СөЖ 1 Тақырыбы: «Құқықтық тәрбие әдістемесі» Дайындаған



бет1/4
Дата16.02.2022
өлшемі26,39 Kb.
#25657
  1   2   3   4
Байланысты:
Әлқуат Ұ, Дүйсенбек А. Тәрбие СӨЖ1


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ



СӨЖ

1 Тақырыбы: «Құқықтық тәрбие әдістемесі»

Дайындаған: Алаш Жұлдыз

Тобы: 203 ДЕФ

Қабылдаған:Сабденова Б. А.

Алматы 2022ж.


Жоспар

  1. Кіріспе

Құқықтық тәрбиенің мәні мен анықтамасы

  1. Негізгі бөлім

Құқықтық тәрбие беру.

  1. Қорытынды

  2. Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Қазақстан тәуелсіздікке ие болғаннан кейін егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тікелей тірек болатын барша құқықтық негізді қайта құру қажеттігі туды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-

бабында біздің Республика өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деп бекітілген. Өркениет пен мәдениеттің маңызды құбылысы ретінде құқық мемлекеттің жағымсыз іс-әрекеттеріне заңды түрде тосқауыл қоя отырып, адамның табиғи тарихи еркіндігі мен бостандығының жанашыры, гаранты рөлін атқарып отырады. Сөйтіп, адамға оның жан- жақты еркін дамуына, қысылмай ыңғайлы өмір сүруіне кепіл болады. Осы тұрғыдан алғанда, құқық - қоғамдағы ең негізгі және маңызды қатынастарды реттейтін, қоғамға пайдалы әрі қажетті қатынастардың дамуына жол ашып, қорғап, қоғамға зиянды қатынастарды шектеп, тыйымсалатын құрал ретінде адамдардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарының қоғамдық мүддеге, белгіленген тәртіпке, қабылданған заңдарға сай келуін талап етеді. Сондықтан қоғамның дамуы әрбір адамның өз құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыра алатын мүмкіндіктерінің болуы арқылы көрініс табатын болса, ол мектеп қабырғасынан бастап қалыптасқан құқықтық тәрбиеге тікелей байланысты. Қазіргі мәліметтерге сүйенсек, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында (0-18 жас аралығында) 5 млн.жуық бала өмір сүреді, оның 508 мыңы мектеп жасына дейінгі, ал 3 млн. жуығы. мектеп жасындағы балалар. Тұлғаға құқықтық тәрбие беруде олардың құқықтық сана сезімін бірінші кезекте қалыптасудың маңызы зор дедік. Себебі, құқықтық сана - қоғамдық санның ерекше түрі. Сондықтан, құқықтық тәрбие беруде оқушылардың санасын тәрбиелеу, жауапкершілік сезімін көтеру, ұйымшылдық пен тәртіліптікті нығайту - мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі бір бағыты. Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-

сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін, Қазақстан Республикасының Ата Заңының "Адам және азамат" деп аталған II бөліміне енгізілген тәуелсіз еліміздің азаматтарының құқықтары

мен міндеттері жайында баяндалған 1- бапта "Менің Отаным – Қазақстан

Републикасы. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандығы" деген жолдардан бастап, 1995 жылы 30- тамызда Бүкілхалықтық референдумда қабылданып, 1995 жылы 5 қыркүйектен күшіне енген Ата-Заңның – Конституцияның мазмұнымен әрі ондағы құқықтық ұғымдарды таныстырудан, түсіндіруден бастаған жөн. Себебі, құқық әрбір адамның туғаннан, өлгенге дейін қоғамдағы жүріс - тұрысын, мінез - құлқын, адамдармен, жалпы тіршлік ету ортасымен қарым - қатынасын реттейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет