Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
« Қатты дене физикасы және бейсызық физика » кафедрасы
СӨЖ №1
«Табиғи ресурстар және табиғатты тиімді пайдалану жолдары (Қазақстан бойынша)»
Орындаған : 6B05306 Физика және Астрономия 1 курс студенттері: Базарбекова Гүлсім, Зайдын Марат, Арзикулов Асадбек, Құдайберген
Айгерім
Тексерген: Химия ғылымдар кандидаты Аққазин Ержан Әсетұлы
Табиғи ресурстар мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі және маңызды құрауышы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет. Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы экономикалық және сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс.