СөЖ №4. Тақырып: Түркі әлемінің исламға кіру жолдары мен формалары Тексеруші: Орындаған: Буданова А. Т



бет3/4
Дата14.03.2023
өлшемі16,89 Kb.
#74358
1   2   3   4
Байланысты:
СөЖ №4. Тақырып Түркі әлемінің исламға кіру жолдары мен формала-melimde.com (1)

Ұлыс арасындағы күрес


  • Ұлыс арасындағы күрес

  • Шыңғыс ханның тiрi кезiн де-ақ онын ұлдары өз ұлыстарын тәуелсiз иеліктерге айналдыруға ұмтылды. 1227 жылы Шынғыс хан және онын үлкен ұлы Жошы өлгеннен кейiн олардың дербестiкке ұмтылу әрекеттерi одан әрi күшейе түсті. Жошы өлгеннен кейiн оның мұрагері Батый Шыңғыс ханның Батысқа қарай тоқтап қалған жорығын қайта жалғастырады. Ол 1236-1242 жылдары Еділ бойы елдерін, одан әрi бытыраңқы жаткан орыс княздықтарын талкандап, Венгрия, Чехия, Польша жерлерiне дейiн барады. Батыйдың қанды жорықтарынан кейiн Жошы ұлысы Алтайдан Дунайға дейiнгi жерлермен ұлғая түсті. Батый хан Ертіс бойындағы хан ордасын Еділдің төменгі ағысындағы,қазіргі Астрахань маңындағы жерге ауыстырады және жана мемлекеттiң негiзiн салады. Тарихи әдебиетте бұл мемлекет Алтын Орда деген атқа ие болады, астанасы Сарай-Бату деп аталады. Батый хан негiзiн кұрған бұл мемлекет жазба деректерде Жошы ұлысы және оның ұрпақтарының атымен Бату ұлысы, Берке ұлысы деп те аталды

  • Тақ таласы салдарынан 1346 жылы Шағатай ұлысының билігіне Шағатай әулетінен шықпаған Қазаған ноян келіп, 1358 жылға дейін биледі. 1259 — 60 жылы Шыңғыс хан империясы ұлы ханының тағы үшін Құбылай мен Арық бұғаның арасында болған соғыста екіншісі жеңіліп, Шағатай ұлысының жеріне ауып келуіне байланысты Шағатай ұрпақтары екіге бөлінді. Осы кезде Орталығы Азияда тарих төріне Үгедейдің немересі Хайду шықты. Ол Құбылай билігін мойындамай 30 жыл бойы күресті. 1269 жылы ол Орталығы Азиядағы Моңғол ұлыстары өкілдерінің біріккен құ-рылтайын шақырып, империяны таратты (қ. Талас құрылдайы). Өзі Шағатай ұлысында билікке келді. Оның құрған мемлекеті Хайду ұлысы атанды. Дегенмен, Барақ бастаған Шағатай ұрпақтары Мауераннахрабилігін сақтап қалды. Хайду өлгеннен кейін оның ұлысында тақ таласы қайта басталды. Дува ханның тікелей көмегімен Хайдудың тұңғыш ұлы Жапр Емілде билікке келді. Бірақ билікті ұстап тұра алмаған Хайдудың ұрпақтары көп ұзамай Дуванның билігін мойындауға мәжбүр болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет