СөЖ №1 Тақырып: «Қазіргі білім беру технологиясы»


Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық қабілеттерін арттыру



бет3/5
Дата18.12.2022
өлшемі43,35 Kb.
#57964
1   2   3   4   5
Байланысты:
СӨЖ №1 (2 апта)

2.2 Бастауыш сыныптарда деңгейлік саралау оқыту технологиясы арқылы оқушылардың өздігінен жұмыс жасау дағдылары мен танымдық қабілеттерін арттыру
Соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп практикасына енгізілуде. Сондай технологияларының бірі –деңгейлік саралау оқыту педагогикалық технологиясы. Біздің елімізде осы технологияның негізін қалаушылары Кобдикова Ж.У., Қараев Ж.А. болып отыр. Өз басым сабақтың тиімділігін арттыру мақсатында оқушы қызметін белсендету негізінде деңгейлік саралау технологиясын сабақ үстінде кеңінен қолданамын.Өйткені, оқыту практикасында деңгейлеп оқыту технологиясын енгізуге оқу ақпараттары көлемінің ұлғаюы, оқушыларға түсетін «салмақтың» артуы басты себеп болды.
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әр түрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейіне оқу материалын меңгеруін қамтамасыз етеуі.
Бастапқы ғылыми идеялар:
1. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуға жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2. Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3. Деңгейлеп саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің құзықушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.
4. Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген деңгейлеп оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
-Жеке тұлға ерекшеліктеріне;
-Психикалық даму ерекшеліктеріне /есте сақтау қабілетінің ерекшелігіне, ойлану қабілеті, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне/;
-Пән бойынша білімді игеру деңгейіне /оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек/.
Оқушы мен мұғалім іс- әрекетінің жүйесі
Кезеңдер
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс -әрекеті
Дайындық
Оқушылардың оқу материалын базалық, бағдарламалық, күрделенген деңгейлер бойынша меңгеруін анықтау
Диагностикалық
Білімді меңгеру деңгейін анықтайтын тапсырмаларды дайындау. Оқушылардың білімді меңгеру деңгейін диагностикалау. Оқушылардан с ауалнама алу, сынып жетекшілерімен, оқушылар және олардың ата- аналарымен әңгімелесу
Диагностика нәтижелерімен өз қызығушылықтары негізгі пәнді оқу деңгейі таңдалады. Оқушы өзіндік таңдау жасайды.
Оқушыларды топтарға бөлу. Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру: әр топ үшін оқу мазмұнын анықтау. Әр деңгейде оқытуға қойылатын нақты талаптарды дайындау. Дайындалған талаптарды оқушыларға ұсыну.
Белгілі топты оқушының таңдауы. Топтағы оқыту талаптарының жобасын талқылауға қатысу.
Деңгейлеп оқытуды жүзеге асыру кезеңі
Оқушылардың топтардағы жұмысын ұйымдастыру.
Тыңдалған топта өзінің оқу іс-әрекетін ұйымдастыруы
Деңгейлеп оқыту жағдайында білімді меңгерту нәтижелерін бағалау кезеңі
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау /кері байланыстың дұрыс орнауы, жүзеге асуы/
Жеткен нәтижелер бойынша өзара бағалауды және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру
Әр сыныпта оқу озаттары мен үлгермеушілер пайда болу себебі- балалардың даму деңгейінің бірыңғай болмауы, жеке қабілеттеріндегі айырмашылықтар және т.б. болып отыр. Сол себептерден өзім сабақ үстінде деңгейлеп саралап оқытуды жиі пайдаланып отырамын. Осының нәтижесінде әр оқушы сабақ кезінде жаңа білім қосып қана қоймайды, соны өзі игеріп, талап, пікір таластыру деңгейіне жетуге тырысады, даму үстінде болуды қалайды.
Бүгінгі педагогика оқушының оқу барысындағы субъект ретінде қабылдайды. Ж.А. Қараев технологиясындағы оқу үрдісінде:
-Оқушыға сенімділік білдіру;
-Пәнге қызығушылығын арттыру;
-Оқушы өз біліміне сенеді, оны әрі дамытады;
-Өзіндік шығармашылық деңгейге көтерілуі, мақсат етіп көздеген.
Профессор Қараев Ж.А. технологиясының тиімділігі: жаңа тықырыпты балалар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгеруі тиіс. Сондықтан мұндай сабақтарда оқушылардың ынтасын, белсенділігін арттыру үшін оларға проблемалық сұрақтар қойып отырамын. Мысалы: қазақ тілі орыс сыныптарында, 3 сынып, «Асханада» атты лексикалық тақырыбында, «Қандай? сұрақтарына жауап беретін сөздер» атты грамматикалық тақырыпты өту барысында, оқушыларға төмендегі сызбаны көрсете отырып, «Осы сөздер нені білдіреді?» деген сұрақ қойып, сабақ үстінде оқушылар оған жауап іздейді.
Кең - просторный (-ая)
Жарық – светлый (-ая)
Дәмді – вкусный (-ая)
Ақ – белый (-ая)
Үлкен – большой (-ая)
Тақырып бойынша жасақталған деңгейлік тапсырмалар жүйесі дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
1 деңгейлік тапсырмалар.
1.Жаң сөздерді есіңе сақта.
2.Осы сөздерді қатыстырып 2-3 сөз тіркестерін құра.
2 деңгейлік тапсырмалар.
1.Жаңа сөздерге сұрақ қойындар?
2.Сурет бойынша 2-3 сөйлем құрастыр.
3 деңгейлік тапсырмалар.
1.Тізімдегі сөздерден ұқсас сөздерді теріп жаз.
Ашық, қара, бала, оқушы, биік, жатыр...
2.Екі сөзді салыстырып, кестенің екінші жағын толтыр:
«Кім? Не?» сұрағына жауап беретін сөздер
«Қандай?» сұрағына жауап беретін сөздер
Асхана
Үлкен
Не? сұрағына жауап береді

Заттың атын білдіреді


Деңгейлік саралау оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытумен қатар, оларға өз білімін жаңа әдіспен бағалауға мүмкіндік береді.
Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін ғана келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдайын тұғызады және әр оқушының мемлекеттік стандартқа сай білім алуына кепілдік береді, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкесті жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.
Аталған жаңа бағалау әдісі әр оқушының дамуын қадағалайтын педагогикалық мониторинг құруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда әр бала әр тақырып бойынша бағаланады және ұстазға, сабақтан тыс уақытта оқушымен жұмыс істеу үшін, үлгерімі төмен оқушыға қажет тақырыпты анықтауға мүмкіндік туады:
-Оқушы өзі ізденеді, оқиды;
-Мұғалім дарын оқушылардың мүмкіншілігін ашады;
-Әр оқушы өзін –өзі бағалайды, өз білімін жоғары деңгейге жеткізе алады;
-Оқушылар материалды толық игереді;
Оқушыны шығармашылық іс-әрекетке бейімдейтін, ақыл-ой өрісін дамытатын құрал- технология. Мысалы, математиканы технология әдісімен оқытуда орындалатын тапсырмалар мен жаттығулар оқушының ойлауын дамытатын, есте сақтау қабілетін арттыратын болу тиіс. Бұл орайда деңгейлік тапсырмалардың атқаратын қызметі зор. Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты- оқушыға жеңілден қиынға, қарапайымнан – күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін ұсына отырып, оқушыны ізденушілікке, шығармашылыққа баулу. Математиканы профессор Ж.А. Қараевтің технологиясы оқушының теориялық білімін нығайтып, оларды өздігінен іздендіре отырып, шығармашылық жұмысқа жетелейтін деңгейлік тапсырмалар арқылы беріледі.
Әр деңгейлі дифференциалды педагогикалық технологиямен оқыту барысының жүйесі:
1.Жаңа тақырыпты проблемалық әдіспен, ізденіс барысында түсіндіру.
2.Тест немесе диктант /10-15 мин/, тақырыптаң меңгерілуін тексеру
3.Жалпылама тест /барлық түрлерін қолдану/
4.Өздік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар.
5.Саралау сабағы, қатемен жұмыс.
6.Әр деңгейлі дифференциалды бақылау жұмысы.
7.Қорытынды бағалау, бағалау парағы.
Сабақ өткізу формаларын және түсіндіру әдістерінің жаңа тәсілдерін күнделікті сабаққа қолдануға тырысамын. Көбінесе мына жағдайларға көңіл бөлемін:
1) сабақтың мазмұны,
2) сабақты өткізудегі тәсілдері мен әдістерін таңдау,
3) сабақтың нәтижелігі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының өзіндік ықпалы зор. Оқушыларға өздік жұмысын ұйымдастырып өткізуге көмегін тигізеді.Оқушылар өздік жұмыстарын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді. Қараевтың деңгейлеп, саралап оқыту технологиясы мынандай 4 түрге бөлінген:
1) Репродуктивтік деңгей - жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты
2) Алгоритмдік деңгей- мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды.
3) Эвристикалық деңгей- оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді.
4) Шығармашылық деңгей -оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді.
Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Оқушы сабаққа бұрынғысынан тиянақты дайындалып, сабақ барысында ұпайлар жинауға тырысады. Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуда байқағаным, оның тиімді жақтары.
1) сыныптағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі. Оқушы белсендігін оятады.
2) Оқушы өз білімінің деңгейіне жұмыстанады.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу тиянақтылыққа, ұстамдылыққа тәрбиелеп, жауапкершілігі артады.
Әрине тиімді де орынды пайдаланылған педагогикалық технология сапалы білім негізі бола алады. Бүгінгі шәкірт ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады. Болашақ өмірінде белгілі бір кәсіби мамандықты таңдап алуға септігін тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет