Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ №2
Тақырыбы: «Станциялардың түрлері. Аралық станция»
Орындаған: Базарбай Т.С
Тобы: ОП-413
Тексерген: Жумадилова Г.А
Семей
2015
Жоспар:
I Кіріспе
1.1 . Аралық станса
II Негізгі бөлім
2.1 Аралық стансаның жұмысы және құрылымы
2.2 Аралық стансалардың атқаратын қызметтері
2.3. Аралық стансаның жобалануы
2.4. Стансадағы пойыз және маневр жұмысын ұйымдастыру
2.5. Аралық станса түрін таңдау
III.Қорытынды
IV.Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Аралық станса – пойыздарды қабылдап – жөнелтуді өткізу және басып озу, сонымен бірге жолаушыларды отырғызып – түсіру, жүктерді тиеп – түсіру, жинақталған пойыздарды өңдеу тәрізді операциялар атқарады. Аралық станса теміржолдың барлық желісінде орналастырылады.
Жеке аралық стансаларында сонымен қатар пойздардың техникалық тексерісі және осымен байланысты басқа да операциялар жүргізіледі.
Аралық стансадағы жол таралымы басты және қабылдау – жөнелту жолдарынан басқа арту – тиеу, созу жолдары жатады. Осы стансаларда жолаушылық ғимараттар, платформалар, жүк қоймалары, вагондық таразы және т.б. құрылғылар бар. Жоспарға және жол профиліне, теміржол жолдарына және де басқа жағдайларға байланысты аралық стансалар бойлық түрінде және жартылай бойлық түрінде болады.Аралық стансада техникалық, жолаушылық, жүк және комерциялық операцияларды орындау үшін келесі құрылғылар құрастырылады:
-басты жол;
-қабылдап – жөнелтуші;
-созу жолдары;
-сақтандырушы және ұстап қалу тұйықтар;
-станса кезекшісінің орны;
-бағыттама бекеттері;
-кіру және шығу белгілері;
-көрші станса және пойыз диспетчерімен байланыс құралдары.
Аралық стансаның жұмысы және құрылымы: жұмыс көлемі бойынша кішігірім стансалар біршама жол айырылымдар мен озу бекеттерінен үлкенірек. Аралық стансаға келген вагондар пойыздардан ағытылып, локомотивтермен оларды жүк аудандарына жібереді, сол жерде оларды түсіреді. Сонымен қатар бұл жерге теміржол арқылы жөнелтілетін жүктер автомобильмен әкелінеді.Тұрғылықты бөлімшеге жақын орналасқан аралық стансаларда пойыздарды қабылдап – жөнелтумен байланысты операцияларынан басқа да, жолаушылық және жүк операциялары, вагондарды жұмсама және жинақталған пойыздарға тіркеу және ағыту, сонымен қатар осы вагондарды тиеу және түсіру бөлімшелеріне жіберу сияқты операциялар орындалады.Сақтандырушы туйык бұл поездардын жүру маршрутын жылжымалы құрамның шығу үшін ескерту үшін арналған тұйық жол,Ұстап калушы тұйық бұл қозғалы кезіндегі поездардың бір бөлігін немесе пездардың басқаруын жүзеге асыра алмаған кезде,поездардың аялдамасы үшін арналған тұйық жолБасты жолдардың саны темiр жол бөлiмшесiнiң қажетті өткiзу қабiлетiнiң салыстырылуымен (қажеттi резервтi есепке алған жағдайда) теміржол желісіндегі пойыздардың қозғалыс әдісіне байланысты екі немесе бірқатарлы жолдардың нақты өткізу қабілетімен анықталады.
Қабылданған қажетті өткізу қабілеті перегонның өткізу қабілетімен келтіріледі. Стансада автоблокировка кезінде поездың тәуліктік саны 42 жұптан кем, ал жартылай автоблокировка кезінде 30 жұптан кем – 1 басты жол қабылданады; автоблокировка кезінде тәулігіне 42-ден 144 поезд жұбы, ал жартылай автоблокировка кезінде тәулігіне 30-дан 72 поезд жұбы – 2 басты жол қабылданады.
Өткізу қабілеттілігі –жүктермен жұмыс жасағандықтан, станцияда қабылдап — жөнелту , тиеп — түсіру үшін арналған және де вагондарды сұрыптау жолдары орналастырылады.
Вагондық шаруашылық – вагондардың ағынды ағытуының жөңдеу бөлімшесі немесе вагонды жөңдеу депосы, құрамалардың техникалық қызмет көрсету бөлімшесі;теміржол бөлімшесінің барлық бөлімдеріне материалды-техникалық қамтамасыз ету құрылғылары; станса бастығының конторасы, бағыттама мен белгілердің электрлік орталықтандыру бекеті және т.б.
Кезекшілікке стансаның жұмысының қарқынды жоспары станса бастығымен немесе оның орынбасарымен бекітіледі және келесіден тұрады:
- пойыздарды қабылдау, жөңелту, жинау, тарату бойынша тапсырмалар;
- жүктерді артуға және түсіруге тапсырмалар;
- темір жолды күту және станцияны реттеу және жөңдеу жұмыстары бойынша жоспарлық жұмыстармен, сонымен қатар қар тазалағыш машиналар жұмысымен байланысты тапсырмалар.
Тік жазықтықтағы теміржол сызығының жер төсемі кескіні бойлық пішінді береді.
Қалыпты бойлық пішін – жер жұмыстарының аумағын анықтауда, жаңадан салынып жатқан құрылыстармен құрылғылардың тиімді орналасуы үшін аса қажет.
Бұрмалы бағыттама – релістер жолдардың жалғасуы және қиылысуы , бір релістік жолдан басқа жолға жеке экипажды немесе поездарды ауыстыру үшін қызмет атқарады
Аралық стансалар келесі қызметтерді атқарады:
а) жолаушылық пойыздарымен
– станса арқылы басты жолдар бойынша оларды тоқтатпай жіберу;
– қабылдап-жөнелту жолында тоқтаумен, қасында жолаушыларды қабылдап-түсуріге жолаушылық платформалар, почталар мен багаждарды тиеп түсіруге арналған жолдар орналасқан;
б) транзиттік жүк пойыздары
– басты жолдар бойынша оларды станса арқылы жіберу;
– қабылдап-жөнелту жолдарында басып озу арқылы оларды тоқтату;
в) жинақталған жүк пойыздарымен
– станса алаңына және кірме жолдарға тағайындалған, қабылдап-жөнелту жолдарында вагон топтарын қосып – ағыту.
Еңбекті қорғау — бұл заңдастырылған актілердің жүйесі, яғни әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік профилактикалық шаралардың және құралдардың, қауіпсіздікті қамтамсыз етуші, еңбек барысында адам денсаулығының және жұмысқа қабілеттілігін сақтау. Ол өндірістік қауіп қатерлерді және кәсіби зияндылықтарды табумен және зерттеумен, сондай ақ оларды болдырмау немесе әлсірету әдістерін өңдеумен шұғылданады. Бұл өндірісте жазатайым оқиғалардың және жұмыс істеуші кәсіби аурулардың, аппараттардың және өрттердің жоюына, еңбекті қамтамасыз етуіне жағдай жасайды.
Еңбекті қорғаудың негізгі методологиясында еңбек шарттарын талдауды, технологиялық процесті, өндіріс жабдықтауды, қауіптік және зиянды өндірістік факторлардың пайда болу мүмкіншіліктерін көру нүктесінен қолданылатын және алынған заттарды көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 24- бабына сай сұрыттау стансасының әрбір қызметкері еңбек бостандығына , қызмет түрін және кәсібін еркін таңдау құқығына ие болады. Мәжбүрлік еңбек тек қана сот үкімі бойынша не төтенше шарттарда немесе соғыс жағдайында рұқсат етіледі.Темір жол қызметкерлерінің әрбірі уақыт және орынның ішкі тәртіп ережелерін естен шығармауы қажет. Тұрақты қырағылықты көрсету жолдарында сақтық және алды-артын қарап жүру, әсіресе тәуліктің түнгі уақытында, ауа райының ашық болмауы, ғимараттан, вагоннан басқа объектілерден жолдарға шығу кезінде аса сақ болуы қажет.
Технологиялық тәртіпті жақсарту басқару жүйесін жетілдіру, инфрақұрылым мен жылжымалы құрамды жаңғыртуға инвестиция тарту, қауіпсіздік шараларына арналған мақсатты инвестиция тарту арқылы 2007-2010 жылдары ақаулықтардың жалпы саны 3,7 есеге, ал ерекше ақаулықтардың саны 2,1 есеге азайды.2011 жылдың алғашқы жартысындағы қозғалыс қауіпсіздігіне жұмсалған қаржы 49 млрд. теңгені құрады. Осы аралықта қозғалыс қауіпсіздігін бұзу оқиғалары 20%, ақаулықтар 23%, ерекше ақаулықтар елу пайызға азайды.
Қазақстан темір жолының қауіпсіздік көрсеткішін, сапаны, экономикалық көрсеткішті, басқару жүйесіндегі ашықтықты қамтамасыз етуі, тұтынушылар мен әріптестермен қатынасты жақсартуы, акционерлермен және үйлестіруші органдармен жұмысты табысты жүргізуі – өз кезегінде компанияның халықаралық және ұлттық инвестициялық жобаларды жүзеге асыруында ішкі және сыртқы ресурстарын жұмылдыруға қызмет етеді.
Аралық станцияның жобалануының желі категориясы – II, пойыздардың қозғалысының максималды жылдамдығы – 120км/сағ, ең қысқа қабылдап – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы – 850 м, аралық платформаның түрі –төменгі, тартылыс түрі – тепловозды, қозғалыс өлшемдері (пойыздар жұбында) – 68, сигнализация және байланыс құралдары – автоблокировка, бағыттама мен белгілерді басқару тәсілі – Электрлік орталықтандыру, вокзалдың есептік сыйымдылығы (бір жолды бөлімшеде – 50 адам, екі жолды бөлімшеде – 100 адам), есептік жүк айналымы – бекілмеген. Жүк алаңының құрылғылары (ұзындығы, м):?, жабық қойма – 55 м; жабық платформа – 62 м; ашық платформа – 58 м; контейнерлі алаң – 84 м; үйілмелі алаң – 104 м. Станциядағы рельстің түрі – басты жолдарда Р65, қабылдап – жөнелту жолдарында Р50. Көлденең бойлықтағы жергіліктің жоспары (сурет нөмірі) –32, Станция алаңының ұзындығы – 2400 м, жолаушылар платформасының ұзындығы – 470 м, платформа арасындағы өткел түрі – төсеніш. Жол аралық ені – 18м.
Аралық станса -жеке бөлімнің жол дамуындағы ең көп таралған түрі. Бұл стансада мынадай операция түрлері орындалады:
— жолаушы және жүк пойыздарын қабылдап, жөнелтеді, тоқтауына жағдай жасайды;
— Пойыздардың басып озуы;
— Пойыздардың қиылысуы;
— Жолаушыларды түсіріп және мінгізу;
— жүктерді тиеу – түсіру, сақтау, жүк құжаттарын рәсімдеу;
— құрама пойыздардан вагондарды ағыту және оларға тіркеу;
вагондарды жинау және жөнелту маршрутының вагондарын құрастыру;
— вагондарды өлшеу.
Жалпы аралық стансаның жобасы өткізу қабілетінің есеп уақытын және оның болашақта дамуын қамтамасыз ету керек. Аралық стансадағы ең қысқа станса алаңының ұзындығы жадуал 2.5.1 көрсетілген.
Аралық стансадағы ең қысқа станса алаңының ұзындығы – 1450 м.
Кесте 2.5.1
Аралық станса IІ жолдық учаскеде 1 жәрежеде жобаланады. Берілген қабылдау – жөнелту жолының пайдалы ұзындығы 1050 метр, станса алаңының ұзындығы 1450, стансаға жақындау бедер еңістігі 7% — 3%.
Жобаланатын аралық станса IІ жолдық учаскеде орналасады. Максимальды қозғалыс жылдамдығы 120 км/сағ. жақын жатқан теміржол аралығы автоблокировкамен қамтылады, тартқыш түрі – Тепловоз. Бағыттама және сигналдарды басқару үшін станса электрлік орталықпен қамтылған. Жұп және тақ бағытындағы ең қысқа қабылдау – жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығы 850 метрге тең.Жобаланатын стансаның оңтүстік – батыс жағынан кірме жол іргелес орналасады. Қызмет көрсету мекемелері тәулік сайын құрама пойызбен вагон қабылдайды.
Аралық стансада мынадай құрылғылар орналасады:
— I – басты жолдар;
— Қабылдау – жөнелті жолдары –2,3;
— Тартымды және тұйық жолдар – 8,9жолдар;
— Түсіріп – тиеу жолдары – 7 жол;
— Жолаушылар ғимараты және платформалар – 3 жолдан.
Аралық стансада мынадай операциялар орындалады:
— жолаушы және жүк пойыздарын қабылдау және жөнелту; оларды өткізу;
— пойыздардың басып озуы және қиылысуы;
— жүктерді түсіріп – тиеу және сақтау, жүк құжаттарының толтырылуы;
— құрама пойызынан вагондардың ажыратылуы және тіркелуі;
— тиелген вагондармен жөнелту маршрутына топ жинақтау;
— вагондарды өлшеу.
Теміржол мамандарының көбісінің жұмысы пойыз қозғалысымен және маневр жұмысымен байланысты. Теміржол шекарасы пойыз жүретін болғандықтан адам өміріне қауіпті, сондықтан жолда тұрғанда аса аңғарымды болу керек. Және де барлық қауіпсіздік сұраныстарды орындак қажет, егер орындамаған жағдайда ауыр жағдайға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Ең бастысы жұмысшылар жолда тұрмауы керек, жолдан өтер алдында жан – жағына қарап алуы қажет. Егер жылжымалы құрам келе жатса, оның өткізіп бар өтуі тиіс. Теміржолдан өткен кезде релісті баспай, ұштама мен жанама релістің арасына және айқастырманың ойық жағына тұрмау қажет.
Теміржол бойымен жүруге болады, яғни жол аралығының ортасымен және жер төсеменің жегіменін. Ол үшін жан – жағынан мұқият қарап өтулері керек. Жол табанының ішімен және шпалдар арасымен жүруге тиым салынады.Станса территориясында қызмет орнына қарай өтуге арнайы қауіпсіз маршруттар ұйымдастырылады. Мұндай маршруттар жанында «Қызметтік қарай өту» белгі көрсеткіші қойылады, сонымен қатар «өтуге рұқсат жоқ» деген рұқсат етілмейтін белгілер қойылады. Және де «Пойыздан сақтан» немесе абайлаңыз! Габаритсіз жер ескерту белгілері қойылады.
Барлық теміржол жүйесіндегі жұмыстар «Теміржолдың техникалық пайдалану» ережесіне сай болу керек. Теміржол жұмысшыларына сигнализация жөніндегі инструктаж, техникалық қауіпсіздік жөнінде ережелер және де өндірістік тазалық шаралар ұйымдастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |