Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті СӨЖ 1 Тақырыбы:Интернеттен қазақ фонетикасына қатысты әдебиеттерді жинап,библиографиясын жазу
Орындаған :Айгерім Ажибай 104 Қазакстанның Ресейге қосылуы қазақ даласында ірі өзгерістерді тудырды. XIX ғасырдың екінші жартысында орыс патшалығы Қазақстанды отарлау саясатын толык іске асыруы үшін казак халкының тұрмыс-тіршілігін, салт- санасын жетік біліп, тілін, дінін жан-жакты зерттеуді колга алды. Осы мақсатпен орыс зерттеушілері казақ даласына көптеген зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Зерттеу нәтижелері жинақтарда, мерзімді баспасөздерде жарияланды. Қазак тілі жөнінде айтылган алғашкы пікірлер мен зерттеулердің дүниеге келуі осы кезеңмен тұстас келді.
Қазак тілінің фонетикасы туралы тұңгыш пікір миссионер Н.И.Ильминский (1822-1891) еңбегінде айтылды. 1860 жылы Қазанда жарык көрген «Материалы к изучению киргзского наречия» деген еңбегі орыс графикасымен жазылган еді. 162-беттік еңбектің 140 беті казакша-орысша сөздіктен тұрады, ал сөздіктің бас жағында автор казақ тіл, оның дыбыстык жэне граматикалык жүйесі жөніндегі пайымдауларын келтірген. Сонымен катар аталған еңбекте араб жазуын орыс жазуымен алмастыру туралы алғашкы пікір айтылған. Н.И.Ильминский казак тіліндің дыбыстык құрамы 8 дауыстылардан жэне 19 дауыссыздар: а (ә), е, ы, і, в, ү, ү, д , п, б, м, у, т, д, н, ж, з, ш, с, р, л, й, қ, г, к, г, ң дыбыстарынан тұратынын жазады. Н.И.Ильминский а жэне ә дыбыстарын бір фонема деп карастырған.
Н.И.Ильминскийдің сөздігі — тұңғыш казакша-орысша сөздік болуымен кұнды жэне автор өзінің еңбегі аркылы осы күнгі орыс графикасына негізделген казак жазуының негізін салды. Оның еңбегінде колданған кейбір қосымша таңбалар (а, б, у, і, \ү,), к, г’, нь) ғана өзгеріске ұшырады.
Қазак лексикографиясының тарихы үшін маңызы бар еңбек — Л.З.Бутаковтың (1812-1878) «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» деп аталатын екі томдық сөздігі. Еңбекте сөздер араб эріптерімен жазылган. Тек екінші томында гана сөздерің орыс тіліндегі транскрипциясы берілген .
А. В. Старчевскийдің «Спутник русского человека в Средней Азии» деген 1878 жылы жарық көрген еңбегі өзбек, казақ, татар, тэжік тілдерінің грамматикасына арналған. Еңбекте казак тілінде 9 дауысты, 17 дауыссыз бар екендігі көрсетілген. Алайда ә, е дауыстылары э, и түрінде таңбаланып, й,у дыбыстары дауыссыз ретінде таңбасы мүлде жок, ал в, һ әріптері ол кездегі дыбыстык бейнесі болмағанмен еңбекке ендірілген. Бұлдүрұқ, бүлүндүр, құйқұлжұган, күлтөлөнгөн, күлұмдө, кұцкұлдө, дауұл сиякты кітаптың сөздігінде енген сөздерде ерін үндестігі жақсы сақталған.
Түркі тілдерін зерттеудің жаңа кезеңі В.В.Радлов (1837-1918) еңбектерінен басталады . Түркі тілінің бір тармағы болып келетін қазак тілін жэне оның салаларын зерттеуде В.В.Радловтың 1882 жылы Лейпциг каласында неміс тілінде жарык көрген «Солтүстік түркі тілдерінің фонетикасы» деп аталатын еңбегінің маңызы ерекше. Мұңда қазақ тілінің дыбыстық жүйесі біршама дұрыс жүйеленген. Түркітанушы еңбегінде казақ тілінің дыбыстык жүйесін 9 дауыстыдан (а, ә, е, о, ө, ы, і, ұ, ү) жэне 20 дауыссыздан тұратынын аныктаған. Дауыстыларды ашық (а, ә, е, о, ө), қысаң (ы, і, ұ, ү), жуан (а, о, ұ, ы), жіңішке (ә, е, ө, ү, і), еріңдік (о, ө, ұ, ү), езулік (а, ә, е, ы) деп жіктейді. Ал дауыссыздарды да іштей қатаң (қ, к, т, п, с, ш), ұяң (г, г, д, б, з, ж), үнді (н, ң, м, р) жэне аралық немесе жарты дауысты (у, й) дыбыстар деп бөлген.
Қазақ тілінің фонетикасы туралы құнды зерттеулер профессор Қ.Жұбановтың атымен байланысты.
Профессор Қ.Жұбанов еңбектерін қазак тілінің дыбыстық жүйесінен бастап, синтаксиске дейінге барлық салаларына арнап, тілдік жүйемізді зерттеу барысында тың тұжырымдар жасаган. Тұжырымдары кисынды, табиғатын дөп басып танытатындай дәлелді болуының сыры — оның зерттеулеріне басты тірек етіп тіл фактілерін алуында. Қ.Жұбанов еңбегінде: «Қазак тілін зерттеу деген сөз — дайын схемаға, белгілі ережелерге сай келетін жаңа мысалдар теріп жазу емес, материалдарды ұқыпты түрде жинап, соларды салыстырып, салгастырып отырып, сол талдаулардан қорытынды шығара білу. Тіл фактілерін сөйлете білу — бұл, тек зерттеушінің кабілеті мен шеберлігіне байланысты» деп жазады
Ғалымдардың осы кезге дейін шешімін тапбай келе жаткан и, у жуан- жіңішкелі түрде колданылатын үу/ұу, ый/ій қосынды мәселесі Қ.Жұбанов зерттеулерінеде 1935 жылгы «Қосар ма, дара ма?» атты зерттеуіне аркау болып, макалады и мен у дара дыбыс десе, ал 1936 жылы окулығында косынды дауыстылар бір дауысты, бір дауыссыз екі дыбыстан кұралган деген шешімге келеді.
Қазақ тілінің фонетикасына байланысты зерттеулер XX гасырдың екінші жартысынан бастап жаңа қарқынмен дамып келеді. Солардың ішінде «Қазіргі қазақ тілі» деген атпен 1954 жылы жарық көрген ғылыми еңбектің орны ерекше.