СөЖ-2 «Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы мен шығу арналары»


Сөз магиясы ұғымын қалай түсінесіз?



бет2/2
Дата21.10.2023
өлшемі1,96 Mb.
#120195
түріҚұрамы
1   2

Сөз магиясы ұғымын қалай түсінесіз?


Сөз магиясы-қазақ халқының тоқ­сан тоғыз тарау тұрмыс-тір­ші­лігінде, дүниетанымында, яғни түй­сік, қабылдау, елес, қиял, зейін, ой­лау, сөйлеу, мақсаткерлік іс-әре­кет­те­рімен, даналық, ізгілік, рухани сұ­лу­лық қасиеттерімен тұтастай жара­сым тапқан айрықша бір көркем кө­рінісі.
Мәшһүр Жүсіптің «Біздің қазақ тілінің ішінде періштелердің бір сөй­ле­ген сөзі жүр: «Кеткенің келсін, кем­ті­гің толсын» – дегенінде үлкен мән бар. Халықтық ұғым-түсініктердің, се­нім-нанымдардың, ырымдар мен ғұ­рып­тардың біртұтас жүйесінде ба­та сөз­дердің де магиялық қуаты, элек­тро­магниттік әсері ересен. Олар өмір­ге, өнер­ге, еңбекке деген жігеріңді, ің­кәр­лі­гің­ді оттай маздатады.
Сөз магиясына жүгіну, көркемдік әсер­лілігін туындату, мың қырлы құ­пиясының сырына тереңдеу, «ел ау­зын­дағы тілді» негіз ету – ежелден бер­гі асыл дәстүріміз. Мысалы: бие құ­лындағанда:
Шым-шым шымырай,
Шұбар оттың құйрығы-ай!
Жануардың жүйрігі-ай!

Сөз магиясына нелерді жатқызасыз, саралап, талдап, мысалдармен дәйектеңіз


Дж. Фрэзер оң және теріс магия деп екі топқа бөлген. Бірінші топқа жататын магиялық іс-әрекеттерді - сиқырлау, арбау немесе жадылау, ал екінші топтағыларды, яғни теріс магияны - табу, яғни тыйымдар деп атаған. Ғалым, сонымен қатар, сиқырлау мен жадылаудың негізінде «пәлен мақсатқа жеткің келсе, пәлендей әрекет істе», ал табудың, яғни теріс магияның негізінде «пәлендей іс-әрекет істеме, істесең, кесірі тиеді немесе пәле-жалаға ұшырайсың» секілді нанаымдардың жататынын дәлелдеген.
Әлсіз болып туған жас нәресте бәле-жаладан аман әрі
мықты болып өсуі үшін қасқыр терісінің «магиялық қасиеті»
де қолданылған. Мысалы, өзбектер ертеректе аңшы алған
қасқырды тұмсығына дейін мес қылып сойып, терісін кептіріп
сақтап, жас нәресте дүниеге келісімен оны дереу жаңағы терінің
бас жағындағы куысынан өткізіп алатын болған. Осылай етсе,
жас нәрестенің дала тағысындай айбатты да қаһарлы болып ер
жететініне ешбір күмәнданбаған.
Мысалы, тыйым салынған «зиянды объектілер» — бөтен елдің адамдары мен заттары. Ал оларды отпен аластау — пәле-жаланы жоятын оң магияға жататын іс-әрекеттің
көрінісі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

  • Әділ Ахметов «ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕР (Салыстырмалы этнолингвистикалық пайым)»
  • Ә.Қалиев,Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»Алматы, «Сөздік-Словарь баспасы»

Назарларыңызға рақмет !



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет