СөЖ-2 Ілгерілемелі қозғалыстың динамикасы. Жұмыс және энергия. Ілгерілемелі қозғалыстың динамикасы



бет2/3
Дата09.05.2022
өлшемі16,84 Kb.
#33185
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ-2

2. Жұмыс және энергия
Материяның әртүрлі пішіндегі қозғалыстарымен оларға қатысты өзара әсерлесудің сандық өлшемдері болатын физикалық шама энергия деп аталады. Энергияның халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі-джоуль. Қозғалыс материяның бөліп қарастыруға болмайтын қасиеті. Сондықтан да кез келген дененің, жүйенің немесе кез келген өрістің энергиясы болады. Материя қозғалысының түріне байланысты энергияның да әр түрі болады: механикалық, жылулық, электромагниттік, ядролық және т.б. Кейбір құбылыстарда материя қозғалысының түрі (пішіні) өзгермейді (мысалы, ыстық дене суық денені ысытады), басқаларында–қозғалыстың басқа түріне өзгереді (мысалы, үйкеліс кезінде механикалық қозғалыс жылулық қозғалысқа айналады). Бірақ та барлық жағдайда бір денеден екіншісіне берілген энергия осы екінші дененің алған энергиясына тең болады.
Дененің механикалық қозғалысының өзгеруі басқа денелер тарапынан әсер еткен күштерден болады. Өзара әсерлесуші денелер арасындағы энергия алмасудың сандық сипаттамасы механикада күштің жұмысы деген шама арқылы түсіндіріледі.
Түзу сызықты қозғалыстағы денеге орын ауыстыруға a бұрыш жасай F күш әсер ететін болса, онда осы F әсер ететін күштің атқаратын жұмысы күштің орын ауыстыру бағытына проекцисының FS күш түскен нүктесінің орын ауыстыруының көбейтіндісіне тең:

A=FS=FS cos a (3.1)

Жалпы жағдайда күштің модулі де бағыты да өзгеруі мүмкін, сондықтан да бұл жағдайда (3.1) формуланы қолдануға болмайды. Егер орын ауыстырудың dr аз ғана бөлігін қарастыратын болсақ, онда әсер ететін F күшті тұрақты деп қарастыруға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет