СөЖ №1 Тақырыбы: Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесі құрылымы



бет1/5
Дата14.03.2023
өлшемі34,62 Kb.
#74212
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Реферат срсп сертификат 1 (1) (копия)


АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ТАҒАМ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ФАКУЛЬТЕТІ
ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ САПАСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІНІ КАФЕДРАСЫ
СӨЖ №1


Тақырыбы: Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесі құрылымы






Орындаған: Сағынбек Жанерке
Тобы:ССиМ 21-15


Тексерген: Серікбаева А.Н


Алматы, 2023


МАЗМҰНЫ






КІРІСПЕ..................................................................................................

4

1

Негізгі бөлім..........................................................................................

5

2

Техникалық реттеу жүйесінің құрылымы...........................................

5

3

Техникалық реттеу................................................................................

6

4

Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі.............................................

7

5

Қорытынды............................................................................................

8

6

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................

9



ГЛОССАРИЙ



  1. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі – техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар;

  2. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізілімі – техникалық регламенттерді және нормативтік техникалық құжаттарды, сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын, сәйкестiктi растау, аккредиттеу, тауардың шығарылған елін, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды және сәйкестікті растау саласында берілген құжаттарды есепке алу құжаты;

  3. Бүкілдүниежүзілік Сауда Ұйымы – әлемде ең ірі глобальды ұйымдардың бірі. Бұл ұйым тәуелсіз мемлекеттерге көп мүмкіндіктер береді. Тәуелсіз мемлекеттер нарығының негізгі компоненті, халықаралық сауда жүйесіндегі интеграцияны дамыту. Бұл елдерге, өздерінің даму стратегияларын құру мен көптеген құқықтар беріледі;

  4. Саудадағы техникалық – кедергілер, санитариялық және фитосанитариялық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы.

  5. Техникалық регламент – нормативті-құқықтық акт болып саналады. Мұнда адам өмірі мен денсаулығы үшін өнімнің, процестің және қызметтің қауіпсіздігіне мемлекеттің міндетті талаптары көрсетілген. Техникалық регламент – бұл орындалуға міндетті ережеден тұратын құжат.


КІРІСПЕ

Техникалық реттеу – санитарлық және фитосанитарлық шараларды қоспағанда, сәйкестiктi растау, аккредиттеу және белгiленген талаптардың сақталуын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi қызметтi қоса алғанда, өнiмге, көрсетiлетiн қызметке, процестерге қойылатын мiндеттi және ерiктi талаптарды анықтауға, белгiлеуге, қолдануға және орындауға байланысты қатынастарды құқықтық және нормативтiк реттеу.


Қазақстан Республикасының Техникалық реттеу туралы заңы 2004 жылдың 9 қарашасында қабылданған. Осы Заң Қазақстан Республикасында өнiмнiң,көрсетiлетiн қызметтердiң және процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесiнiң құқықтық негiздерiн белгiлейді.
Техникалық реттеу туралы заңы 8 тарау 47 баптан тұрады.
Тараулары:
1.Жалпы ережелер– бұл тарау 16 баптан құралған;
2.Техникалық регламенттер – тарау 3баптан құралған(17-18-. 19баптар);
3.Стандарттау. Жалпы ережелер – тарау 8 баптын қосындысы(20-21,1-21,2-22-23-24-25-25,1 баптар) болып табылады;
4.Сәйкестікті растау – тарау 12 баптын(26-27-27,1-27,2-28-29-30-31-32-33-34баптардын) қосындысы;
5.Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және зертханаларды аккредиттеу –тарау 2 баптан(35-36 баптардан) тұрады
6.Техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуын мемлекеттік бақылау мен қадағалау – тарау 7 баптан (37-38-39-40-41-42-43баптардан)құралған;
7.Мемлекеттік органдардың, олардың лауазымды адамдарының, жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасын сақтамағаны үшін жауаптылығы – тарау 2 баптан(44-45)тұрады;
Қорытынды және өтпелі ережелер – тарау 2 баптан(46-47 баптардан) тұрады.Заңға бірнеше рет, яғни 2008,2012, 2014 жылдары өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңы сәйкестікті міндетті растаудың екі түрін қарастырады: декларациялау және міндетті сертификаттау. Нақтылы өнім түрінің сәйкестігін міндетті растаудың түрі мен сызбасы техникалық регламентте толық белгіленеді, ал ондағы сызбалар құрамы өнімнің ерекшелігін ескере отырып істі атқару мерзімін қысқартуды және өтініш берушінің шығынын азайтуды қамтамасыз етуге бағытталған.Мемлекеттік бақылау мен қадағалау стандарттау саласында сәйкестікті растауда, өнім сапасы мен қауіпсіздігінде, қызмет көрсетуде міндетті талаптардың орындалмауына жол бермеу, себептерін табу және жою мақсаттарында жүргізіледі. Бақылау мен қадағалау объектілері ретінде өнім, процестер, сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен зертханалар болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет