тәсілдердің орын алуы – заңды. Бірақ (модернизация,) біздің байқауымызша, түп-түбегейлі емес. «Ауызша баспаның» қолайсыздығынан жеке шумақ-тармақтардың кейде тіпті тұтас мәтіндердің иесінен айрылып, «көшіп» жүруі де – мүмкін құбылыс. Осындай көшпелі тармақтар мен мәтіндер кейбір өлең-толғаулардың авторлығына күмән келтіртіп, оларды ауыз әдебиеті нұсқаларына ұқсастырып, кейде тіпті көшіртіп жібереді.
Қазақ ақын-жыраулары тілінің қайнар көзі мен сөз мүсі- нін жасайтын қалыбы – ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті тілі болғандықтан, кейбір суреттеу құралдары жағынан бұлар ұқсас түседі. Оның үстіне ауыз әдебиетінің эпос сияқты қо- мақты дүниелерін тудырушылар немесе оларды сақтап тара- тушылар, бір жағынан, жыраулар болғандықтан, қазақ сөз өнерінің барша көркемдік қоймасы әрдайым олардың жадын- да сақталып, ауыздарына оралып тұратындығы да – ақын- жыраулар туындылары мен фольклор тілдерін жақындас- тыратын себептердің бірінен табылады.
Айтыстарда, кейбір тұрмыс-салт жырларында, жырау толғауларында орын алатын қолма-қол суырып салмалық (импровизация) тәсілі ақын-жыраулар тілін халық поэзиясы дәстүрімен берік байланыстырады, өйткені импровизация табиғаты табан аузында тауып айтуға дайын штамптарды қол көреді. Бұл да, сөз жоқ, кейбір авторлы айтыстарды, тол- ғауларды, бата-тілектерді фольклор дүниесіне немесе өзге авторларға ұқсаттырып, жақындық туғызады.
Осындай өзгешеліктері мен ұқсастықтарын есептей отырып, қазақтың авторлы әдебиетін «халық ауыз әдебиеті» деп емес, профессионал әдебиет деп, ақын-жырауларды «өлең- шілер» деп емес, профессионал қаламгерлер деп тану қажет. Егер олар тек ауыз әдебиетін жасаушылар және таратушылар ғана болса, онда орыстың сказительдерінің қатарында тұрулары керек, ал мұның шындыққа жанаспайтындығын жоғарыда көрсетілген «Қазақ әдебиеті тарихының» I томы авторларының өздері-ақ мойындауға мәжбүр болып отыр: «Қазақ ақындарының өнерінде (шеберлігінде) профессионализм элементтері, орыс сказительдеріне қарағанда, әлдеқайда анық сезіледі, қазақ ақыны өткен ғасырда (тек қана өткен ғасырда ма екен? – Р.С.) әдебиетке жуық тұрды» дегенді айтады олар. Сөз жоқ, қазақтың ақын-жырауларын мұраттары мен міндеттері жағынан сказительдермен шендестіруге тіпті де болмайды. Сказительдерге ақын-жыраулар емес, жыршылар жуық келсе керек.
Қысқасы, қазақта халық ауыз әдебиетінен өзге, бірақ оған едәуір белгілермен ұқсас келетін профессионал әдебиетте өмір сүріп келді (тіпті бұлар біздің кездерімізге дейін жетіп отыр), оның тілі әдеби тіл санатына кіреді деп табу керек. Бұл тілді, бір жағынан, халық ауыз әдебиеті (фольклор) тілінен, екінші жағынан, жазба әдеби тілден айырып тану үшін, біз бұрынырақ оған «қазақтың (төл) жазба тілі алдындағы әдеби тіл» деген термин ұсынған едік. Әрине, дұрысы– «ауызша әдеби тіл» деген атау болар еді, бірақ бұлайша атаудың бір ыңғайсыздығы – оның «ауыз әдебиеті тілі» деген ұғыммен шатастыру қаупі барлығында, дегенмен осы кітапта қазақ әдеби тілінің бұл типін «ауызша әдеби тіл» деп атап отырмыз. Әдебиетшілер тарапынан да, тіл мамандары жағынан да құбылыстың өзін мойындағанмен, яғни өткен ғасырлардағы қазақ ақын-жыраулар шығармашылығын әдебиет қатарында қарастырғанмен, бұл әдебиетті әркім әртүрлі атап жүрген жайлары бар. Мысалы, Қ.Жұмалиев Абайға дейінгі әдебиетті «қазақтың тарихи әдебиеті» деп, Қ.Өмірәлиев «қазақтың азаматтық поэзиясы» деп, А.Ысқақов пен Е.Жұбанов «жалпыхалықтық әдебиет» деп атап кетеді. Ал осы әдебиеттің тіліне бұл ғалымдардың ешқайсысы арнайы термин ұсынбайды.
Сөйтіп, XIX ғасырдың II жартысынан басталатын қазақтың төл жазба әдеби тіліне дейін оның