СөЖ №13 Тақырыбы: Балаларды еңбекке баулуға ықпал ететін факторлар Тапсырма



бет3/3
Дата15.12.2023
өлшемі28,67 Kb.
#139565
1   2   3
Байланысты:
сөж 13 Көркем еңбек

Осы сияқты шарттарды, талаптарды еңбек процесінде ұтымды пайдалану мұғалімнен іскерлік пен педагогикалық шеберлікті талап етеді.
Еңбек тәрбиесінің негізгі саласы- баланы кәсіпке үйрету болып табы-лады: мал бағу, егін салу, сәулет өнеріне үйрету, зергерлік, тоқыма-шылық, құсбегі болу алуан түрлі ұсталық кәсіпке үйрету негіздері.
Баланы жастайынан еңбексүгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жыры мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын –су әзірлеуге , мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер,жүген өру, тері илеу, қару-жарақ) т.б. жасауға әзірлеу, қора салу , киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т.б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т.б. үйреткен.
Мал бағу- қазақ халқының негізгі бір ұлттық кәсібі болғандықтан, балаға ес біле еңбек етіп, мал бағуды үйретуді халық әрбір ересек адамның борышы деп есептейді.
Қой бақсаң, өрісін тап”, “Доп ойнаған –тозар, асық ойнаған –азар, бєріненде қой бағып, көтен, мойын жеген-озар” деп халық қой бағу өнерін жоғары бағалайды. Қой-ешкі бағу оњай емес, оны ерте өргізіп, кеш қоралау, жазда ешкі-қойды желдетіп, қыста ықтатып бағу отар малды кезінде суғарып, жусату. Қой қосақтап, оны сауа білу, қозы бөлу, қой идіру, қой қырқу, қой емдеу, қой санау, қой түстеу, қой сою жұмыстарының әр саласы-бір ғылым. “Егін ексең, жүгері ек, жүгері-сүт, жүгері ет”, “Нан құраннан да қасиетті” , “Алтын-күміс тас екен, арпа бидай ас екен” деп халық егін егуді қастерлеп, жоғары бағалайды. “Көктемнің бір күні, қыстың бір айына азық” деп егін салудың оны орып-жинаудың өз мезгілі болатынын қатаң ескертеді, егін жиналған соң сабан той (алтын дән) жасайды. Аңшылық – халықтың ең көне кәсібі. Тұзақ салу, садақ ату, ит қосу, құс салу (құсбегілік) кәсібі, көбінесе, сәулеттік кәсіп болған. Әрбір кәсіптің өз тәсілдері мен тәжірибелері бар.
Балық аулау кәсібіне үйрету үшін халық ең алдымен балықтыњ түрлерімен (бекіре, сабан, шабақ, алабұқа, шортан,қызыл балық, жайын т.б ) таныстырады, балық аулау құралдарын (қармақ, ау, тор,т.б) қолдануды үйретеді, балық тағамдарын (балық сорпа, сұр балық, т.б) даярлау тәсілдерін білуді насихаттайды.
Әулеттілік тағылымдар мен дәстүрлер – бір атадан тараған әрбір әулеттің өзіне тән қалыптасқан мұралық дәстүрлері. Мысалы, емшілік, ұсталық, өнерпаздық, саяткерлік, диқандық, сәулетшілдік, т.б. әулеттік дәстүрлер ұрпақтан — ұрпаққа үлгі- өнеге , тәрбие үйрету арқылы жалғасып отырады.
Әулеттік дәстүрлерді жалғастыру үшін ата баланың әулеттік намысын қоздырып, өз өнегесін үйретеді. Сол арқылы жалпы халыққа үлгі көрсетіп, халықтық педагогиканы дамыта түседі. Халық әулеттік тағылымдар мен дәстүрлерді жоғары бағалап, оны ұрпақтарына үлгі етіпотырады. Халық арасынан шыққан әулеттік ансамбльдер, айтыстық ақын дәстүрлері, т.б. әулеттік дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор болып табылады.
Отбасында халық педагогикасының еңбек тәрбиесіне лайықты нұсқалары үздіксіз пайдаланылады: үлкенді сыйлау, ас алдын үлкенге ұсыну- еңбек нәтижесінің ізгілік көрінісі болса, еңбек туралы мақал- мәтелдерді үзбей мысалға келтіріп, игілікті іске басшы болып отыру үлкендердің борышы.
Қыз баланыњ үй ішіндегі еңбегі ұшан- теңіз. Әсіресе үй ішін жинай білу, төсек жию, жүк жинау, кілем ұстау, үй жићаздарымен үйді безендіре білудіњ ұлттық белгілері өте мол. Қыз баланыњ кесте тігу, ою өрнектеу, киім пішіп, тіге білуіне, кілем тоқуына, т.б. кәсіптік іс-әрекеттеріне ана басшылық жасап отырады.
Отбасындағы еңбекке тәрбиелеу ісіндегі еңбек бөлісін, көбінесе, әке басқарады. Ер баланыњ малшы, егінші, сәулетші болуы мен әулеттік кәсіпті үйренуі, негізінен, әкенің іскерлігі мен жауапкершілігіне байланысты.
Отбасындағы еңбек тәрбиесіне аңыз әңгімелердіњ (“Аяз би”), ертегілерінің (“Ер Төстік”), ұлттық ойындардың (“Жанұя” қуыршақ ойыны), мақал – мәтелдердің (“Еңбек бәрін жеңбек”, “Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей”) әсері мол. Халық педагогикасыныњ бұл салаларын от басында тиімді пайдалану ізденуге, ізгі іске жауапкершілікпен қарауға байланысты. Мысалы, жас бөбекті күтуге жанұядағы барлық жан қатысады, олар бесік жырын, сол үшін де жақсы білуге ынталанады. Ал “ғажайып бақ” сияқты ертегіні балаға айтып беру, “Аяз би” аңыз-ертегісін баланыњ өзіне айтқызу оның еңбек сүюіне, әдептілік әрекетіне әсер етпей қоймайды.
Ел болу үшін, бесігіңді түзе” (М. Әуезов)-деген сөздің мән- мағынасына ой салсақ, ол- тәрбие ұрпақты дүниеге келтіруден басталады; сол тәрбиенің дәстүрлік, салт –саналық бастаулары мен бағдарларын жан-жақты пайдаланып, даналықпен дамыта білу керек деген өсиеттің мәнін ұғамыз. Нәрестелік кезінен басталатын тәрбиенің қалыптасқан ұлттық рәсімдері мен тәлімдік тәсілдері ұлттық салтпен қолданылып жан жүйеге тәлім-тәрбиелік әсер етеді. Отбасы үлкендерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп дарынды, өнерлі, ақылдыақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып атын қойғызады. “Ақылын, жасын берсін” деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестереді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді.Үлкендерден бата алғызады.Халақтың балаға арналған ырым,бата-тілектерінде келешектен күткен алкен үміт, аңсау арман бар тәрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үндесіп жатыр. Адам өмірі мәңгі табиғат құшағында өтетін болғандықтан, ата-бабамыз өз ұрпағын ағаш бесіктен жер бесікке әлденеше жұмбақ, өлең-жыр ертегі аңыздар шығарған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет