Шағатай ұлысы — Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатай билік құрған әкімшілік аймақ. Орталық Азиядан жаулап алған жерлерін төрт ұлының (Жошы,Шағатай, Үшедей,Төле) үлесіне бөліп бергенде Шағатайға Әмудария, Сырдария, Мауераннахр, Жетісу, Іле,Шығыс Түркістан(бұрынғы Батыс Ляо мемлекеті негізінде) жерлері тиді. Ұлыс орталығы әр жылдары Алмалық, Қиялық, Карши, Ақсу қалалары болды. Шағатай ұлысының халқы отырықшы және көшпелі екі бөлімнен құралды. Отырықшы Мауераннахр аумағын империя орталығынан тағайындалған Махмуд Ялавач, кейіннен оның ұлы МасудБек басқарды
Тарихи әдебиеттерде Шағатай ұлысының тұрғындарын шағатайлықтар деп атау орын алған. Бұл атау осы кезеңдегі «көшпелі өзбектер», «ноғайлар», «шайбанилер» деген этносаяси қауымдастықтардың бір түрі. Ол, негізінен, Шағатай ұлысының аумағына кірген жерлердің тұрғындарын құраған жергілікті отырықшы және көшпелі тайпалардың ортақ атауы ретінде қолданылады. Шыңғыс ханның Бөрте ханымнан туылған екінші ұлы – Шағатай әкесінің көзі тірі кезінде-ақ моңғолдардың дәстүрлі құқықтарының жинағы
Ислам діні
Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланыңзаңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында«ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Исламның ортақ тұлғасы — Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы — Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі. Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ.