СөЖ №14 Тақырыбы: Сынақ зертханалары



бет2/5
Дата17.05.2023
өлшемі211,63 Kb.
#94096
1   2   3   4   5
Байланысты:
гох срсп 14

1. Сынақ зертханасы
Сынақ зертханасы-бұл белгілі бір жолмен аккредиттелген ұйым, ол зертханалық жағдайда әр түрлі өнімдерге сынақ жүргізеді. Сертификаттау органдары мен сынақ зертханалары сертификаттау саласындағы бірлескен жұмыстармен айналысады. Сынақ зертханасында алынған өнімді сынау хаттамаларының негізінде сертификаттау жөніндегі орган сәйкестік сертификатын беру туралы шешім қабылдайды.
Сынақ зертханасының функциялары келесідей:

  • аккредиттеу саласында сертификаттық сынақтар жүргізеді;

  • аккредиттеу талаптарына сәйкестігін үнемі қолдайды;

  • сынақ нәтижелерінің дұрыстығын, объективтілігін және талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етеді;

  • қауіпсіздік талаптары бойынша сертификаттау мақсаттары үшін сынақтарға дайындаушының сертификатталатын өнімдерінің үлгілік өкілдері ретінде нақты анықталған үлгілерді ғана қабылдайды;

  • зертхана сынақ зертханаларына қойылатын талаптарға сәйкес келетін сынақтар бойынша ғана аккредиттеу туралы мәлімдейді;

  • сынақ нәтижелері бойынша қойылған барлық талаптардың есебін жүргізеді;

  • Тапсырыс берушіге ол үшін жүргізіліп жатқан сынақтарды байқауға мүмкіндік береді;

  • сынақтарды өткізудің белгіленген және (немесе) келісілген мерзімдерін сақтайды;

Тапсырыс берушіге басқа аккредиттелген зертханаға сынақтардың бір бөлігін өткізуді тапсыруды және оларды тек оның келісімімен жүргізуді ниеті туралы хабарлайды. Сынақ орталықтарын (зертханаларды) аккредиттеу және сертификаттау саласы өнімнің белгілі бір номенклатурасымен немесе өткізілетін сынақ түрлерімен шектеледі.

1.1. Сынақ зертханаларын аккредиттеу

Сынақ зертханасы -зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі.Аккредиттеу- аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берушінің белгілі бір салада техникалық реттеу объектілерінің белгілнеген талаптарға сәйкестігін растау жөніндегі жұмыстарды орындауға құзыреттілігін ресми танитын рәсім.Аккредиттеу органдарға қойылатын негізгі талаптар – бейтараптық, тәуелсіздік және техникалық құзыреттілік.


Сынақ зертханалардың және сертификаттау органдарын аккредиттеу мақсаттары мен міндетттері. Еуропадағы аккредиттеу процедуралары, олардың үйлесімділігі. Аккредиттеу процесінің негізгі этаптары. Аккредиттеу органдарының қызметі. Сынақ зертханаларын сертификаттайтын аккредиттелген органдары қызметін инспекциялық бақылау. Сертификация бойынша орган аккредитация саласына байланысты келесі функцияларды орындайды: өнімнің сәйкестілігін міндетті түрде растайтын жұмыстарды жүргізуге өнім шығарушылардан, сатушылардан, орындаушылардан түскен өтініштерін қарастырады; сәйкестілікті растау үшін әкелінген өнімдердің ұқсастығын анықтау; өнім шығарушылар сәйкестілік декларациясын қабылдауға керекті кейбір жұмыстарды олардың сұранысы бойынша жүргізеді; сәйкестілік декларациясын тізеді; тізімге алынған сәйкестілік декларацияларын, сәйкестілік сертификаттарының міндетті түрде сәйкестілік растаудан өткен өнімдер мен қызметтер реестрін жүргізеді; сертификаттау сұлбасы(схема) бойынша өнім, қызмет, жұмыс, сапа жүйесін инспекциялық бақылауды іске асырады.Сынау зертханасы өнімнің нормативті талаптары бойынша сәйкестілігін растау жұмыстарына қатынасады. Аккредитациялау саласы шегінде сертификациялық сынауды іске асырады. Сынау зертханасы өзінше бөлек ұжым болуы мүмкін. Сынау зертханасының негізгі функциясына стандартты әдістемелерді қолдану арқылы сертификаттау сынауларын жатқызуға болады. Сынау нәтижесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесінің (ГССРК) нормативті құжаттарымен белгіленген үлгі бойынша хаттама жазылады.Зертханалар сәйкестікті растау жөніндегі органдармен немесе басқа өтінім берушілермен жасалған шарт жағдайларында:
-өзінің аккредиттеу саласы шегінде сәйкестікті міндетті немесе ерікті растау мақсатында объектілерге сынақ жүргізеді;
-сынақ нәтижелерінің дәйектілігін қамтамасыз етеді;
-уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерін рәсімдейді және береді;
Зертханалар объектілердің сәйкестігін растау кезінде оларға сынақтың дәйектемесіз нәтижелерін ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет