СөЖ №3 (студенттің өзіндік жұмысы) Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: ХІХ ғ. Іі-жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы



Pdf көрінісі
Дата10.04.2023
өлшемі133,63 Kb.
#80853
Байланысты:
Манапова Амина СӨЖ3 2



Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 
Университеті 
 
 
 
СӨЖ №3 
(студенттің өзіндік жұмысы) 
 
Пәні: Қазақстан тарихы 
Тақырыбы:
 ХІХ ғ. ІІ-жартысы – ХХ ғ. басындағы Қазақ 
интеллигенциясының қалыптасуы
 

• Орындаған: Манапова Амина 


• ҚБ 103-топ 
• Тексерген: Оспанова Р. 


Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде, жаңаша ой-пікір мен көзқарастың 
қалыптасу белесінде халқымыздың өткен жолы мен оның рухани 
түлеуін тану құралы ретіндегі тарихи ғылымының көкейкестілігі, мән-
мағынасы күрт кеңейіп, толыға түсуде. Отандық тарихнамада тарихты 
бұрынғысынша түсінуден арылып, оны қайта қарап, соны талдау 
жасау белең алып келеді. 
Зерттеушілерге ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас 
кезеңі ерекше ынта-ықылас туғызатыны даусыз. Ресейде капиталистік 
қатынастардың дамуы орталықтағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл 
отарлық шет аймақтардағы өмір салаларында да- экономикада, 
мемлекеттік құрылымда, мәдениетте ғаламат өзгерістерге жеткізді. 
Жаңа экономикалық укладтың объективті заңдарының ықпалымен 
қазақтың қоғамдық санасында елеулі өзгерістер орнығып, ұлттық 
интеллигенция қалыптаса бастады. 
Кеңес үкіметі кезінде қоғамдық ғылымда үстем болып келген таптық 
көзқарас ұғымы әрбір адам мен әрбір халықтың жеке өзінің 
бостандығы, бүкіл адамзат мәдениетіндегі жетістіктерге еркін қол 
жеткізу құқығы сияқты жалпы адам баласына тән өркениетті игеру 
жолында құжырлылықпен күрескен ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ 
интеллигенциясының қызметін объективті зерттеуге кедергі жасады. 
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу тарихы, осы процестің тарихи-
мәдени алғышарттары бір жақты қарастырылды. Қазақ 
интеллигенциясы алдыңғы қатарлы орыс мәдениетінің ықпалымен 
қалыптасып, дамыды деген сыңаржақ қағида орын алды. Қазақ 
интеллигенциясын қалыптастырудағы ұлттық рухани бастау-көздер, 
қоғамда орын алған әлеуметтік- экономикалық және саяси 
жағдайлардың ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бас 
кезіндегі қазақ интеллигенциясының жеңе легінің пайда болуы мен 
оның нақтылы іс-әрекетіне жасаған әсері зерттеушілер назарынан тыс 
қалды. Ал Алаш қозғалысының пайда болуына ұйтқы болып, Алаш 
партиясы мен Алашорда үкіметінің белсенді қайраткерлері болған 


Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары "халық 
жаулары" деген жалған жалалармен айыпталып, олар туралы айтуға 
да жазуға да ресми түрде тыйым салынды. 
Осынау күрделі тарихымыздың кезінде зерттеуге тыйым салынған 
"ақтаңдақ" беттерін саралау бүгінгі күн тарихшыларының алдындағы 
үлкен міндеттердің бірі. Демек, қарастырылып отырған тақырыбымыз 
арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға әбден лайық, тарих 
ғылымындағы өзекті мәселелердің бірі. 
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, 
адамдардың өздерін күш қолданатын революция емес, қоғам 
мүшелерінің санасын өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды 
жаңғырту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, 
қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. 
Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды 
және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған 
бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық 
сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам 
жеке дара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы 
әзірлеумен кәсіби тұрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. ХХ 
ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамында Қазақ газеті мен Айқап 
журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай 
интеллектуалдар тобы болды. 
Ұлттық зиялы қауым ХХ ғасырда біршама тарих сынынан өтті. 
Монархтық Ресейдің ХIХ ғасырда жүргізген отаршылдық саясаты 
күрескер, ұлтшыл азаматтардаң өмір сахнасына шығуына себеп 
болды. Аталған режим өз бағытын негіздеу үшін қазақ даласында 
орыс-қырғыз школдарын ашып, ұлт интелигенциясын ықпалында 
ұстағысы келді. Бірақ бұл керісінше болып шықты. Жастардың бірден-
сараны алдауға ергені болмаса, көбі отаншыл, елжанды боп өсті. 
Шоқан, Ыбырай, Абай, Мұхамедсалықтарды үлгі тұтты. Алайда 
бұлардың бәрін отаршылдық жүйенің құрбаны деп есептеді. Тіпті 


олардың тосыннан келген ажалына осы режим кінәлі деп санады. 
Сондықтан ендігі жерде топтаса күресудің, сауатты саяси текетірестің 
амалын қарастырды. Осы көзқарас жаңа тұрпатты интеллигенцияның 
ой-сана темірқазығы еді. 
ХХ ғасырдың басындағы, қазақ халқының идеологиялық өкілдері 
рөлін атқарған қазақ ұлттық демократиялық интеллегенциясы өзінің 
алдына халқын дағдылы санадан бостандықтың, тәуелсіздіктің ең 
жоғары мұраттарына бастайтын нақты жолды міндет етіп қойды. Ол 
қазақ халқының объективті мүдделері мен жағдайын жүйеге 
түсірілген теориялық білім ретіндегі идеолдогиялық деңгейде ұғынып 
білдіруге, оның саяси күрес бағдарламасын тұжырымдауға ұмтылды. 
Демократиялық ұлттық интеллегенция қоғамның таптарға бөлінуі 
мойындамай бүкіл халық атынан әрекет етті. Олар өз халқына 
тәуелсіздік және отаршылдық құлдықтан азаттық алу жолындағы 
күресте көмектесуге ұмтылды, әрбір адам мен әрбір халықтың жеке 
бостандыққа және бүкіл адамзат мәдениетінің жетістіктері мен 
табыстарына еркін қол жеткізу құқығы сияқты жалпы адамзаттық 
қазыналар жолында күресті. Осы мақсатпен қазақ интелегенциясы 
1905 жылдан бастап саяси қызметті қызу өрістетті. Қазақ 
интелегенциясы саяси қызметінің қорытындысында «Алаш» партиясы 
құрылды. 
Саяси күреспен қатар қазақ интелегенциясы ағартушылық қызметті де 
кеңінен өрістетті. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы 
дәрігерлердің, саясатшылардың, судьялардан, ақын- жазушылардан 
қаралып, мұның өзі қазақ ғылымының орнығып, алғашқы қадамдар 
жасауы үшін А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ә. Бөкейханов, Х. 
Досмұхамедов, М. Тынышбаев, Ж. Ақбаев ж.б. қыруар істер 
тындырды. Мәселен, Ә. Бөкейханов қазақ халқының саяси және 
құқықтық сана- сезімін қалыптастыру жөнінде көп іс тындырған 
тамаша саясатшы ғана емес, сонымен қатар ғұлама экономист, 
әдебиетші және тарихшы болған. Оның қазақ халқының тарихын, 


әлеуметтік- экономикалық жағдайы мен мәдениетті зерттеуге 
арналған монографиялық мәні бар «Қазақтар» атты мақаласы 1910 
жылы Петербургте жарияланды. 
Қазақ интеллегенциясының шығармаларында қоғамның негізгі 
идеялары, ой- пікірлері мен көзқарастары қарастырылған. Олар өз 
мақалалары мен кітаптары арқылы өз халқын ғасырлар бойы мүлгіген 
тіршіліктен оянуға, оны экономикалық және рухани тәуелділіктен азат 
етуге, өркениетті даму жолын нұсқауға ұмтылды. Қазіргі кезге дейін 
құнын жоғалтпаған А. Байтұрсыновтың «Маса» және М. Дулатовтың 
«Оян, қазақ» кітаптары нақ сол мақсатқа арналды. Қоғамды 
демократиялық жолмен жаңғырту жолындағы қозғалыс, әсіресе 
бірінші орыс революциясы самодержавиені біраз кеңшіліктер жасауға 
мәжбүр етті. Бастапқыда олар саяси салада булыгиндік Дума құрудан 
көрінді. 
І Мемлекеттік Думаның жұмысына қазақтың көзі ашық, зиялылары: 
Торғай облысынан- А. Қ. Бірімжанов, Уфадан- С.С.Жантөреев, 
Оралдан- А. К. Кәлменов, Астраханнан- Д. С. Ноян- Түндітов, 
Ақмоладан- Ш. Қосшығұлов және Семейден Ә. Бөкейхановтар 
қатысты. 1907 жылғы 20 ақпанда ашылған ІІ Мемлекеттік Дума 
құрамына қазақ халқынан оқыған мына зиялы азаматтар енді: 
Ақмола облысынан- Ш. Қосшығұлов, Торғайдан- Ғ. Бірімжанов, 
Семейден- М. Тынышбаев, Сырдариядан- Т. Аллабергенов, Оралдан-
Б. Қаратаев, Астраханнан-Б.Құлманов. 
Қазақ интеллигенция өкілдері Мемлекеттік Дума жұмысына 
қатысуымен қазақ халқын сырттан жасалатын күйретуші әсерден 
қорғайтын қандай да бір заң қабылдауға қол жеткізуді мақсат етті, 
дегенмен де олардың Думаға қатысуының ең басты нәтижесі, 
негізінен, оның қазақтың ұлттық бірлігін нығайтуға және олардың 
саяси деңгейін көтеруге көмектескендігінде болды. Қазақ халқының 
Ресей империясына ортарлық құлдыққа түскен бүкіл кезең ішіндегі 


азаттық жолындағы күресінің шырқау шыңы 1916 жылғы ұлт- азаттық 
қозғалысы болды. 
Қазақ халқының тарихында 1916 жылғы оқиғаларда қазақ 
интеллегенциясының алған орны мен атқарған рөлі туарлы мәселе ең 
жанға батарлық мәселеге айналды. «Алаш» партиясының негізі 
болған «буржуазияшыл- ұлтшыл» деп аталатын интеллегенция «қазақ 
халқының жауы және сатқандары», «барып тұрған 
контреволюционер», «патша малайлары» және т.б. сияқты 
ұғымдармен көрсетілді. 
ХХ ғасырдағы ұлт интелигенциясы тарихында аумалы-төкпелі 
оқиғалар көп болса да, үш сапалық кезеңі аңғарылады. Олар 10-20 
жылдардағы Алаш зиялылығы кезеңі, 50-60 жылдардағы ғылыми-
шығармашылық интеллигенцияның өрістеу кезеңі, 80-90 жылдардағы 
қоғамның ояну кезеңі. 
Алаш зиялылығы кезеңінде өркениетті мемлекет құру мәселесі, 
ұлттың тағдыры болашағы күн тәртібіне қойылды. Бұл жолдағы 
күресті 
Ресей шындығындағы құқықтық жолмен жүргізу көзделді. Ашық 
тартысқа шығуға бодандықтан еңсесі түскен елдің жайы мұрша 
бермеді. Оқығандардың Ресейдегі түрлі партияға кіруі, ақырында 
одан күдер үзіп өздерінше саяси партия құруы, әрқилы 
шаруашылықтық- экономикалық механизмдермен қоғамдық-
әлеуметтік шаралармен ел әл- ауқатын жақсартуға қам жасауы, 
айлық, жылдық учительдік курстарды ашуы, негізгі мықты,бағыты 
анық газет-журналдар шығаруы- ХХ ғасырдың 10 жылдарындағы 
жетістіктер. 1917 жылғы Ресейдегі төңкеріс Алаш қозғалысына 
тұтқиылдан соққы болып тиды. 1919 жылдан бастап зиялылар күрес 
тактикасын өзгертті. Оқу-ағарту, баспасөз саласында жүріп халықтың 
деңгейін көтеруге тырысты. 1926 жылы мемлекеттік ұлт театрын 
құрды, 1920-1929 жылдары ғылымның барлық саласы бойынша 


оқулықтар жазды. Қазақ ән-күйлері нотаға түсіріліп алғашқы 
киносценарий жазылды, фольклорлық мұралар жинастырылды. 
Академиялық орталық құрылды. Осы істерге Әлихан, Ахмет, 
Міржақып, Смағұл, Тұрар, Сұлтанбек, т. б. ұйытқы болды. 20 
жылдардың соңы мен 30 жылдары ұлт интеллигенциясы жаппай 
репрессияланды. 
Алаш зиялылығының тоталитаризм кезеңінде шет елде жалғасып, 
үмітті өшірмеген уақыты да болған. Бірақ эмиграцияға кеткен қазақ 
саусақпен санарлықтай. Алғаш шетке кеткен (1918) Мұстафа Шоқай 
1941 жылы өлтірілді. Сонда жүріп ызбарлы Кеңеске қарсы біраз еңбек 
жазғанымен, барын бере алмай кетті. Зәки Уәлиди секілді естелік 
жазуға да ғұмыр бұйырмады. 1922 жылы Қытай асқан Райымжан 
Мәрсековтің онда немен айналысқаны бізге белгісіз. Бірақ ол да 
сонда 1937 жылы өлтірілді. Анығы: Мұстафа, Райымжан сынды рухы 
күшті жандар алаштың келешегі үшін басын бәйгеге тіккені.[8] 
50-60 жылдары ғылыми-шығармашыл интеллигенцияның өрісі 
кеңейді. Мұхтар, Сәбит, Ахмет, Шәкен, Әлкей, Қаныш, Әбілхан т.б 
соңынан мол шәкірт ерді. Алғаш филиал ретінде құрылған ғылым 
академиясы іргелі ғылым жасауға ұйытқы болды. Әл-Фараби, Абай 
құбылысы зерделене бастады. Білімді қаламгер, сауатты оқырман 
өсіп шықты. Әдебиетшілердің санаткерлердің жаңа толқыны өмірге 
келді. Жас тұлпар секілді ұйымдар туды. Шенеуніктер мәдениетке 
ынтық болды. Белгілі жағдайлармен соғыс жылдары ашылған өнер 
ошақтары мен оқу орындарында ұлт интеллигентері көбейді.[9] 
Қазақ интеллигенциясының басты сіңірген еңбегі мынада: ол 
бүкілресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ 
қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, 
бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси 
бостандықтарды пайдаланып, туған халқын феодалдық- 
патриархаттық мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, 


оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын 
көрсетуге ұмтылды. 
Қорытындылай келе айтарым қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа 
интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп 
отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда 
интеллигенция белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп 
отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі 
жоғары интелигенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы 
туралы, оның санаға және сана-сезімге қатынасы туралы мәселе 
туралы мәселе көтерді. 
Пайдаланған әдебиеттер. 
1. Смағұлова С.О. Ұлттық интеллегенция және ХІХ ғасырдың аяғы мен 
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы аграрлық мәселе: ь/ 07. 00. 
02: тарих ғыл. канд... дис. Автореф. / - Алматы, 1999. – 25 б. 
2. Айымбетов С. Қазақстан зиялылары: саны мен құрамы (1926- 1939 
ж ж) // Қазақ т арихы. – 1998. - No 2. – 32- 34 б. 
3. Әбжанов. Х. Қазақ интеллегенциясы қашан туған?: / Тарихи 
деректер / // Қазақстан коммунисі.- 1991. - No 2. – 68- 72 б. 
4. Әбжанов Х. Тарих және қазақ зиялылсы: / Қазақстан 
интеллегенциясы /// Егемен Қазақстан. – 2002.- 25 қырк. 
5. Даркенов Қ. 20- 30 жылдардағы қазақ интеллегенциясы: тарихи 
талдау // Білім.–2004.-No2.- 71-76б. 
6. Қуандық Е. Кеңестік иделогия және қазақ интеллегенциясы. // 
Қазақстан жоғары мектебі. – 2001. - No 4- 5. – 101- 109 б. 
7. Кәкен А. Қазақ зиялыларын қудалау // Тураби. 1999. - No 4. – 91- 
106 б. 
8. Қазақтың оқыған зиялылары // Тураби. – 2000. - No 4. – 40- 42 б. 


9. Құлжабаев М. Ұлтшылдық бағытын ұстаған кімдер: / 20- 30 ж. 
қазақтың 
ұлттық интеллегциясының бұрмалануы // Қазақстан коммунисі. – 
1991. - No3.–43- 45б. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет