1.Техникалық реттеу жүйесінің құрылымы Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестікті растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы - аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты.
Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымын:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкiлетті орган;
3) өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдар;
3-1) аккредиттеу жөніндегі орган;
4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер;
5) Саудадағы техникалық кедергiлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы;
6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;
7) сәйкестiктi растау жөніндегі органдар, зертханалар;
8) сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Кеден одағы тауарының немесе шетел тауарының мәртебесін айқындау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар;
9) Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай мемлекеттiк қоры .
Қазақстан Республикасы Үкіметінің техникалық реттеу саласындағы құзыретіне мыналар жатады:
техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу;
мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құру;
техникалық реттеу саласында құқықтық реформаны қамтамасыз ету;
мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамыту бағдарламасын бекіту;
қорғану технологияларын қолдану ережелерін және міндетті қорғалуға жататын құжаттар мен объектілер тізбесін бекіту;
техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерінің депозитариін құру және жүргізу ережелерін бекіту;
өнімнің, көрсетілетін қызметің, процесстердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесі үшін консультациялық – қеңесші органдар құру;
техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді өз құзыреті шегінде қабылдау, оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу, олардың күшін жою;
сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды акредиттеу тәртібін белгілеу;
ҚР Конституциясында, заңдарында және ҚР Президентінің актілерінде жүктелген өзге де функцияларды атқару.