Сөз магиясы-қазақ халқының тоқсан тоғыз тарау тұрмыс-тіршілігінде, дүниетанымында, яғни түйсік, қабылдау, елес, қиял, зейін, ойлау, сөйлеу, мақсаткерлік іс-әрекеттерімен, даналық, ізгілік, рухани сұлулық қасиеттерімен тұтастай жарасым тапқан айрықша бір көркем көрінісі. Мәшһүр Жүсіптің «Біздің қазақ тілінің ішінде періштелердің бір сөйлеген сөзі жүр: «Кеткенің келсін, кемтігің толсын» – дегенінде үлкен мән бар. Халықтық ұғым-түсініктердің, сенім-нанымдардың, ырымдар мен ғұрыптардың біртұтас жүйесінде бата сөздердің де магиялық қуаты, электромагниттік әсері ересен. Олар өмірге, өнерге, еңбекке деген жігеріңді, іңкәрлігіңді оттай маздатады. Сөз магиясына жүгіну, көркемдік әсерлілігін туындату, мың қырлы құпиясының сырына тереңдеу, «ел аузындағы тілді» негіз ету – ежелден бергі асыл дәстүріміз. Мысалы: бие құлындағанда: Шым-шым шымырай, Шұбар оттың құйрығы-ай! Жануардың жүйрігі-ай!
Сөз магиясына нелерді жатқызасыз, саралап, талдап, мысалдармен дәйектеңіз
Дж. Фрэзер оң және теріс магия деп екі топқа бөлген. Бірінші топқа жататын магиялық іс-әрекеттерді - сиқырлау, арбау немесе жадылау, ал екінші топтағыларды, яғни теріс магияны - табу, яғни тыйымдар деп атаған. Ғалым, сонымен қатар, сиқырлау мен жадылаудың негізінде «пәлен мақсатқа жеткің келсе, пәлендей әрекет істе», ал табудың, яғни теріс магияның негізінде «пәлендей іс-әрекет істеме, істесең, кесірі тиеді немесе пәле-жалаға ұшырайсың» секілді нанаымдардың жататынын дәлелдеген.
Әлсіз болып туған жас нәресте бәле-жаладан аман әрі
мықты болып өсуі үшін қасқыр терісінің «магиялық қасиеті»
де қолданылған. Мысалы, өзбектер ертеректе аңшы алған
қасқырды тұмсығына дейін мес қылып сойып, терісін кептіріп
сақтап, жас нәресте дүниеге келісімен оны дереу жаңағы терінің
бас жағындағы куысынан өткізіп алатын болған. Осылай етсе,
жас нәрестенің дала тағысындай айбатты да қаһарлы болып ер
жететініне ешбір күмәнданбаған.
Мысалы, тыйым салынған «зиянды объектілер» — бөтен елдің адамдары мен заттары. Ал оларды отпен аластау — пәле-жаланы жоятын оң магияға жататын іс-әрекеттің
көрінісі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
Әділ Ахметов «ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕР (Салыстырмалы этнолингвистикалық пайым)»
Ә.Қалиев,Ә.Болғанбаев «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы»Алматы, «Сөздік-Словарь баспасы»