“Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі,Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті, Жаратылыстану институты, Химия кафедрасы”
СӨЖ 2 Психологиядағы тұлға және қарым-қатынас
Тексерген: Амирбекова Мархабат Амирбековна
Орындаған: Таңат Аружан Қайратқызы
Мамандық: 6В01507-Химия, 101 топ
Курс: 1 курс
Алматы,2022 ж
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
Тұлға туралы жалпы ұғым
Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы
Қарым-қатынас туралы теориялар
Қарым-қатынас түрлері
Қарым-қатынастың адам өміріндегі маңызы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе:
Жеке тұлға психологияда жеке тұлға денег ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мы на түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (болмысқа, адамдарға, өзіне,жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сендай ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат-мүдделер). Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамант, бір тұлғаны басқа тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. Қарым-қатынаста адамдар өзара идеялар, қызығулар, көңіл-күйімен, сезімдерімен, т.б. бөліседі. Мұның бәрін әр түрлі мәлімет ретінде қарастыруға болады. Адамдар арасындағы коммуникативті процестер техникалық қондырғылар арасындағы алмасудан өзгеше болады, оның мазмұны және формасы бойынша өзіне тән ерекше, маңызды қасиеттері бар. Олардың ерекшелігі - кері байланыс процесі, коммуникативті барьер, коммуникативтік әсер және мәлімет берудің әр түрлі деңгейі (вербальды-сөз жүзіндегі, вербальды емес-сөз жүзіндегі емес) сияқты процестермен байланысты. Әрқайсысын бөлек-бөлек талдап көрейік: тұлғааралық қарым-қатынастағы кері байланыс. Ең алдымен мәлімет бір жақты болмайды, екі жақты пікір алмасу түрінде өтеді. Мәліметті беруші - коммуникатор, оны қабылдаушы - реципиент деп аталады. Сондықтан да негізгі мәліметті беруден екінші адамға беру ғана емес, қарым-қатынас барысында ортақ көзқарас, пікір, ортақ мәнге келу маңызды. Бұл міндетті орындауда ерекше механизм - кері байланыс іске қосылады, ол реципиентің коммуникатордың іс-әрекетін қалай қабылдап, бағалауына байланысты. Сонымен, кері байланыс дегеніміз - коммуникатордың әрекетіне деген реакциясын көрсететін мәлімет. Кері байланыстың берілуі әр түрлі жолдармен іске асырылады. Ең алдымен тура және жанама. Тура кері байланыста реципиент пікірі ашық түрде беріледі. Мысалы: «сенің пікірің маған ұнамайды», «не айтып тұрғаның маған түсініксіз», т.б. және де әр түрлі қимыл-қозғалыс (жест), ренжу, қуану, т.с.с. бұл түрде тиімді болады.
1. Психологиялық ғылымда «тұлға» категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ «тұлға» ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педагогикамен. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз - осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: « Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субъектісі ретінде оның барлық жеке қасиеттерімен, әлеуметтік рөлдерімен бірге белгілейді. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы дамның басқа адамдармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынас субъектісінде көреді.»
Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен бекітілген,сондықтан «тұлға» ұғымын қарастырғанда оларды ескеру керек. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды айтамыз.Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. «Тұлға» ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.
Сонымен, тұлға дегеніміз - ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйесінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі меноны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.
Ғылыми әдебиетте «тұлға» ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек. Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психологияның өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Ананьев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субъектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған. Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді, т.с.с. Осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. «Индивид» ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленуші ретінде сипаттайды. Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесіне қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұлай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесіне қосылған адам - субъект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші. Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипаттап, оның жеке даралығын анықтайды. Сонымен, «тұлға» ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. Мәскеулік және санкт-петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, мәскеулік мектеп өкілдері «субъект» деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін «индивид» ұғымына біріктіреді.Бірақ, бұған қарамастан, «тұлға»ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан. Тұлға құрылымын қарастырғанда оған қабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұсқауларды енгізеді.
Қабілеттер дегеніміз - бұл түрлі іс-әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты қасиеттері.
Темперамент - адамның психикалық процестерінің динамикалық сипаттамасы. Мінезде бір адамның басқа адамдарға қатынасын анықтайтын қасиеттер бар.
Мотивация дегеніміз- әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұсқаулар - адамдардың наным-сенімдері.
Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлға құрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады.Психикалық құбылыстардың құрылымында психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалық қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегінде танымдық, еріктік, эмоционалдық болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік құбылыс ретінде психикалық процестер шебінде қарастырылуға лайықты. Алайда осы құбылыстарды тұлға құрылымы шебінде қарастыру үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдер - жиі әлеуметтік бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам мүшесі болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. Осы айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенің күрделі екендігін және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі келіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелер: адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің қатынасы. Адам тұлға болып туылмайды, ал қалыптасады деген көзқараспен қазіргі психологтардың көбісі келісуде . Бірақ тұлғаның дамуы қандай заңдарға бағынатыны жөніндегі көзқарастар сан алуан. Өйткені тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәні, дамудың заңдылықтары мен кезеңдері, тұлға дамуының кризисі, даму процесін түзету мүмкіндіктері әр қилы түсіндіріледі. Кең тараған тұлға теорияларының әрқайсысында тұлғаның даму мәселесі өздігінше қарастырылады. Мысалы, психоаналитикалық теория даму деп адамның биологиялық табиғатының қоғамда өмір сүруге бейімделуін, белгілі қорғаныс механиздерінің пайда болуын, қажеттіліктерді қанағаттандыру жолдарын түсіндіреді. Қырлар теориясы бойынша тұлғаның барлық қырлары өмір сүру барысында қалыптасады, олардың туындау, қайта түзілу және тұрақтану процестері биологиялық емес заңдылықтарға бағынады. Әлеуметтік үйрету теориясы тұлғаның даму процесін адамдардың белгілі тұлғааралық өзара әрекеттерінің қалыптасу жолдары ретінде түсіндірсе, гуманистік және басқа феноменологиялық теориялар оны «мен» деген түсініктің қалыптасуымен ұштастырады. Дегенмен, тұлғаны барлық теориялар позициясынан шоғырланған, біртұтас етіп қарастыру тенденциясы бар. Адам тұлға ретінде қалыптасып, дами келе кемшіліктерді де иеленеді. Бір теорияда оң және теріс қасиеттердің үйлесімін жан-жақты көрсету мүмкін емес. Сондықтан Эриксон өз концепциясында тұлға дамуының екі шекті желісін бейнелеген: қалыпты және аномалды. Олар таза күйінде өмірде кездеспегенімен, адамның тұлғалық дамуының барлық аралық вариантарын елестетуге мүмкіндік береді. Психологтарға үйреншікті ой бойынша, тұлға әлеуметтік ортада өмір сүріп, тәрбиеленуі кезінде дамиды. Адам әлеуметтік тіршілік иесі болғандықтан, әлеуметтік өзара әрекеттерге түседі. Ең бірінші араласу тәжірибесін бала сөйлемей тұрып-ақ өз жанұясында алса, кейін үнемі субъективті тәжірибе жинайды. Ал тәжірибе тұлғаның ажырамас бөлігі. Осы процесс, сондай-ақ кейін индивидтің әлеуметтік тәжірибесін белсенді жандандырылуы әлеуметтену деп аталады.
2. Психологияда қарым-қатынас мәселесін зерттеудің өз дәстүрі бар және психологияда аталған мәселені зерттеудің үш кезеңін атап көрсетуге болады.В.М.Бехтеревтің зерттеулері, ол бірінші рет адамның психикалық факторы ретінде қарым-қатынастың рөлі туралы мәселені көтереді. Бірақ Бехтеревте қарым-қатынас үрдісі өз бетімен зерттеу жұмысының нысанасы болған жоқ. Қарым-қатынастық психикалық үрдістер мен атқаратын қызметіне әсер етудің тек қана нәтижелік жағы қолданылады.70-жылдарға дейін қарым-қатынас проблемасын талдауда теориялық-философиялық көзқарас ерекше кең тарады. Қарым-қатынас ұғымы әлеуметтілік себептілік, адам психикасының рөлі жеке тұлғаның әлеуметтенуі туралы қағиданы негіздеу үшін қолданылды. Мәселен, Л.С. Выготскийдің еңбектерінде қарым-қатынас адамның психикалық дамуының факторы, оны реттеудің шарты ретінде негізгі орынды алды. Бұл кезеңді қарым-қатынастың рөлі мен атқаратын қызметін теориялық талдау кезеңі ретінде сипаттауға болады.
Қарым-қатынастың бірінші жағы-70-жылдары қарым-қатынас психологиялық зерттеулердің дербес саласы ретінде қарастырыла бастады. Бұл кезең психологияда қарым-қатынас мәселесінің шын мәнінде дүниеге келген кезеңі болып табылады. Қарым-қатынастың екінші жағы - қатынасушылардың өзара әрекеті, сөйлеу үрдісінде тек сөздермен емес, сонымен қатар әрекеттермен, қылықтармен алмасады. Ең соңында, қарым-қатынастың үшінші жағы - қарым-қатьшас жасаушылардың бір-бірін қабылдауын қарастырады. Қарым-қатынас және іс-әрекет бірі мен бірі байланысты. Бірлескен қызметінде адам басқа адамдармен қажеттілігіне қарай бірігеді, қарым-қатынас жасайды, жақындасады, өзара түсінісуге қолы жетеді, ақпарат алады және т.б. Шын мәнінде, қарым-қатынас үрдісінде қатысы болмайтын адамга тән психикалық құбылыстарды табу қиын. Қарым-қатынас, іс-әрекетпен бөлінбес байланыста, жеке тұлға адамзаттың жасақтаған нәтижесін меңгереді. Ол өзінің ойын, білімін, өзінің сезімін басқа адамдарға хабарлай алады және өзі басқа адамдардың ойларын түсіне алады, олардың сезімдері мен ұмтыластары туралы білуге мүмкіндік алады. Тілдің көмегімен сөйлеу қарым-қатынасында әрбір адам білімнің көп бөлігін басқа адамдардан алады. Жинақталған тәжірибені жэне білімді меңгеруге оқыту үрдісі жатады, білімді беру және алу негізінен тілдің көмегімен іске асады.
Сонымен, сөйлеу - бұл тілдің көмегімен адамдардың өзара қарым-қатынас үрдісі. «Сөйлеу» және «тіл» ұғымдары кей жағдайда бір мағынада қолданылады. Бірақ бұл ұғымдардың мағыналарын шатастыру дұрыс болмас. Сөйлеу мен тіл бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бұл екеуі бір ұғым емес.
Қарым-қатынастың интерактивті жағы - бұл адамдардың өзара байланысын,олардың бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыруға қатысты қарым-қатынастың мақсаты, адамдардың бірлескен іс-әрекетінің қажеттілігін бейнелеу. Бұл жерде қарым-қатынас тұлға аралық өзара әрекет түрінде қатысады, демек, олардың біріккен іс-әрекетінде қалыптасқан адамдардың байланысы мен өзара әсерінің жиынтығы. Қарым-қатынас жасау-ақпарат алмасу әрекеті жан-жақты, бірақ негізінен қызметтердің үш түрін атап көрсетуге болады: ақпараттық-коммуникативтік, реттеу-коммуникативтік және аффектілік- коммуникативтік. Осының негізінде қарым-қатынастың үш жағын бөліп қарастырады: ақпарат алмасу, жеке тұлға аралық өзара әрекет және адамдардың бір-бірін түсінуі. Қарым-қатынастагы ақпарат алмасу әрекеті туралы айтқанда, қарым-қатынастың коммуникативтік жағы деп түсінеді. Сөздің тар мағынасында коммуникация туралы айтқанда,
ең алдымен адамдар бірлескен іс-әрекеттің барысында өзара эртүрлі елестетулермен, идеялармен, кызығулармен, көңіл-күйлермен және т.б. пікір алысады. Осының бәрін ақпарат ретінде қарастыруға болады.
Сондықтан да қарым-қатынастың коммуникативтік жағын қарастыруға ақпарат теориясы кейбір ережелерінің қолдану мүмкіншіліктерін жоққа шығармай, міндетті түрде негізгі мәселелерге мән беру қажет.
Коммуникативтік үрдісте тек қана ақпарат қозғалысы іске асып қоймайды, сонымен қатар белсенді ақпарат алмасу жүреді. Қарым-қатынастың әрбір қатысушысы үшін ақпараттың мәні ерекше рөл атқарады, ақпаратты тек қана қабылдап қою жеткіліксіз, сонымен қатар түсінікті болуы керек.
Екіншіден, адамдар арасында ақпаратты алмасу сипаты белгілер жүйесі арқылы бір-біріне ықпал етуі мүмкін. Басқаша айтқанда, осындай ақпарат алмасу міндетті түрде әріптесіне әсер етеді. Коммуникативтік әсер ету бір адамның екінші адамға психологиялық әсері болып табылады.
Үшіншіден, ақпаратты алмасу нәтижесі ретінде коммуникативтік ықпал сол уақытта мүмкін болады, егер қарым-қатынастың екі қатысушысы қабылдаудың бірыңғай жүйесін меңгергенде.
Төртіншіден, адамзат коммуникациясы жағдайында әлеуметтік және психологиялық сипаттағы ерекшелігі бар коммуникативтік кедергілер пайда болуы мүмкін. Бір жағынан,осындай кедергілер қарым-қатынас туралы бірыңғай түсініктің жоқтығынан, екінші жағынан, кедергілер негізінен таза психологиялық сипатта болуы мүмкін.
Кез-келген ақпаратты беру белгілер арқылы болуы мүмкін, дәлірек айтқанда - белгілер жүйесі. Вербалдік және вербалдік емес коммуникация деп бөледі, бірақ соңғысын тағы да бірнеше түрлерге бөледі: кинестетика, паралингвистика, проксемика, визуалдық қарым-қатынас. Олардың әрқайсысы өзінің жеке меншік белгілер жүйесін құрайды.
Сөйлеу мәселесін психологияда көп жағдайда ойлау және сөйлеу контекстінде қарастырады. Шынында да ойлау мен сөйлеу тығыз байланысты. Генетикалық тұрғыдан сөйлеу қоғамдық еңбек тәжірибесіңде ойлаумен бірге пайда болды және адамзатгың қоғамдық-тарихи даму үрдісінде онымен бірге дамыды. Сөйлеуде ерекше рөл атқаратын эмоционалдық сәттер: сөйлеуді жалпы алғанда сана реттеп отырады. Адам санасы адамдардың арасындағы қарым-қатынаста қалыптасады.Сананың негізгі қызметі - тұрмысты бейнелеуін түсіну, тіл және сөйлеу оны ерекше орындайды. Қарым-қатынас адамзат қоғамының және жеке тұлғаның жарқын өмір сүруінің міндетті шарты. Қарым-қатынас аса үлкен құндылық болып табылады. Қарым-қатынассыз адамның тек өзін-өзі танып білу, әлеуметтену яғни индивидтің жеке тұлға ретінде дамуы, әлеуметтік тәжірибені адамнан адамға, ұрпақтан ұрпаққа тарату, әлеуметтік топтардың қауымдастықтар мен мемлекеттердің өмір сүруінің өзі, сондай-ақ, индивидтің (дара адамның) психикалық іс-әрекеті де мүмкін емес. Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады». Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады.
Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу.
Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек.
Адамның оны қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі қоғамдық өмірде, ең алдымен өндірістік іс-әрекетте адамдар арасында қалыптасатын объективті қатынастар жүйесінде жүзеге асады. Қоғамның негізі ретінде өндірістік қатынастардың мәнін аша отырып К. Маркс былай деп жазды: «Өндірісте адамдар тек табиғатпен ғана қатынасқа түспейді. Олар бірлескен іс-әрекеттерімен өзара алмасу үшін қанадай да бір түрде бірлеспей, бірікпей ештеңе өндіре алмайды. Өндіру үшін адамдар белгілі бір байланыстар менқатынастарға түседі, әрі тек осы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың шеңберінде ғана олардың табиғатқа деген қатынасы іске асады». Объективті қатынастар мен байланыстар (тәуелді болу, бағыну қатынастары, ынтымақтастық, өзара көмек көрсету жәнен т.б.) кез-келген нақты топта сөзсіз және заңды түрде пайда болады. Топ мүшелерінің арасындағы мұндай объективті өзара қатынастардың көрінісі болып әлеуметтік психология зерттейтін субъективті тұлғааралық қатынастар табылады. Топ ішіндегі тұлғааралық өзараәрекеттесулер мен өзарақатысуларды зерттеудің негізгі жолы – бұл әр түрлі әлеуметтік фактілерді, сондай-ақ аталмыш топтың құрамына енетін адамдардың өзараәрекеттесулерін терең білу. Сонымен барлық өндіріс адамдардың бірігуін талап етеді. Алайда ешқандай адамзатқауымы егер өз құрамындағы адамдарарасында байланыс орнамаса, олардың арасында өзара түсіністікке қол жетпесе толыққанды бірлескен іс-әрекетті іске асыра алмайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға бір нәрсені үйрету үшін қарым-қатынасқа түсуі керек. Адамдардың толық немесе жартылай әлеуметтік және сенсорлық жағынан оңашалану жағдайында болған адамдардың психикалық ерекшеліктерін бақылауға арналған көптеген зерттеулердің нәтижесі мынаны көрсетті: ол қағида бойынша қабылдау, ойлау, есте сақтау, эмоционалдық процестердің, т.б. бірқатар бұзылуына әкеледі. Осыған байланысты аса белгілі эксперименттердің бірі американың әйгілі зерттеушісі Геронның басшылығымен жүргізілген (1956 ж). Зерттеушілер тобына төлем ақыға оңашаланған камерада неғұрлым ұзақ уақыт өткізу ұсынылған. Арнайы құрылғылардың көмегімен (көзілдірік, сенсорлық изолятор және т.б.) қоршаған дүниемен қарым-қатынас жасау минимумға жетелеп түсірілді. Адамдармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігі жойылды. Зерттеушілердің көбі бұл экспериментті алғашқыда оңай ақша табу мен демалу тәсілі дегенге сенді. Алайда, тек кейбіреулері ғана мұндай жағдайда 2-3 күнге дейін өмір сүруге шыдам білдірді. Анағұрлым мықтылары 6 тәулікке шыдап, мұндай жетістікті үлкен батырлық деп есептеген. Өйткені зерттелінушілердің 80 пайызынан артығы галлюцинацияның құрбаны болып, «дененің екіге бөліну», «рухтың денеден бөліну» сезіміне душар болды, көбісі қарапайым арифметикалық және логикалық есептерді шеше алмады және т.б. Оңашалану (изоляция) жағдайында адамның дауыстап, өз-өзімен, қоршаған заттармен, жануарлармен және ойдан шығарылған әңгімелесушілермен сөйлесетіні байқалған. Осы тәріздес жағдайларға өз еркімен немесе кездейсоқтықта қоғамнан және тұлғааралық қарым-қатынастан айрылған адамдар мысалы: (теңіздер мен мұхиттарда жалғыз саяхаттаған, полярлық жағдайда қыстағандар, үңгірлерді зерттеушілер,жер сілкінісі кезінде үйінділер астында, елсіз аралдарда қалғандар, жеке камераға қамалғандар т.б.) дәлел болады. Адамдар арасындағы қарым-қатынас жасаудың қажеттілігі мен маңызын жапондықтардың жеке басын тәрбиелеп жетілдіру әрекетіндегі істерінен айқын аңғаруға болады. Адам өзінің бойындағы қабілеті мен іскерлігін жетілдіруді «Дзен» деп атап, оны неғұрлым өзін-өзі сынап көреді екен. Мұндай сынақ адамның денесі мен рухани жағынан дамып жетілу жолындағы күрделі қиындықтарды жеңуге тура келеді. Бұл сынақ бойынша адамның ешкіммен қарым-қатынас жасауына тыйым салынып, оны 10 тәулік бойы елсіз даланың үңгірінде тіршілік етуге баулитын көрінеді. Бұл жапон тілінде «Моритао» делініп, адам өзімен-өзі тілдесуге де тыйым салынатын көрінеді. Мұндай жағдайда адамның рухани дамуы тежеліп, жалғыздық тіршіліктің ащы дәмін тататын болады. Тыйым салынған жағдайдан босанған адам ауыр халден құтылғандай күй кешіп, кез-келген адаммен сөйлесіп, тілдескенде одан орасан зор ләззат алып, жан дүниесі рахаттанғандай болып, бойындағы күш-қуаты артатын көрінеді. Бұл жайттардан біздер адамның кез-келген іс-әрекетінде тілдесіп сөйлеу, қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар әрекет екендігін тереңірек ұғынамыз. Егер адамдар өзара сөйлесіп, қарым-қатынас жасамаса, онда оның өмір тіршілігінің мән-мазмұны да болмас еді . Қарым-қатынас іс-әрекеттің тиімді болуының маңызды факторы болып табылатындығы туралы ХІХ ғ. аяғында француз физиологы Фере, ал кейіннен Ф. Олпорт ашқан еді. В. Меде мен В.М. Бехтерев И.Н. Лангемен бірігіп әлеуметтік фасилитация феноменін суреттеген. Индивидтің іс-әрекетінің жылдамдығы мен өнімділігінің жоғарылауы сол индивидтің әрекетіне бақылаушының немесе бақталас түрінде шығатын шынайы қатысушылардың немесе оның санасында басқа адам бейнесінің болуына байланысты. Таныс емес адамдардың енжар қатысуының өзі адамның іс-әрекетінің нәтижесіне әсер ететіндігі анықталған. Қасындағы адамдар ұқсас жұмыс істегенде немесе олар жұмыс үстінде бір-бірімен қарым-қатынас жасағанда мұндай әсер күштірек болады. Ұжымдық іс-әрекеттердің жекелеген іс-әрекеттерге қарағанда анағұрлым өнімді болатындығы В.М. Бехтерев эксперименттерінің қатарында көрсетілген. Басқа зерттеушілердің эксперименттерінде шешім қабылдауда топтық тәсілдің жекелеген тәсілден артықшылығын дәлелдейтін нәтижелер алынған. Алайда ғылымда басқа адамдармен нақтылы қарым-қатынас жасаудың өзі іс-әрекетнәтижесіне кері әсер ететіндігін дәлелдейтін басқа да фактілер анықталған. Осыған орай әлеуметтік ингибиция феномені айқындалған. Әлеуметтік ингибиция (латынның inhebere – тежеу, тоқтату) яғни басқа адамдардың (шынайы немесе қиялдағы) қатысуының орындалып жатқан іс-әрекеттің сапасы мен жылдамдығының нашарлауына әкеледі. Сонымен, қарым-қатынас жасау ақылды адамға ғана тән табиғи қасиет және ол адамның тіршілік бейнесі мен мәдени өмірінде, тұрмыс салтында күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыратын тұрақты шарт. Ойын мен оқу және еңбек адам іс-әрекетінің негізгі түрлері осы қарым-қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Қарым-қатынастың адамның психикалық дамуына тигізетін әсері аса маңызды. Мұны госпитализм деп аталған құбылыстан білуге болады. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында балабақшадағы балалардың жақсы тамақтанып, жақсы күтім жасалғанға көңіл бөлінген. Алайда жақын арада мұның жеткіліксіз екендігі анықталды: балалар аурушаң болып даму деңгейінде артта қалды. Олардың қимыл-қозғалысы дамымай сөйлеу әрекеті қалыптасқан жоқ. Оның себебі тәрбие ықпалының жеткіліксіз, аз болғанында еді. Госпитализм құбылысын жеңу жолы әр баламен жекелеп жүйелі түрде қарым-қатынас орнату, қоршаған заттармен баланың әрекетін ұйымдастыру болып табылады.
Қорытынды:
Жеке тұлға денегіміз - биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі. Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, ыдырамайтын тұтастық. Оның ең маңызды белгілері- каналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір қасиет, даралығы. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді, адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды. (К.Д.Ушинский).
Тұлғааралық қатынас - этно психологияда әрбір тайпаның, халықтың ұлттық дәстүрлерге байланысты әдет-ғұрыптары, салт-дәстүрлері және т.б. Тұлғааралық қатынас әрбір халық пен ұлттың этностық қарым-қатынас ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Мысалы, қарым-қатынастың абысын-ажын арасындағы сақина-жүзік, білезік алмасу; ер-азаматтар арасында ер-тоқым алмасу; сауға тарту, сәлемдеме жолдау және т.б. түрлері болған. Сол сияқты, ізет, құрмет, сыйластық сезімдері де адамдар арасындағы қатынастың бір түрі болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ахтаева Н.С., Әбдіғапбарова А.І., Бекбаева З.Н. Әлеуметтік психологиясы: Оқу құралы - Алматы: Қазақ университеті,2007.
Қалымбетова Э.К. Еңбек психологиясы: Оқу құралы - Алматы: Қазақ университеті,2008.
Достарыңызбен бөлісу: |