СөЖ №4 Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтары



Дата02.04.2023
өлшемі14,18 Kb.
#78467

Гайдарұлы Әділ

СӨЖ № 4 Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтары


Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтарына талдау жасау


Негізгі сұрақтар:


Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтары


Қазақстан Республикасы саяси партиялары бағдарламаларының күшті және әлсіз жақтарын талдау


Тезистер

Тәуелсіздік алған жылдары елімізде саяси партиялардың және партиялық жүйелердің орнығуына, тәуелсіз баспасөздің дамуына көп көңіл бөлінді.


Партия – саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дәнекер буын қызметін атқара алады. Партия халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.


1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қазақстан коммунистік партиясы сан жағынан ең көп саяси күш болды.


«ҚХКП» (Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы) Қазақстан Коммунистік партиясының ыдырауы нәтижесінде құрылды. ҚХКП-ға ҚКП-дан 15 мың адам мүшелікке өтті. Партия 2004 жылы сәуірде ҚР Әділет министрлігінде тіркелді.


Партияның мақсаты – қоғамда шынайы халық билігін, терең адамгершілік, еркіндік және ғылыми-техникалық жаңғыру негізінде дамыған экономика, әлеуметтік әділеттік орнату.


«ҚХКП» сипаты – халықтық-коммунистік, мақсаты – коммунизм идеясын сақтай отырып, нақты жағдайда әлеуметтік әділетті қоғам құруға қол жеткізу.


1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды және «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.


Осы кезде «Желтоқсан» партиясы да құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді. Ал жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды.


1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның республикалық партиясы, Қазақстанның халық конгресі және Коммунистік партия.


1994 жылы желтоқсанда «Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы», 1995 жылы қаңтарда «Қазақстанның өрлеу партиясы», 1995 жылдың басында «Қазақстанның аграрлық партиясы», 1995 жылы жазда «Қазақстанның демократиялық партиясы» құрылды.


1999 жылы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.


Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» партиясы өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігуі нәтижесінде қайта құрылды.


Сипаты халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу.


ҚР парламентінің 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы конституциясына партиялық тізім бойынша сайлауды елдің сайлау жүйесіне енгізуі партиялық құрылыс процестерін тездетті.


Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыс, бірлестік құрылды.


2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті.


2002 жылы шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы және 2009 жыл 6 ақпандағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің партиялық жүйесін одан әрі құрылымдық жағынан сапалы түрде өзгертті.


2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының10-съ езінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық Партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.


2013 жылы қазан айында «Нұр Отан» партиясының ХV съезі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды.


Мәжілісте «Нұр Отан» көпшілік орынды иеленді.


2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының әртүрлі көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді.




Жалпы алғанда, Қазақстандағы партиялық жүйе қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі болып саналады және қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызды рөл атқарады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет