Монолитті жүйе
Жалпы жағдайда монолитті жүйені ұйымдастыру үлкен ретсіздік болып табылады. Яғни, осы сияқты құрылым жоқ. Операциялық жүйе әрқайсысы өзіне қажет кезде басқа процедураларды шақыра алатын процедуралар жинағы ретінде жазылған. Мұндай техниканы пайдалану барысында жүйенің әрбір процедурасы параметрлер және нәтижелер терминдерінде қатаң анықталған интерфейске ие болады, және олардың әрқайсысы өзіне қажетті қайсыбір жұмысты орындау үшін кез келген басқасын шақыру мүмкіндігіне ие.
Монолитті жүйені тұрғызу үшін барлық жеке процедураларды жинақтау қажет, содан кейін оларды жинақтаушы (компоновщик) көмегімен бірыңғай объекттік файлға байланыстыру қажет. Мұнда іске асырудың жасырын детальдері толығымен жоқ - әрбір процедура кез келген басқа процедураны көреді (ақпараттың көп бөлігі модуль үшін локальді болып табылатын және модуль процедураларын тек арнайы анықталған кіріс нүктелері арқылы ғана шақытуға болатын модульдерден тұратын құрылымға қарағанда). Алайда мұндай монолитті жүйелердің өзі қайфсыбір құрылымға ие. Операциялық жүйелерден қолдау табатын жүйелік шақыруларға жүгіну барысында параметрлер қатаң анықталған орныдарға – регистрлер немесе стекке орналасады, одан кейін ядро шақыру немесе супервизор шақыруы ретінде белгілі үзілудің арнайы командасы орындалады.
Клиент-сервер моделі
VM/370 жүйесі дәстүрлі операциялық жүйе кодының айтарлықтай бөлігін жоғары деңгейге, CMS жүйесіне (кеңейтілген машинаны қамтамасыз ететін) тасымалдау арқылы қарапайымдылық жағынан ұтады.
Алайда VM/370 және бұл жерде де күрделі кешендік бағдарлама болып қала береді, өйткені бірнеше виртуалды 370-х машиналарын модельдеу оңай емес (әсіресе, егер сіз оны жеткілікті түрде тиімді еткіңіз келсе).
Қазіргі кездегі операциялық жүйелерді дамытуда кодты ары қарай жоғарғы деңгейге ауыстыру және ядро режимінен минимальді микроядроны қалдыра отырып барлық мүмкін нәрселерді жою барысындағы тенденция бақыланады. Әдетте, бұл операциялық жүйенің көптеген есептерін орындауды пайдаланушылық процестерге арта салумен жүзеге асырылады. Қандайда бір операцияға сұраныс ала отырып, мысалы файл блогын оқу, пайдаланушы процесі (қызмет көрсетілетін процесс немесе клиенттік процесс деп аталатын) оны өңдеп, ажауап қайтаратын серверлік (қызмет көрсететін) процеске сұраныс жібереді.
2. Процестер және басқару ағымдары. Процесс ұғымы.
Процесс ұғымы қазіргі операциялық жүйелердегі негізгі ұйымдардың бірі болып табылады. Операциялық жүйе тұрғысынан алғанда, процесс жұмыс бірлігі, жүйелік ресурстарды тұтынуға өтініш. Егер процесс пен программа арасындағы қатынасты айтатын болсақ, онда келесі екі бекітім әділ:
• программа бұл процесс күйінің бөлігі.
• программа жұмысты орындау үшін бір процестен көбірек шақыруы мүмкін.
Процестер операциялық жүйеде иерархия құрайды. Соған сәйкес, туылған процестерді – берілген процестердің ұрпақтары, ал туылған процестің ата-анасын – бабасы деп атайық. Процестің негізгі күйлерін белгілейік (3.1 сурет):
Достарыңызбен бөлісу: |