дай ем түрлері көрсетіледі?
– Шипажайдың клиникалық бөлім
шелерінде науқастарды басаяғы 13
түрлі бейін бойынша емдейді. Атап
айтар болсақ, қан айналымы жүйесінің
аурулары, миакард инфарктынан кей-
ін, ми қан айналымының бұзылуынан
кейін, жүрекке, басқа және жұлынға
жасалған операциялардан кейін, әр
түрлі жарақаттардан кейін, буындарға
жасалған операциялар мен тағы басқа
жағдайлардан кейін сауықтырады
және оңалтады. Косметология және
эс тетикалық медицина бөлімшесінде
блерафаропластика, көздің жоғарғы
қабағына қатпар салу, теріні тарту, лиф-
тинг, липосакция, сүт бездерін ұлғайту
және кішірейту, құлақты түзету сияқты
пластикалық операцияларды, сонымен
бірге, косметологиялық емшаралардың
келесі түрлерін: тері жағдайының диаг
ностикасы, массаж, теріні тазалау,
пилинг түрлері, лифтинг, теріні күту,
ап парат липоксациясы, мезотерапия,
электроакустикалық терапия, электро
стимуляциясы бар ультрадыбыс, тер-
мокапсула, гидромассаж капсуласы,
солярий, депиляция, биоревитализация,
контурлық пластика, пирсинг секілді
басқа да көптеген медициналық емдом
шараларын жасайды.
Талғат ТҰҢҒЫШБАЕВ,
«Алматы» шипажайының президенті:
«СЕРВИС САПАСЫ
БАҒАҒА ҚАРАҒАНДА
ӘЛДЕҚАЙДА
МАҢЫЗДЫ»
Жаңа әңгіменің әлқиссасында
шипа жай бірнеше дербес кешеннен
тұратынын айтып өттім. Енді солардың
да қызметіне тоқтала кетсем артықтық
етпес. Өйткені, адам денсаулығын
жақсартуда олардың әрқайсысының
қызметін бірбірінен бөліп қарауға
болмайды. Өзара тығыз байланыс ты.
Мәселен, спорттықсауықтыру кеше
нінің құрылымы қысқы және жазғы
бассейннен, фин және хамам саунала-
рынан, жазғы террассадан, теннистік
корттардан, мини футбол, баскетбол,
волейбол ойнауға арналған әмбебап
алаңдардан, жағажай волейболына
арналған алаңдардан, кардио, күш, микс
секілді үш жаттығу залынан және фит-
нес залынан тұрады.
Қонақүй кешеніне келсек, онда 2
орын дық стандартты нөмірлер, 2 бөл
мелі люкс нөмірлері мен апартамент-
тер (3 және 4 бөлмелі нөмірлер) бар.
Аталмыш қонақүй нөмірлерінің бәрі
жиһазбен, интерактивті және кабельдік
телевизиямен, телефонмен, сейфпен,
минибармен жабдықталған.
Шипажайда адам тәнін емдеумен
қатар жанын сауықтыру да ерекше
ескерілген. Мұнда келген науқастардың
уақыты толық пайдалы әрі нәтижелі
өтуі үшін мәденикөңіл көтеру бағдар
ламасы керекақ. Осы мақсатта санато-
рий аумағында бір мезгілде 400 қонаққа
дейін қызмет көрсетуге мүмкіндігі
жете тін 4 мейрамхана, караоке, бильярд
залдары, 160 орындық жайлы кино театр,
ең соңғы заманауи жаңа құрыл ғылармен
жабдықталған және қазіргі заманғы
талаптарға сай келетін 5 конференц
зал жұмыс істейді. Тіпті, қонақ тардың
көңілкүйін көтеріп, шоубағдарламалар
жүргізетін санаторийдің шоутобы да
бар екенін еске сала кеткен жөн.
– Талғат Қаһарұлы, «нарық та
лабы» дегенді бүгінде жиі айтамыз.
Соған сай һәм бәсекеге қабілетті болу
үшін ең алдымен нені бірінші орынға
қояр едіңіз?
– Шипажайда демалушылар тір-
шілікке керекті күнделікті тұрмыстық
ұсақтүйектерді ойламай, уақытын
жақсы өткізуі үшін мұндағы демалыста-
ры әрі пайдалы, әрі жайлы және қызықты
болуын басты назарда ұстаймыз. Осы
мақсаттағы ұйымдастыру жұмыстарын
санаторийде тәжірибелі басшылар
тобы шешеді. Сондықтан, сауалыңызға
орай айтар болсам, біз әрдайым сервис
пен қызмет көрсету сапасын бірінші
орынға қоямыз. Өйткені, сервис сапасы
бағаға қарағанда әлдеқайда маңызды.
Баға клиентті тартқанымен, бірақ, оны
тұрақты сатып алушы ете алмайды.
Сондықтан, ең алдымен, клиенттің
көңілінен шығу міндет. Сонда ғана
ол бағаға қарамай сатып ала беретін
болады.
– Экономикаға дендеп енген дағ
дарыстың тығырыққа тіремеген
са ласы кемдекем. Сіздер дағдарыс
тудырған қиындықтарды қалай ең
серіп жатырсыздар?
– Иә, бүгінде дағдарыс біздің тұ
рақты сөз тіркесімізге айналып кет-
кен сынды. Экономикадағы азкем
қиындықтардың елге қызмет көрсететін
салаларға салқыны тимей тұрмайды.
Алайда, «Алматы» шипажайының не гіз гі
қаржылық көзі мұнда ем алу ға, демалуға
келетіндердің есебінен болғандықтан,
біз клиенттерді тарту жұ мыстарын үнемі
жүргіземіз. Бү гін гі күні жарнамалау
науқанының ауқымын кеңейтудеміз. Тіп-
ті, ол үшін отандық эстрада жұлдыздары
мен ел әртістерін шақырып жатамыз. Ту-
ристік компаниялармен жұмыс істеудің
де санаторийге клиент тартуда септігі
көп. Экономикалық және содан келіп
туындайтын әлеуметтік қиындықтар
халықтың қалтасын жұқартпай тұр
майды. Сондықтан, түрлі акциялар
өт кі зіп, жеңілдіктер жасауға дейін бара
мыз. Әлеуметтік желілерде де бел сен ді
жұмыс жүргіземіз. Шипажай қыз мет
терін телерадио арналарында жарнама-
лауды да ұмыт қалдырған емеспіз.
– Ал, кадр мәселесі қалай шеші
луде?
– Еліміздегі экономикалық күрделі
жағдайға қарамастан, бізде кадр мәсе
лесі жоқ деуге болады. «Істің тетігін
кадр шешеді» деген бар емес пе? Сон
дық тан, бізде кадр саясатына үлкен
назар аударылады. Соның нәтижесі
болар, бүгінгі таңда «Алматы» сана
то рийінде қазақстандықтардың ден
сау лығын нығайтуға бағытталған мақ
саттары мен міндеттерін жақсы білетін
кәсіпқой, білікті және пікірлес команда
қалыптасты.
– Өзіңіз жетекшілік етіп отырған
сауықтыру орталығына келушілер
негізінен кімдер?
– Санаторийде демалушылардың
негізгі бөлігін Қазақстан Республикасы
орталық мемлекеттік органдарының
мемлекеттік қызметшілері құрайды. Со-
нымен бірге, келемін деген кез келген
адам үшін «Алматы» санаторийінің
есігі әрдайым ашық екенін баса айтқым
келеді.
– Отандастарымыздан бөлек шет
елден демалушылар келе ме?
– Әрине, біздің шипажайдың қыз
метіне жүгінушілер Қазақстанның
шекарасымен шектелмейді. Мысалы,
санаторийімізге Беларусь, Ресей, Из-
раиль, Болгария, Америка Құрама
Штаттары, Біріккен Араб Әмірліктері,
Ұлыбритания секілді өзге де Еуропа
мен Азия мемлекеттерінен қонақтар жиі
ат басын тірейді.
2014 жылы тамызда Бразилия,
Сербия, Норвегия мен АҚШтан су
полосының әлемдік кубогына келген
4 спорт командасы, ал, 2015 жылғы
ақпанда шаңғы қоссайысы бойынша
әлем кубогына келген Швейцария,
Швеция, Норвегия, Италия мен басқа да
шетел спортшылары осы санаторийге
орналастырылды.
– Яғни, бұл «Алматы» шипажайы
медициналық туризм қызметін де
жақсы жолға қойған деген сөз ғой.
Осы ретте, жалпы, Қазақстанның
туризм саласындағы бүгінгі әлеуетіне
қандай баға берер едіңіз?
– Мемлекетіміздің іргесін мықтап,
еліміздің еңсесін көтере түсу үшін
көптеген кешенді, ірі бағдарламалар
қолға алынып жатқанын бәріміз жақ
сы білеміз. Солардың бірі саналатын
«Қазақстан2030» стратегиялық бағ
дарламасында еліміздің келешекте
дамуына айқын бағдар берілгені мәлім.
Осы орайда ел экономикасының өсіп
өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын
бірден бір сала, ол өзіңіз айтып отырған
туризм саласы.
Иә, өкінішке орай, көптеген турис
тік компаниялар мен туристік фирма-
лар Қазақстан азаматтарын демалуға
шетелдерге жіберіп, өзгенің туризмін
дамытуға жұмыс істеп отыр. Қазақ
станның ішкі туризмінің жеткілік-
ті деңгейде дамымауының бір себе-
бін осы төңіректен іздеуге болады.
Елі мізде туризмі дамыған Алматы,
Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Пав-
лодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары
мен Алматы және Астана қалалары
секілді белгілі бір аймақтар бар. Бірақ,
бұл тұтас туризмнің аяққа тұрғанын
білдірмесе керек. Сондықтан, бұл са-
лада атқарылуы тиіс жұмыстар әлі
ұшантеңіз.
– Қазақстандағы көптеген са
уықтыру орталықтарының қызмет
құнын қарапайым тұрғындардың
қалтасы көтере бермейтіні рас. Осы
орайда, сіздерде әлеуметтің әлсіз топ
тарына арналған қандай да бір жоба
қарастырылған ба?
– Денсаулығын жақсарту үшін
біздің санаторийдің қызметіне жүгінуге
мүмкіндігі келе бермейтін адамдар үшін
белгілі бір жағдайлар қарастырылған.
Оған дәлел Денсаулық сақтау министр
лігімен бірге медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемінің шеңберін
де жұмыс істейтініміз. Науқастарды
«Алматы» санаторийіне жоспарлы
жатқызу бірыңғай денсаулық сақтау
жүйесіне сәйкес жүргізіледі, ол бойын-
ша науқастар арнайы бөлімшелерге
тегін жатқызылады.
– Мұндай орындарда ем алуға
қар жылық жағдайы жете бермейтін
дерге жеңілдік жасау немесе көмек
көр сетудің бір түрі, ол қайырым ды
лық шаралары болса керек...
– Оныңыз рас. Біз қайырымдылық
шараларынан да шет қалмаймыз.
Әсіресе, соғыс ардагерлеріне қайырым
дылық әрі құрмет көрсетуді парызымыз
санаймыз. Сол себепті, жыл сайын
«Ал маты» шипажайында 15 Ұлы Отан
соғысының ардагері емделіп, демалады.
Қайырымдылық дегеннен шығады,
біз оны тек өзіміздің шипажайға жат
қызу есебінен ғана жасамаймыз. Сө
зім салмақты шығу үшін айта кете
йін, 2014 жылдың жазында «Аяла»
қайырымдылық қорымен бірге Ба-
лаларды қорғау күніне орай балалар
мерекесі өткізілді. Оған түрлі бала-
лар үйлерінен келген бүлдіршіндер
қатысты. Жыл сайын санаторий қыз
меткерлері ақша жинап, жетімдер
үйлерінің балаларына киімкешек тер
алып беріп тұрады. Әрине, «оң қолың
жасаған жақсылықты сол қолың біл-
месін» деген бар. Сонда да сұра ғы
ңызға орай айтып жатқаным.
– Сауықтыру орталығы деген
де, ойымызға сапалы емдеу қыз
мет терімен қатар, жайлы демалыс,
көтеріңкі көнілкүй түседі. Жалпы,
түрлі мәдени шаралар, кездесулер
ұйымдастырылып тұра ма?
– «Алматы» санаторийі демалушы
қонақтар үшін апта сайын еліміздің
көрнекті тұлғалары мен әртістерінің
қатысуымен шығармашылық кеш
тер мен концерттер өткізіп тұрады.
Солардың ішінде Асанәлі Әшімов,
Бақытжан Әлпейісов, Ескендір Хасан
ғалиев, Сәкен Майғазиев, Толқын За-
бирова, Жеңіс Ысқақова секілді өзге
де бірқатар өнер өкілдері мұндағы
дем алушылармен жүздесіп, тағылымды
әңгімелер айтып, ән сыйлады.
Сонымен бірге, апта сайын санато-
рийімізде демалып жатқан ересектер
мен балалар үшін футбол, волейбол,
жүзу бойынша спорттық жарыстар
өткізіледі. Кітап әуесқойлары үшін
кітапхана жұмыс істейді. Кітапханадан
кітаптар, журналдар, газеттер алып
оқуға болады. Жақында кофехана ашыл-
ды. Апта сайын жастар үшін дискотека
да ұйымдастырылады. Жаттығу залда-
ры да үздіксіз жұмыс істейді. Биылғы
22 наурызда санаторий демалушылары
үшін үлкен концерт өткіздік. Оған
Асанәлі Әшімов, Ескендір Хасанғалиев,
Ермахан Ыбраимов, Роза Рымбаева,
Лұқпан Жолдасов сынды танымал
және біртуар тұлғалар қатысты. Рухани
нәр сыйлайтын, жақындастыратын,
үндестіретін мұндай шаралар алдағы
уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.
Өйткені, «Алматы» санаторийі – халық
санаторийі.
– Сөз соңын өмірлік ұста ны
мыңызбен түйіндесек.
– Қолымнан келгенше адамдарға
көмек көрсету, көмекке зәру жан
дарға қол ұшын созу, менің өмір лік
ұстанымдарым. Өзіндік ұста ным
дарымнан бас тартпау да өмірлік ұс
танымым.
– Әңгімеңізге рақмет.
Сұхбаттасқан
Бекжан ӘШІРБАЕВ,
«Заң газеті»
ұшын беретін болады. Жоғары
және орта арнаулы оқу орында-
рында білім алушыларға түрлі
психологиялық тренингтер өткізіп,
оларды салауатты өмір салтын
ұстануға үй ретеді. Дағдарыс
жағдайында жүрген жастардың
өміріне үңіліп, талдау жасайды.
Психологтар, сондай-ақ, өз-
өзі не қол жұмсауға бейім жас өс-
пі рім дер мен ерте жүкті болған
қыз дарға кеңестерін береді. Өз
өмі рімен қоштасқысы келетін жас-
өспі рімдермен сұхбаттасып, психо-
логиялық тұрғыда көмек көрсетеді.
Себебі, соңғы кезде әрбір бесінші
бала өмірге келетін өңірде бала-
лар арасында осындай жағдайлар
жиілеп кетті. Өткен жылдың өзінде
90 жасөспірім өз-өзін өлтіруге оқта-
лып, олардың тең жартысы жан
тәсілім етті. Ал, жыл басынан бері
осындай әрекетке 33 бала барып,
15-і бақилық болған.
Сонымен қатар, кәмелетке тол-
маған қыздар арасындағы жүк тілік
проблемасының да қоғамды алаң-
датып отырғаны белгілі. Мәсе лен,
биылғы жылдың өзінде он сегізге
толмаған 200-ден аса жасөспірім
қыз жүкті болып қалған. Олардың
кейінгі өмірі қалай өрбиді, қоршаған
ортасы қалай қабылдайды деген
сауалдар кез келген қызды маза-
лайтыны белгілі. Кейбірі мұндай
жағдайда не істерін білмей, өз-өзіне
қол жұмсауға дейін барады. Осын-
дай кезде орталық мамандары
жасөспірім қыздармен кездесулер
өткізіп, дұрыс бағыт-бағдар бере-
ді. Ана болудың маңыздылығын
тү сіндіріп, екінші рет қателікке бой
алдырмауға жол сілтейді.
Ал, психологтардың көмегіне
мұқ таж жастар мен жасөспірімдерді
анықтау үшін орталық мамандары
оқу орындарымен тығыз бай ла-
ныс орнатып, денсаулық сақ тау
басқармасымен бірлесіп жұ мыс
жүргізбек. Есепте тұратын бала-
лар дың ата-анасымен хабарла-
сып, оларды орталыққа шақырмақ
ниетте. Қажет болған жағдайда
мұн дай балаларды өзге тәжірибелі
психологтарға қаратып, ақысын да
төлейміз деп отыр. Ол үшін бюд-
жеттен арнайы қаражат бөлініп
қойыпты.
Орталық басшылығы алдағы
уақытта сымтетік арқылы тегін
ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ
Оңтүстік Қазақстан облыстық
«Жастар ресурстық орталығында»
қиын жағдайға тап болған жас тар
мен жасөспірімдерге психо ло-
гиялық көмек көрсету және дағ-
дарыстың алдын алу қызметі өз
жұмысын бастады.
Айта кетейік, психологиялық
көмек қызметі өңірдің қадағалау
органдарының ұсынысынан ке йін
қолға алынып отыр. Об лыс тық
прокуратураның Үйлестіру ке-
ңе сінде қабылданған шешімге
сәй кес, облыс әкімдігі «Дағ да-
рыс тың алдын алу және психо ло-
гия лық көмек көрсету» бөлімі нің
ашылуына 15 млн теңге бөлді.
Қазір бөлімге іріктеуден өткен
тәжірибелі 5 психолог-кеңесші
тартылып, олар 14 пен 29 жас
аралығындағы дағдарыс жағ-
дайында жүрген жастарға қол
пси хологиялық кеңес беретін «Сall-
орталығы» қызметін іске қоспақ.
Яғни, психолог-кеңесшілер күндіз 9
сағат бойы қажетті кеңестерін беріп
отырады. Әзірге мұндай қызмет
түрі тек Қызылорда облысында
бар екен. Ондағы психологтар
тәу лік бойы хабарласқандардың
қоңырауын қабылдап, сұхбат жүр-
гізеді.
Мамандар осындай шаралар-
ды жүргізу арқылы жастар мен жас-
өспірімдер арасындағы келеңсіз
жағдайлардың, оларға қатысты
жасалатын түрлі сипаттағы қыл-
мыс тардың алдын алуға күш сал-
мақшы.
А.АҚБАЕВА,
Оңтүстік Қазақстан
облыстық прокуратурасының
маманы