Құқықтық тәрбиенің қызметі өзінің қоғамдық парызын түсінетін, заңды ерікті түрде орындаушы, құқық пен заңдылықты қорғау саласында қоғамға көмектесетін және заң нормаларын бұзбайтын саналы азаматты қалыптастыру.
Негізгі бөлім
Құқықтық тәрбие беруде бастапқыда отбасының және мектептің, ортаның атқаратын қызметі мен ықпалы зор болып табылады. Соның ішіндегі мектептегі педагог мамандардың баланың бойына қоғамдық сананы қалыптастырудағы жұмысы мен әдістемелерінің маңызы үлкен болып саналады. Осы мектептегі құқықтық білім беру тарих, қоғамтану, әдебиет, шет тілі, география, биология пәндерін оқыту арқылы жүргізіледі. Жалпы осы құқықтық тәрбиені іске асыру, оны орындау төрт бөлімнен тұрады:
1. Қоғамдық құқықтық сана;
2. Құқықтық норма жүйесі;
3. Құқықтық тәрбие жұмысының нысаны мен әдіс-тәсілдері;
4. Тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана-сезімі.
Алғашқы құқықтық білім беру талаптары:
Мектепте 1-ші сыныптан бастап мектеп бітіргенге дейін жүргізіледі;
Өзін-өзі басқару жүйесі ұйымдастырылады;
Психологиялық-педагогикалық және құқықтық көмек көрсетіп, қолдау жасау
Мектепте оқушыларға құқықтық тәрбие беру және оны ұйымдастыру жас ерекшеліктеріне қарай үш кезеңге бөліп қарастыралады:
I кезең — 1-4-сыныптар;
II кезең — 5-9-сыныптар;
III кезең 10-11 сыныптар.
Құқықтық тәрбие берудің мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты психологиялық дамуларын ескере отырып анықталады.
Бірінші кезең. Құқықтық тәрбие жұмысының барысында 1-4 сынып оқушылары, біріншіден, Қазақстан Республикасының Конституциясы, елiмiздiң ең маңызды заңдары мектептегі, үйдегі, түздегi еңбек және мiнез-құлық ережелерi туралы бастапқы түсінік алулары керек, екіншіден, калада, поселкада, ауылдарда және тәртiптi қорғайтын мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардын қызметi туралы жалпы түсінік алулары керек. Осы мақсатқа жету үшін оқушылармен жүйелі түрде құқық мәселелеріне арналған әңгіме өткізу мұғалімдердің міндеті. Бастауыш сынып оқушыларымен құқықтық тәрбие жұмысын жүргізгенде «ар», «ұят», «намыс», «ұждан», «адалдық», «жақсылық» т.с.с моралдық ұғымдарды жете түсіндірген орынды. Осыдан түсініктер балалардың санасына қонса, олар заң туралы мәселелерді де оңай ұғып, ойға тоқи алады.Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық санасын қалыптастыруда оларды еңбекке баулудыңда мәні зор. Сондықтан оқушыларды бір жүйеде ойластырылып құрылған еңбекке баулып, қоғамдық жұмысқа қатыстыру қажет.
Екінші кезең.5-7 сынып оқушыларына құқықтық тәрбие беру жұмысын жоспарлағанда олардыңбiлiмiнтолықтыруүшiнқоғам, еңбек ұжымы жеке адам өмірінде құқықтық нормалардың атқаратын рөлі туралы деректерді молырақ беру, ең манызды құқықтық құжаттармен таныстыру мәселелерін қамтуқажет. Оқушылар арасында жасы толмағандардыңiсi туралы инспекторлар жүйелі түрде әңгіме жүргізіп, аудандағы заңдылықтың хал жайымен таныстыра, балалардың сана-сезiмiне, мiнез-құлқына үлкен әсер етуі сөзсіз. 14-15 жасында құқықтық тәрбие беру тез, жылдам түрде жүргізілуі қажет.
Үшінші кезең. Жоғары сынып оқушылары құқықтық тәрбие беру арқылы мына ақпараттарды меңгеру қажет.
1.Қазақстан мемлекетінің заңдары сан-алуан күрделi қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, реттейтін кұрал екенін түсіну.
2. Өзі таңдап алған әлеуметтік өмiр саласын реттейтiн заңдардың негiзiнбiлуі шарт.
3. Соңғы сынып оқушылары мемлекет, қоғам iсiн басқаруға дағдылануы, үйренуi қажет.Мұндай дағдыны бойға сіңіру, әдетке айналдыру үшін әрбір оқушы мектептегі, мектептен тыс оқу тәрбие жұмысына белсенділікпен қатысуы маңызды.
Құқықтық білім, құқықтық тәрбие мәселелеріне қатысты мектепте ұйымдастырылатын іс-шаралар:
Балалар құқығын қорғау Конвенциясымен таныстыру,
«Менің құқығым және міндеттерім» дөңгелек үстел;
«Мен – азамат» саяси марафон;
«Ата заңды ардақтайық»;
«Дебат» үйірмесі,
«Сенім телефоны»,
«Жасөспірім және заң» клубы;
«Балалаларға қысым көрсетуге жол жоқ!»,
«Жоқ болмайды, көнбеймін»,
Бүкіл әлемдік бала құқығын қорғау күнін міндетті түрде атап өту.
Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналармен жүргізілетін лекторийлер, патрульдік рейдтер және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |