СөЖ 6 Ақын жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азамматтық әуендер


СӨЖ 8 Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867) шығармашылығы



бет3/5
Дата18.05.2023
өлшемі35,22 Kb.
#94482
1   2   3   4   5
Байланысты:
19ғ әдебиеті сөж 6-10 (копия)

СӨЖ 8
Шернияз Жарылғасұлы (1807 – 1867) шығармашылығы

Махамбет рухында жыр толғап,шаруалар көтерілісіне үн қосқан, халықтың қайнаған шерін өлеңмен шерткен өткір тілді ерен жүйріктің бірі — Шернияз.


Шернияз Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Жарыпшыққан бойын мекендеген кете елінен.Ол жас шағынан ел өмірін, халық тұрмысын жақсы біліп, олардың мұң-мұқтажын жете түсінген. Ақын көтеріліс басталысымен бірден Орда жағына өтіп, Исатай мен Махамбетті өзі іздеп барып қосылады. 1836 жылы Бөкей хандығына келіп Исатайға қосылады, ұзамай оның ең жақын достарының біріне айналады.
Көтеріліс күшпен басылғаннан кейін Шернияз Махамбетпен бірге Жайықтың Шығыс бетіне өтіп, ел аралап үгіт жүргізеді. Махамбетке еріп Хиуаға да барады, бірақ көтерілісті қайтадан бастай алмайды, қуғын азабын тартады. Баймағамбеттің ел кезген жендеттері Шернияздың барарға жерін, басарға тауын қалдырмайды. Ұсталатынына көзі жеткен ақын өзі ханға келіп, өнер асырып, оның кешірімін қабылдайды. Бірақ ол ешқашан өзінің Исатайдың Шерниязы екенін жасырмай, басына түскен жағдайға сай, сақтана жүріп қызмет етеді.
Шернияз он бес жасынан –ақ кішкене ділмар шері атанады. Ол адайдың атақты ақыны Абылмен кездеседі.Абылға еріп ел аралап, одан ақындық өнер үйреніп, Абылдың батасын алады. Кезінде Қашаған ақынмен де кездесіп, тіл қағыстырады.

Менің атым Қашаған,Шынтуайтқа келгенде


Денемді артық жасаған.Үш сиықты баса алам,-
деген Қашағанға Шернияз:
Қашаған болсаң қияға, Ұзын құйрық, жүйрік ат,
Бар күшіңді аяма.Қашқанменен қоя ма?-
деп бір ауыз сөзбен жауап айтқан екен.

Шернияз айтыпты дейтін сөздер, терме, толғаулар көп, ел аузындағы сөздің бірі “Шернияз батасы” деп аталады.


Қонса қоныс бермейді сай дегенің,


Мінсе мініс бермейді тай дегенің.
Үйіне қонақ қондырмас бай дегенің,
Ішсе тамақ болмайды шай дегенің.
Осы шайды шығарған қай дегенің,
Тыңдап отыр сөзімді бай дегенім,
Құрып қап па осы үйде май дегенің?
Бата берем қолыңды жай дегенім,
Бұндай бата бере алмас баз дегенің.
Осы батам сендерге саз дегенім.

Шерниязды аты үш жүзге мәлім.Оны әр облыс ақындары сүйсіне жырлайды.Көкшетауда Алыш, Жетісуда Сүйінбай мен Омарбек, Балқашта Шашубай күні кешеге дейін Шернияз өлеңін жырлап келген-ді.


Шернияз туралы деректер 20 жылдардан бері қарай жиналып, зерттеле бастады. 1925 жылғы ақынның алғашқы жинағынан кейін Ташкент қаласында “Әдебиет терме” жинағы шықты. Бұл жинақты құрастырушы белгілі жазушы І.Жансүгіров еді.Ол жетісулық Омарбек ақынның айтуынан Шернияз өлеңдерінің біразын жазып алып, сол жинаққа енгізді.
1938 жылы жазушылар С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин орта мектептер үшін жазған хрестоматияларына Шернияз өлеңдерін енгізді. Ал С. Мұқанов өзінің 1942 жылы жазған “Қазақтың ХVІII-ХІХ ғасырлардағы әдебиеті тарихынан очеркінде” Шернияз творчествосына тұңғыш талдау жасады. Кейін профессор Қ. Жұмалиев Шерниязды орта мектепке жазған оқулықтары мен 1957 жылы шыққан мақалалар жинағының І томында сөз етті.
Әдебиетші Б. Аманшин 1977 жылы Шернияздың жерленген жерін тауып, оның басына қойылған құлпытасында жазылған деректі жариялады.
Қ. Жұмалиев Шернияздың бұрын басылмаған біраз өлеңдерін жариялады.
Шернияз –заманы артқан міндетті атқару жолында құлшына қызмет еткенжалынды ақын.Ол өз басынан талай ауыртпалықты өткізіп, үстем тап өктемдігін, халық азабын көріп, шерлене өсті. Ханға қарсы қажырлы күрес үстінде шынығып, ақындық жолға шықты. Оның өлеңдерінен көтерілістен кейін қуғынға, бақытсыздыққа ұшыраған халық қайғысы мен хан жендеттерінен қашып-пысқан өз басының өкініші айқын көрінеді Хандардың көтерілістен кейін халық басына түсірген қайғылы кезеңін ақын “азған заман” деп бағалайды. Ол Исатайдай әділ адам билеген еркін өмірді аңсайды. Кейінгі қыспақты кезеңге сол күрес кезіндегі жарқын дәуірді қарсы қояды.
Ақын қандай ауыр жағдайға кезіксе де Исатайдан айнымайды. Оны хан алдында тұрып-ақ дәріптейді. Исатайды ол әрі батыр, әрі әділ қазы, әрі ел қамқоры, қайырымды, адал жан етіп көрсетеді.
Баймағамбет сұлтанның алдына кіріптар болып барған кездің өзінде ақын Исатайсыз сөз айтпайды.
Шернияз Исатай бейнесін үнемі Баймағамбетке қарама-қарсы қоя суреттейді.
Шернияз — сыншыл, турашыл ақын. Ақын поэзиясындағы шындықтың айқын белгісі оның ханды және хан отбасын жамандап айтқан сөздерінен де көрінеді.
Шернияз — Исатай бастаған қозғалысқа саналы түрде қатынасып, жыр шерткен бұқара ниетіндегі ақын. Бірақ ол Махамбеттей тапжылмас ер ақын дәрежесінде тұрып қалмай, кейбір ауытқуларға, жалтара сөйлеп, айлалы әдіс қолдануға душар болды. Сөйтсе де, ақын поэзиясы негізінен реалистік сарыннан аулақтамай, халық мұңымен ұштасып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет