Қорытынды Осы өздік жұмысымда стансаның техника-пайдалану сипатамасы бөлімінде поездарды құру жоспарына сәйкес қазіргі жаңа техника, автоматика мен телемеханика құрылғыларымен стансаның жұмыс жайлы мәліметтер қарастырдым. Аралық стансада маневрлік жұмыстарды құрама пойыздың локомотивімен орындайды, бір немесе бірнеше стансаға бекітілген арнайы лакомотивтермен, ал кейбір кезде итергіш және тартқыш лакомотивтерді қолданады. Егер аралық стансаға қызмет ету кезінде арнай локомотив бөлінетін болса, оның жұмысы кесте бойынша орындалады. Бұл кесте қозғалыс кестесіне байланысты болады, стансадан жөнелтілетін вагондар құрама пойыздың келуіне дейін, тіркелуге дайын тұруы үшін, ал қабылданған вагондар ажыратылуынан кейін түсіріп – тиеу жұмыстарына берілгенше күтіп тұрмауы үшін.Пойыздың соңғы жағындағы маневрларды мұндай стансада маневр локомотиві орындайды, ал пойыздың басты бөлігінде құрама пойыздың локомотиві орындайды. Құрама пойызды шығарып салатын басты кондуктор стасадағы жинақталуды, құрамдағы вагондарды дұрыс орналасуын тексереді.Жол бойында тіркелетін вагон құжаттарын жинайды, ал аралық стансада вагондардың ажыратылуын және тіркелуін басқарады.Құрама пойыздың өңдеу уақыт нормасын техналогиялық операциямен бірге анықтайды, екеуінің біреуінің параллель орындалуын ескере отырып маневрлік жұмыстардың уақыт нормасын анықтау үшін алдымен вагондардың ажыратылу және тіркелуінің орташа көлемін, вагондарды беру және жүк жұмысының пункттерін жинақтау мөлшерін анықтайды.Уақыт нормаларын формула бойынша маневр жұмысының техникалық жинақтау басқармасы есептейді.