16 Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігі не арқылы жаттықтырылады



бет1/3
Дата25.12.2022
өлшемі26,5 Kb.
#59570
  1   2   3
Байланысты:
16 17 ӘЛІППЕ


16 Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігі не арқылы жаттықтырылады
Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігін көрсетеді, яғни балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек. Жазу дағдысының бастамасы әріптің әр бөлігін (таяқша, дөңгелек, қосу сызықтары) сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады.Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.Алайда мұғалім тиімді жаттығулар ұйымдастырса, көп ұзамай, бірте-бірте бастапқы қозғалыстарын жинақтап, азайта түседі. Ал, кейін әріп бөліктерін аса күш салмай-ақ қосып жаза алатын болады. Жаттығулардың нәтижесінде жазу қимылдары автоматталып, әуелі әріптерді, одан соң тұтас сөздерді де кідіріссіз жаза алады.Дей тұрғанымен балалар жазуға лезде дағдыланады деудің жөні жоқ. Себебі олардың кейбіреулері бір, тіпті екі жылға дейін жазу дағдысын толық меңгеріп кете алмайды. Мұндай балалармен жеке жұмыс ұйымдастырылады.Жазу қимылдары автоматталғаннан кейін жаңа міндет – сауатты жазуға (немесе орфографияға) үйрену міндеті туады.



17 Қазақ тілі орфографиясының негізгі принципі

Орфография жазудың бүкіл жағдайларын тәртіптейді. Оған тілдің ережелері (әріп таңбаларын қолдану тәртібі, әріпті таңдау, бірге және бөлек жазу т.б.с.с.) оны дұрыс қолдану жатады.Оқушы ереже бойынша саналы түрде, түсіне отырып жазу арқылы алған білімдерін бірте-бірте дағдыға айналдыра түседі.Бір орфографиялық амал автоматталғаннан кейін екіншісі үйретіледі. Осылайша орфографиялық құбылыстар саналы түрде меңгеріле бастайды.Қазақ тілі орфографиясының негізгі қағидасы – морфологиялық қағида, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында да (бас-шы, башшы емес), сөз шекарасында да (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады.


Тілімізде орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс - әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар (Ленинград, клуб, педогог т.б.). Бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда қатаң дыбыстарға айналады, яғни д, г, б, дыбыстары қатаңдап т, к, п дыбыстарына айналып айтылады. Мұндай сөздерге қосымша қатаң дыбыстан басталып жалғанады: педогогке, клубтан т.с.с. Бұлар грамматика ережелеріне сүйеніп үйретіледі.
Қазақ тілінде фонетикалық қағидаға сүйеніп, естілуінше жазылатын сөздер көп-ақ: қалам, кітап т.б. Кейде көнерген біріккен сөздер дәстүрлі қағидамен, естілуінше жазылады: қыстыгүні, ашудас т.б.
Қысқасы, жазуға үйрету әдістемесі тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді.


46.Оқу міндетіне (суреттеу, баяндау, пікір айту) сәйкес монологтік (ауызша) сөйлеуді меңгеру.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет