Бұлай 

дейтініміз, елімізде «Медиация 

туралы» заңның қолданысқа 

енгеніне бес жылдан аса уақыт 

өтті.  Қаншама  медиаторлар 

дайындалды, судьялар қауымы 

қаншама насихат жұмыстарын 

жүргізді.  Кейіннен  бұл  заң­

ның  кейбір  олқы  тұстары 

толтырылып,  тараптардың 

татуласуына мүмкіндік беретін 

тетіктер  жаңа  Азаматтық 

процес тік  кодексте  көрініс 

тапты.  Мұнда  татуластыру 

келісімдерін жасаудың жаңа 

тәсілдері  қарастырылған. 

Мәселен, бұған дейін бітімге 

келтіру тек кәсіби және кәсіби 

емес медиаторларға жүктелсе, 

енді қос тарапты судья­медиа­

торлар  мен  қорғаушылар  да 

ымыраға келтіріп, келісімге қол 

жеткізуге құқылы. Қазір жаңа 

бастаманың  тиімді  тұстары 

жан­жақты түсіндірілуде.

Дегенмен,  біздің  қоғам­

да  бір  үлкен  кемшілік  бар. 

Айталық,  азаматтар  медиа­

цияны  түсіндіру  тек  соттың 

міндеті деп біледі. Рас, заң­

мен  соттың  тікелей  жұмыс 

істейтіні  дау  тудырмайды. 

Бірақ, медиациямен мәселенің 

бітуі  біздің  жақындарымыз, 

қызметтестеріміз, қала берді, 

көршіміз үшін керек емес пе? 

Неге біз заңның тиімді тұстарын 

өзіміз  ғана  біліп  қоймай, 

айналамызға  да  насихаттап 

жүрмейміз?  Прокуратура, 

Ішкі істер департаменті мен 

жергілікті әкімдіктер де бұл 

жұмыстан шет қалмаса құба­ 

құп. Аудан әкімдері халықпен 

жүздескенде  жаңа  заңның 

артықшылығын айтып, бітімге 

келудің  пайдасын  жеткізсе, 

медиациямен аяқталатын істер 

көлемі  кәдімгідей  өсер  еді. 

Өйткені, халық дау­дамайды 

сотқа жеткізбей, артық ақша 

мен  уақытты  кетірмей­ақ 

шешуге  болатынын  жақсы 

білмейді. Медиациялық келісім­

нің пайдалы екенінен, мұндай 

келісім жасалған кезде мемле­

кеттік салық алынбай тынынан 

бейхабар. 

уақытын ысырап ететін басы артық дүние. 

Бір қуанарлығы, жаңа қолданысқа енген 

Азаматтық процестік кодекс бес сатылы 

жүйеден бас тартып, істердің үш сатыда 

қаралуына заңдық тұрғыда жол ашты. Қазір 

бұл бастаманың оңды екенін, көпшіліктің 

игілігі үшін енгізілгенін қарапайым халық 

та жақсы түсінді. 

Сондай­ақ, Ұлт жоспарын судьялықтан 

үміткер жандардың талабын ұштайтын, 

ізденісін  жетілдіретін  құжат  десек  те 

қателеспейміз.  Жоспардың  17­қадамы 

судья лауазымына кандидаттарды ірік­

теу  тетік терін  көбейтуді,  біліктілік 

талаптарын қатайтуды көздейді. Судья 

– әділдікті айқындайтын, ақ пен қараны 

таразылайтын,  елдегі  тура  төреліктен 

хабар  беретін  тұлға.  Ендеше,  мұндай 

жоғары лауазымға жету оңай, қолжетімді 

болмауы, оған біліксіз жандардың ілініп 

кетпеуі  тиіс.  Жалпы,  сот  құрылымына 

келіп, сот отырысы хатшысынан бастап, ең 

төменгі баспалдақпен жоғары көтерілген 

жандар судья болудың қаншалықты қиын, 

қаншалықты жауапты, маңызды екенін 

біледі.  Олар  соттың  қара  жұмысына, 

тылдағы тірлігіне белсене араласа жүріп 

қазылықтың  қыр­сырымен  танысады. 

Лауазымының мәнін түсінеді. Осыған орай, 

Ұлт жоспарына «Міндетті түрдегі талап –

сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық 

өтілі» деген тетікті өз басым құптаймын. 

Сот жұмысының қызығы мен қиындығын 

біреудің әңгімесі, танысының айтқаны 

бойынша білген жаннан гөрі осы саланың 

«қара жұмысына» араласқан жандар жетік 

біледі.  Қазылардың  мектебінен  өткен 

мұндай жандарға судья болу да аса үлкен 

қиындық туғызбайды. Сондықтан, судья 

болсам деген арманмен сот саласында тер 

төгіп жүрген жастарға Ұлт жоспары жақсы 

мүмкіндік берді деп айта аламын. 

Жо спардың  20­қадамы  Фемида 

қызмет керлері үнемі айтатын ашықтық, 

қолжетімділік мәселесіне жаңаша қарауға 

жағдай туғызды. Құжатқа сай, «Барлық сот 

процестеріне бейне және дыбыстаспаға жазу 

шараларын міндетті түрде енгізу» көзделген. 

Сот мәжіліс залдарын жарақтандыруға 

қазір барынша маңыз берілуде. Республика 

соттарында мұндай құрылғыларды қолдан­

байтындар кемде­кем. Жаңа бастаманың 

жағымды қыры ұшан­теңіз. Ең алдымен 

істің таспаға жазылуы сот отырысының 

уақытында  басталуына,  тараптардың 

өз  сөзіне  жауапкершілікпен  қарауына, 

тәртіпті  сақтауына  ықпалын  тигізеді. 

Бұдан кейін таспаның жазылуы судьяны 

негізсіз жаладан құтқарады. Яғни, істің 

тұтастай  бейнеқұрылғыға  жазылғанын 

білген тараптар азаматтарды лайықсыз, 

дәлелсіз кінәламайды. Қос тарап та бір­

бірін сыйлауға, көңіл күйдің жетегінде 

кетпеуге  тырысады.  Судьяның  бейне­ 

жазуды  тоқтатуға  немесе  аудиожазу 

материалдарын редакциялауға мүмкіндігі 

болмайтынын  түсінген  тараптардың 

үшінші билікке деген сенімі күшейгенін 

де айта кеткеніміз жөн. 

Қазір әупірімдеп жеткен ман­

сабын  жемсауын  толтыру  үшін 

құрбан ететіндер аз емес. Әсіресе, 

мемлекеттік қызметкерлер арасынан 

жемқорлықпен шатылғандардың жиі 

кездесуі қарапайым азаматтардың 

билікке, құзырлы орындарға деген 

сенімін төмендететінін есімізден 

шығармауымыз керек. 

Мысқалдап  жиналған  бедел­

д і   қ а й т а   қ а л п ы н а   к е л т і р у 

м ү м к і н   е м е с .   А й ы п т ы н ы ң 

орындығына  жайғасқан  кейбір 

лауазымды  адамдардың  ісін 

қарап  отырып  «Алтын  көрсе 

періште жолдан таяды» дегеннің 

мәніне  мысқалдап  дендегендей 

боласың. Шындығында, жоғары 

лауазымды  иеленген  жандарды 

абырой биігінен өз еркімен таюға 

итермелейтін не? Әрине, тойым­

сыздық.  Мұның  басқа  жауабы 

жоқ.  Сыбайлас  жемқорлықпен 

шатылып, ісі сотта қаралғандарды 

қанды қол қылмыскер деуге болмас. 

Әйтсе де жемқорлардың әрекеті 

қаскөйлерден бір мысқал да кем 

емес. Кейде біздің қоғамымызда 

лауазымды адамның жемқорлықпен 

ұсталуын «е, байқамай ішіп­жеп 

қойған ғой, сондай азғантай ақшаға 

бола  сотты  болғанын  қарашы» 

деп пікір айтатындар бар. Тіпті, 

кейбір азаматтар кеше елді аузына 

қаратқан басшының бүгін айыпты 

болуына жанашырлық танытып, 

жаза тағайындағанда оның халыққа 

жасаған қызметін ескеру керек деп 

жатады. Судьялардың қарауына бес 

мың теңге пара алып ұсталғандар 

да,  бес  миллионды  жеп  қойып 

қолға түскендер де келеді. Олардың 

алған парасының көлемі әртүрлі 

болғанымен, қылмысы, ниеті ұқсас. 

Парақор ең алдымен өзінің қалтасын 

толтыруды, мемлекеттің заңын аяқ­ 

асты етуді ойлайды. Біз мәселеге 

осы тұрғысынан үңілуіміз керек. 

Рас, жемқор шенеуніктің біреудің 

өміріне қауіп төндірмегенін, қолын 

қандамағанын  мойындаймыз. 

Алайда, ол ең алдымен мемле кеттік 

қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, 

азаматтардың сенімін жоғалтып 

отырған жоқ па? Отанымыз оған 

халықтың мүддесін қолда, еліңе адал 

қызмет ет деп үлкен міндет жүктеді, 

елдің  тізгінін  ұстатты.  Сөйтіп, 

сенген адам қазына қаржысын жеке 

басына пайдаланып, мемлекеттік 

қызметтің мәнін, маңызын кетірсе, 

оны  сыбайластықтың  ордасына 

айналдырса оның кінәсі аз бола 

ма? Кәнігі қылмыскер бір адамның 

өміріне залалын тигізсе, жемқор 

қаншама азаматтың сеніміне селкеу 

түсіріп,  салауатты  өмір  сүруіне 

кедергі  келтіреді.  Мұны  білмей 

тұрып орынсыз сын айтуға, пікір 

білдіруге болмайды. Сондай­ақ, 

ішіп­жеп  қойғанын  қайтарған 

айыптыларға жаза жеңіл. 

Дегенмен,  кез  келген  азамат 

жазаны жеңілдетуді ойлағаннан гөрі 

ала жіпті аттамауға тырысуы керек. 

Сотты болған туысын «ол байқамай 

қалыпты,  қарауындағылардың 

қаржы жымқырып жүргенін біл­

мепті» деп те ақтап алғысы келіп, 

бұқаралық ақпарат құралдарына 

мұң айтатындарды көзіміз көріп 

жүр. Мұндай еш негізсіз, дәлелсіз 

айтылған қаңқу сөз тергеу орын­

дарының да, соттың да беделіне 

нұқсан келтіреді. Жалпы, мемле­

кеттік  қызметке  жоғары  білімі 

бар, құқықтық сауатты жандардың 

тағайындалатыны ешкімге құпия 

емес. Мемлекеттік қызметке үміткер 

жандардың Қазақстан Респуб ли­

ка сының заңнамалары бойынша 

біліктілік емтиханын тапсыраты­

нын естен шығармайық. Ендеше, 

өзгелерге құқықтық кеңес беріп, 

жол көрсетуге тиіс қызметкердің 

қарауындағылардың  қателігін, 

жымысқы әрекетін білмеуі мүмкін 

бе? Міне, осын дай мәселелерді сөз 

еткенде журналистер қауымы да 

қырағы болса екен деймін. 

Е.БАЙМУЛДИНОВ,

Еңбекшіқазақ аудандық 

сотының судьясы

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

жемқорлардың жазасын жеңілдету 

мақсатында азаматтық қоғамның 

көмегіне  жүгініп,  жанашырлық 

сезімін ояту да ақылға сыймайды. 

Иә, біздің халқымыз кешірімшіл, 

ымыраға көнгіш. «Алдына келсе 

атасының  құнын  кешіп»  тату­

лықты сақтауға, туыстыққа сызат 

түсірмеуге тырысатын елміз. Қазіргі 

заңнамаларда да айыбын мойындап, 



Т

алай жерде шекіскен ерді бітімге келтіріп, 

егескен елді ынтымаққа шақырған Майқы 

би  «Қанағат  қарын  тойғызар,  қанағатсыздық 

жалғыз  атын  сойғызар»  деген  екен.  Дәл  осы 

нақыл  сөз  бүгінде  жемқорлықпен  шатылып, 

абыройынан  айырылған  қызметкерлерге 

қаратып айтылғандай.

№52 (2830) 

18 мамыр 2016

5

zangazet@mail.ru



АЙМАҚ

АЖАРЫ АЙШЫҚТАЛҒАН АЙДАРЛЫ

Елеусіз,  ескерусіз  қалған 

ауылдың экономикасы да, мә-

дениеті  де,  әлеуметтік  тұр-

мысы  да  осы  басшының  тұ-

сында жанданған. Бұған дейін 

шаруашылықты басқарған бас-

шы Әзімбай Байғұтиев Гвардия 

қой совхозына 1977 жылы қы-

ркүйек айында директор болып 

келіпті. Оған дейін директор 

болған алты бірдей басшы да 

Айдарлының ахуалын жақсарта 

алмаған. 

Осы  аралықта  шаруашы­

лықтың экономикасы тұралап, 

мал шаруашылығы мен егін са-

ласының өндірістік көрсеткіші 

жөнінен  аудандағы  ең  төмен 

нәтиже көрсеткен. Әр жүз бас 

саулықтан небары 78­82 қозы, 

100 бас жылқы, сиырдан 65­

67  бұзау­құлын,  әр  бас  қой-

дан 2,4­2,6 кило жүн қырқылса, 

етке өткізілген әр бас ірі қара-

ның тірілей салмағы 230­260 

келі, қой 33­38 келіден аспапты. 

Егін шаруашылығында негізгі 

сала жүгерінің әр гектарынан 

19,0­22,0 центнерден өнім алы-

нып, (орта көрсеткіш 39,0­45,0 

центнер) жалпы ет, жүн және 

жүгері дәнін өндіру мен оны 

мемлекетке сату жоспары сәй-

кесінше небары 70 пайыздан 80 

пайызға дейін ғана орындалып 

келген. Мемлекетке өнім сату 

жоспары мүлде орындалмаған. 

Ілгері басқан қадамы кері кет-

кендіктен,  маман  кадрларды 

ұйыстыра білмегендіктен, шару-

ашылықтың алға басқан қадамы 

кері кеткен. Шаруашылық 1978­

1979 жылдардан бастап біртін-

деп аяғынан тұра бастаған. Оған 

басты себеп, жұмысты ұйым­

дастырудағы  ұтымды  қа дам­

дардың әсері болатын. Мәселен, 

мал шаруашылығында малдың 

азығының мол қорын қалып-

тастыру, егіншілікті жаңа тех-

нологиялық тәсілдерді жүзеге 

асыра отырып алу, еңбекші елді 

ұйымдастырып оған ақы төле-

удің жаңа формаларын енгізу, 

суармалы егістік жер көлемін 

ұлғайту, оның сумен толыққан-

ды қамтамасыз етілуін шешуге 

мүмкіндік жасалды. (Ұзындығы 

13 км болатын Іле өзенінен тар-

тылған су құбыры совхоздың бас 

экономисі Ж.Бижановтың ұсы-

нысымен республикалық Казги-

проводхоз институты мақұлдап 

республикадағы ең үздік және 

қуаттылығы 1м/

3

 секундына су 



соратын ірі жоба) Осылайша 350 

гектар жүгері алқабының көлемі 

1100 гектарға ұлғайған. Одан 

алынған жүгері дәні 17,5 мың 

центнерден екі­үш есеге артқан. 

Жүгері сабағынан дайындалған 

сүрлем 3 есеге ұлғайып, сәй-

кесінше көпжылдық шөп қоры 

да молайып, мал өнімі көлемі­

нің артуына ықпалын тигізіпті. 

Аяғынан қаз тұрып, буыны қатая 

бастаған шаруашылыққа көп-

теген ауылшаруашылық техни-

касы алынып, машина­трактор 

паркі 40 пайызға дейін жаңа-

ланған. Жылына 15­20 тұрғын 

үй тұрақты түрде салынып, 1000 

бас ірі қара және 10 000 бас қой 

бордақылайтын алаң салынып, 

етке өткізілетін малдың орташа 

салмағы 390­400 киллограмға 

жеткен. 


1986 жылы күзге салым ша­

руа шылықты директор Әзім-

бай Байғұтеевтен өткізіп алған 

Нұрсейіт Сауранбаев ауылдың 

сегізінші директоры еді. «Жақ-

сының жақсылығын айт, нұры 

тасысын» демекші, негізгі ша-

руаны салалық бас мамандарды 

іріктеуден бастаған жаңа басшы 

түрлі себептермен сыртқа кетіп 

қалған, қолынан іс келетін ма-

мандарды қайта топтастырып, 

оларға толық еркіндік беріп, 

жұмыс істеулеріне бар жағдай-

ды жасайды. Бастама нәтижесі 

көп  күттірген  жоқ.  Маман-

дығы  агроном  болғандықтан 

жинақталған  тәжірибесінің 

арқасында  егін  саласындағы 

өндіріс көлемінің өнімділігін 

арттырған жаңа басшы көрсет-

кішті 30­дан 35 пайызға дейін 

жеткізген. Егін шаруашылығын 

дамытпай, мал шаруашылығы 

алға баспайтынын білген бас-

шы мал азығының 1,5 жылдық 

қорын жасай отырып, малдың 

барлық түрін көбейткен. Етке 

бордақы алаңы арқылы өткізуге 

қол жеткізіп, ірі қараның орта 

тарихында  болып  көрмеген 

жаңалық еді.

Шаруашылықтың қаржылық 

жағдайының 27 пайыздан 38­

41 пайызға өсуі арқасында өн-

дірістік, әлеуметтік, мәдени және 

білім беру саласына бөлінетін 

қаржы ұлғайып, қамқорлық көр-

сетуге мүмкіндік туған. Жөн-

деу, диагностика цехтарымен 

қатар, жабық та жылытылған 

автотұрақтар іске қосылып, ав-

томашиналар 72 бірліктен 110­

ға,  тракторлар  мен  көтергіш 

механизмдер 100­ден астам бір-

лікке артып, техниканың жақса-

руы 72 пайызға өскен. Жаңадан 

типтік жобада орталық қойма 

ауыр  салмақтағы  жүк  маши-

налар өлшейтін жабық таразы 

қондырғылары,  қыста  жылы 

бірнеше цех салынып, Көктерек 

учаскесінде 20 гектарға алма 

отырғызылып, ол күні бүгінге 

дейін жеміс беруде. 450 гектар 

егістік жерді жел эрозиясынан 

сақтау мақсатында ауылға те-

ректер егіліп, тұрғындарды бас-

панамен қамтамасыз ету үшін 

жылына 25­30 үйге дейін салы-

нып, осылайша үй тапшылығы 

толығымен шешілген болатын. 

Дарбазақұм ауылында шаруа­

шылық есебінен бір орта мек-

теп, бір балабақша салынып, 

ел игілігіне пайдалануға беріл-

се, Айдарлы ауылында да төрт 

сауда  кешені  салынып,  ауыл 

орталығынан жаңадан бір көше 

ашылып, елдің жүріп­тұруына 

жағдай жасалған. 

«Ер есімі ел есінде мәңгі сақ­

талады» демекші, Айдарлыға 

жолыңыз түсіп бара қалсаңыз 

шаруашылықты шашау шығар-

май басқарған Нұрсейіт Сау-

ранбаевтың соңына қалдырған 

қолтаңбасы айқын көрініп тұра-

ды. Ауыл халқы да, бүгінгі жас 

толқын да ол кісінің есімін ай-

рықша құрметпен ауыздарынан 

тастамай айтып отырады. Өзім 

туып өскен Үшарал ауылынан 

мені осы Айдарлыға аттай қалап 

шақырып, өнерімнің өркенде-

уіне осы Нұрсейіт Сауранбаев 

себепкер болған­ды.

Жел өтінде қалған 

ауыл

«Елу  жылда  ел  жаңа,  жүз 

жылда қазан» демекші, ел тә­

уел сіздігін алып, нарықтық жү­

йеге көшкен тұста ірі шаруа­

ш ы л ы қ т а рд ы ң   ш а ң ы р а ғ ы 

шайқалды. «Балапан басымен, 

тұрымтай тұсымен» кетті. Жеке-

шелендіру жүйесі жүзеге асты. 

Міне, осы кезеңнен бастап, шіл-

дің қиындай шашыраған шаруа­

лар мен ауылдағы ағайындар 

«жетім қозының» күйін кешті. 

Ажары сұлу Айдарлының тір-

лігінен мән кетті. Жазық дала-

тірліктің қамымен қалған, әрі 

ата­жұртын қимаған көнекөздер 

болмаса, бала­шағаның ертеңі-

не алаңдаған ауыл жұрты қала 

жағалап үдере көшті. Дәурені 

дәуірлеген ауылда кеңестік ке-

зеңде үшқабатты білім ошағын-

да 750­ге жуық бала оқитын. Ол 

шақ кейін келмеске кетті. Мұнда 

қазір 200 бала дәріс алса, оларға 

34 мұғалім сабақ береді, оның 

3­еуі жас маман. 

Кадр тапшылығын сезініп 

отырған  мектеп  директоры 

Берік ӘЛІШЕРОВ математика 

пәнінің маманы жетіспейтінін 

айтады. 

– Балаларымыздың оқу үл-

герімі жақсы. Жақында ғана 

«Нұрлы жол» республикалық 

байқауына барып келдік. Мек-

тебімізде қосымша үйірмелер 

де бар. Әртүрлі пәннен 6 оқушы 

ғылыми  жобаға  қатысып,  1 

оқушымыз облыс бойынша жүл-

дегер болды. Алдыңғы оқу жылы 

2 бала үздік бітірді. Білім көр-

сеткіші 70 пайыздан 82 пайыз­

ға көтерілді. Екі математик 

мұғаліміміз бар. Оның біреуі 

– зейнеткер. Кадр мәселесімен 

жо ғары оқу орындарына да ба-

рып қайттық. Физиканы бітір-

ген ауыл түлегі мектепке қай-

тып оралды, – дейді директор. 

Ауылға тартылған 

инвестиция

Бердәулет АБДУЛЛАЕВ, 

аудан әкімі

– Осы ауданға әкім болып 

келген жылы Айдарлыға жаң-

быр жауып, ауылды сел басып 

қалды деген хабарды естідім. 

Сөйтсем, Қоңырөлең ауылының 

етегін ала жатқан Көктерек 

баурайында  бір  шөкім  бұлт 

үйірілсе, жаңбырға айналып 

Айдарлыны тасқын басып қала-

ды екен. Байыптап зерттесем, 

бұрынғы канализация көзінің 

бәрі бітелген. Ауылдан трак-

тор табу қиын. Қыс жақындап 

қалған кезең болатын. Ел­жұрт-

ты  жинап  ұйымдастырсам, 

бар­жоғы 149 мың теңге қара-

жат жиналды. Содан орман 

шаруашылығы басшысын шақы-

рып алып, әрбір үйге тегін отын 

түсіресің деп жүктедім. Де-

меуші арқылы 125 тонна көмір 

алып, Айдарлы тұрғындарына 

бөліп бердік. Тасқыннан бүлінген 

7­8 үйге мәслихат арқылы ақша 

бөлгізіп, үйлеріне күрделі жөн-

деу жүргіздік. Құрғақ порттан 

техника жалдап, солдаттарды 

жауып Батыс Еуропа­Батыс 

Қытай автомагистралін салып 

жатқандарға  көшені  жаса-

тып алдық. 1000 гектар жерді 

кәсіпкерге бөліп бердік. Бүгінгі 

таңда ол жерде 30­дан астам 

техника, 1000­ға жуық адам 

Қызанақ өсіретін 

жылыжай 

Аудан әкімі Бердәулет Ешен­

ұлы айтқандай, Айдарлыға шы-

нымен Құдайдың көзі түскен 

сияқты. Құмды өңірдің барын 

бауырына бүгіп жатқан қазына-

сы кәдеге асатын күн де алыс 

емес. Ыстық суымен танымал 

болған бұл өңірге қызығып ке-

летін саяхатшылар көп. Мәсе-

лен, «Керімағаш» шипажайына, 

«Дарбазақұмдағы» 90 граду-

стық қайнаған суға келіп, ден-

саулығын түзетуге ынталылар 

жергілікті бюджет қоржынын 

толтыруға қауқарлы. Бұрын ла-

уазымды қызметтер атқарған 

Темірхан Досмұхамбетов Сар-

пылдақ ауылына қонақ үй мен 

шипажай кешенін салған. 

Сондай­ақ, қызанақ өсіретін 

жылыжайда «Байсерке Агро» 

компаниясы жұмыс жасайды. 

Оған «Дарбазақұм» бөлімше-

сінен 35, Айдарлыдан 15 адам 

жұмысқа тартылған. Оның сыр-

тында, көрші Көктал ауылынан 

да қатынап еңбек ететін жұмыс-

шылар бар. Олардың жалақысы 

60 мың теңге көлемінде. Жылы-

жай  мамыр  айының  аяғында 

жұмысын  тоқтатып,  тазалық 

шаралары жүргізіліп, маусым 

айында қайтадан іске кіріседі. 

Салынған үлкен ғимарат қонақ 

үй әрі сауықтыру кешені осы 

жердегі кәделі жоспардың бәрі 

жүзеге асқанда іске қосылады. 

3000 метр тереңдіктен (сква-

жина) құбыр арқылы 98 градус 

ыстық  су  арқылы  жылыжай 

жылытылады.  Оның  барлық 

құрылымы компьютер арқылы 

басқарылып, ауа райына бай-

ланысты  ашылып,  жабылып 

тұрады. Өнім аптасына екі рет 

жиналады. Жылыжайдың тағы 

біреуі  Сарпылдақ  бөлімше-

сінде орналасқан. Оны қара-

пайым кәсіпкер салған. Олар 

да сол маңайдағы ыстық суды 

пайдалануда. Ал, мұндағы бір 

қызанақ сабағының ұзындығы 

15 метрге дейін жетеді. Тұқым 

Израильдан алынған. Бір жи-

налғанда 90 тоннаға дейін өнім 

алынады екен.

Алдағы кезеңде жоба бой-

ынша осындай тағы үш жылы-

жай салынбақ. Әу баста бұл 

жылыжайдың технологиясы 

түріктерден алынған. Қазіргі 

таңда кореялық технологиямен 

жұмыс істеуде, – дейді аудар-

машы Жәния Жұмаділова.  

Алғашқы жылдары өнім жақ-

сы болмағанымен, кәсіпкерлер 

биылғы жылдан бастап Алма-

ты облысын, Алматы қаласын 

көкөніспен қамтып, көрші Ресей 

мемлекетіне де өнімдерін сатуда. 

Бұл маңайдан болашақта балық 

өндіретін жылыжай да салын-

мақсат – жерді интенсивті баққа 

айналдырып, жоғары сапалы, 

экспортқа бағытталған, бәсе-

кеге қабілетті және экология­

лық жағынан таза өнімді ішкі 

және сыртқы нарыққа шыға-

ру. Тамшылатып суару тәсілін 

«Жаркент фрукт» фирмасынан 

бөлек, ауылдағы 6 шаруашылық 

және ауыл тұрғындары пайда-

лануда. Осы мың гектар бақтың 

170 гектарына өзбек шиесі, 60 

гектарына шабдалы, 32 гекта-

рына қара өрік отырғызылған. 

Өсірілген өнімдерді құстардан 

қорғау мақсатында 730 гектарға 

тор тартылады. Бүгінгі таңда бұл 

бақта 500­ден астам адам жұ-

мыс жасауда. Соның арқасында 

ауылда жұмыссыз отырған бір 

де бір адам жоқ. Бұл жерде көр-

ші Көктал, Үшарал, Әулиеағаш 

ауылдарынан келетін жұмысшы-

лар автобуспен тасымалдануда. 

Келесі жылы жеміс береді деп 

күтіліп отырған алма бақ өнім-

дері Қазақстаннан бөлек ,Қытай 

мемлекетіне де жөнелтілмек. 

Бассейннің өзінде 6000 куб су 

бар. Мамырда шие жиналып, 

маусым, шілдеде қара өрік пен 

шабдалы теріледі. Жеміс­жи-

дектер толық піскен кезде оны 

жинау үшін 2000­2500 жұмыс 

күші тартылатын болады. 


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
2015 -> Jaguar 11 / jaguar 24 Котлы для отопления и горячего водоснабжения
2015 -> Профессия моей мечты
2015 -> Сочинение «Профессия моей мечты»
2015 -> Программа по русскому языку для IX класса составлена на основе
2015 -> БАҒдарламасы астана 2016 2 Жоба Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Мектепке дейінгі балалық шақ»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет