Ядро архитектурасын типі бойынша жіктеу
2 Операциялық жүйенің функциялары мен міндеттеріОперациялық жүйенің негізгі функциясы
Бейнелеп айтқанда, ОЖ-нің негізгі функциясын сиқырлаушылық деп есептеуге болады – жүйенің нақты бейнесінен жоғарылау күйге түрленуі. Мысалы, операциялық жүйе бір процессорда бірнеше бағдарламаны бірмезгілде орындау иллюзиясын жасай алады. Нәтижесінде пайдаланушы виртаульді машинаны нақты бар машинадан архитектурасы өте жоғары компьютер ретінде қабылдайды.
3 Мультипрограммалау. Уақыт бөлу режимдері.
Мультипрограммалу экзоядрода жүзеге асырылады. VM/370 жүйесінде әрбір пайдаланушы нағыз машинаның дәл көшірмесін ғана алады. Pentium-де 8086 виртуалды машинасы режимінде әрбір пайдаланушы басқа машинаның дәл көшіресін алады. Осы идеяны дамыта отырып, Массачусетс технологиялық институтының зерттеушілері әрбір пайдаланушыны нақты компьютердің абсолютті көшірмесімен қамтамасыз ететін (бірақ ресурстардың ішкі жиынымен) жүйені жасап шығарды. Мысалы, бір виртуалды машина дискте 0-ден 1023-ке дейінгі нөмірлі блоктарды, ал келесісі- 1024-тен 2047-ге дейінгі блоктарды және т.с.с. ала алады.
Ядро режимінде төменгі деңгейде экзояро (exokernel) деп аталатын бағдарлама жұмыс істейді. Оның міндетіне виртуалды машиналар үшін ресурстарды үлестіру, содан кейін оларды пайдалануды тексеру (машинаның бөтен ресурсты пайдалану әрекетін тексеру) енеді. Әрбір виртуалды машина пайдаланушы деңгейінде өз операциялық жүйесімен жұмыс істей алады.
Экзоядро схемасының артықшылығы - бейнелеу деңгейінсіз амалдай алуға мүмкіндік беретіндігінде. Жұмыс істеудің басқа әдістерінде әрбір виртуалды машина 0-ден қайсыбір максимумге дейінгі блоктар нөмірлеуімен өзінің меншікті дискісін пайдаланудамын деп есептейді. Сондықтан виртуалды машина мониторы дискте адрестерді түрлендіру кестесін (және барлық басқа ресурстарды) қолдауы тиіс. Берілген ресурс қай виртуалды машинаға бөлінгені туралы жазбаны ғана сақтау қажет экзоядро бар болған жағдайда түрлендіру қажеттілігі мағынасыз болып қалады. Мұндай тәсілдің тағы бір артықшылығы бар: ол көпесептілікті (экзоядрода) пайдаланушы операциялық жүйесінен (пайдаланушы кеңістігінде) ең аз шығындармен бөліп алады, өйткені бұл үшін оған тек бір виртуалды машинаның басқа машина жұмысына араласуына рұқсат етпеу ғана қажет.
3. Арнай міндетті және әмбебап операциялық жүйелер. Процессорді басқару.
1. Арнай міндетті және әмбебап операциялық жүйелер.
Достарыңызбен бөлісу: |