СөЖ №6 «Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» бойынша



бет3/3
Дата17.12.2022
өлшемі271,12 Kb.
#57774
1   2   3
Әңгімелесу әдісі. Оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі — әңгімелесу әдісі. Әңгімелесуді жаңа материалды түсіндіруге кірісу мақсатында да, қайталау кезінде де, оқушылардан сұрау кезінде де, тіпті материалды түсіндіру мақсатында да ұйымдастырып отыруға болады. Мұғалім сабақтың әрбір кезеңінде класқа сұрақтар беріп, оқушылардлың жауаптары арқылы сабаққа белсенділігін арттырып отырады.
Кітаппен жұмыс істеу әдісі. Оқушылар ең алдымен жұмыс істеуге үйретілуі тиіс. Оқулық нақтылы матералдарды меңгеріп, одан тиісті қорытындылар жасап отыруға көмектесетін, практикалық жұмыс икемділігіне нүсқайтын құрал болып табылады. Сонымен бірге оқушыларға сөздіктер мен анықтама кітаптарды пайдалану тәртібі, көркем шығармалар мен ғылыми- көпшілік әдебиеттерді пайдалану жолдары үйретіледі.
Жаттығу әдісі. Жаттығу арқылы оқушы білімі беки түседі. Жаттығу әдісі көп жағдайда қайталаумен байланысты. Жаттығу арқылы теориялык білім қайталанады. Жаттығу күрделі психологиялық функқияларға негізделеді. Ол — оқушылардың сезінуі мен түйсінуіне тікелей байланысты. Жаттығу үстіне қашан белгілі бір дағды қалыптасқанша, оқушының ойлау жұмысы тоқтамайды. Жаттығу зейінді, есті және ерікті белгілі дәрежеде тәрбиелеуге көмектеседі.
Талдау-жинақтау әдісі. Заттар мен құбылыстарды тану үшін олардың жекелеген әлементтерін ажырата білу, жеке бөліктердің атқаратын қызметі мен алатын орнын біле отырып, олардан тиісті логикалық қорытындылар жасап отыру— талдау — жинақтау әдісі бойынша жүзеге асырылады.

2. «Түбір мен қосымша» тақырыбына мультимедиялық көрнекіліктер әзірлеу.






3. Г.Уайсованың «Бастауыш класс оқушыларына алғашқы лексикалық ұғымдар беру» атты мақаласын конспектілеу.
Тіл – қоғамдық құбылыс. Ол таным объектісі ретінде біздің еркімізден тыс өз заңдарымен өмір сүріп жатады. Тіпті өз тілінде сөйлеу үшін ешқандай ереженің де, грамматиканың да қажеті жоқ сияқты. Алайда, ойыңды жүйелі де, күрделі етіп жеткізу үшін тілдің ішкі заңдылықтарын: сөздердің бір-бірімен тіркесу мүмкіншіліктерін, сөйлем мүшелерінің орны мен тәртібін, фонетиканың заңдылықтарын, сөз бен ұғымның, сөз бен мағынаның ара қатынасын, әр сөздің стильдік реңкін, т.б. білу қажет. Осыған орай лингвист-мамандар тілдің табиғатына сүйене отырып, оның ішкі заңдылықтарын ашады, оны дәлелдеп ережеге айналдырады, қолданыстағы сипатын қадағалайды. Тіл заңдылығын айқындауда кумуляция ұстанымы басшылыққа алынады. Оның вертикальды және горизонтальды түрі бар екені белгілі. Біріншісінің негізінде ереже бұрын айтылған пікірлерге, зерттеулерге негізделеді. Ғалым бұл пікірлерді қолдауы да, қолдамауы да мүмкін, бірақ айтуға міндетті.
Кез-келген ғылым тіл арқылы өмір сүреді. Мысалы, философия – қоғамдық сананың формасы, ойлаудың жалпы заңдары жөнінде дүниеге біртұтас көзқарасты қалыптастыруға бағытталған ғылым жүйесі болғанымен, ол тіл арқылы қалыптасады, дамиды. Яғни, тіл - әр ғылымның өмір сүруінің, оны танып-білудің негізгі маңызды көзі, құралы болып табылады. Осыған орай, әр пәнге екі тұрғыдан қарау керек. Біріншісі – тілдік жағы, екіншісі – оқылатын объекті жағы.
Тіліміздегі сөздердің табиғатын түсіну үшін оның дыбысталуы мен мағынасын біліп алу керек. «Дыбысталу сөздің материалдық жағын құрайды. Екі жақ – дыбысталу мен мағына сөздің бір-бірінен бөлінбейтін бөлшектері. Осы екі жақтың бірлігі – сөздің өмір сүруінің және қызмет етуінің шарты».
Дыбыстардың тіркесуі (сөзге айналуы) белгілі бір зат не басқа құбылысты аңғартатын атауға айналады. Бірақ ол сөз (дыбыс тіркесуі) өзі белгілейтін заттың не белгілі қасиетіне қарай тіркесіп сөз құрайтын болса, дүние жүзіндегі түрлі тілдердегі сөз де бірдей болып шығар еді. Сондықтан сөз бен оның аңғартатын мағынасының арасында шартты, тарихи құбылыс қана болады. Ал сөз мағынасы ұғымға байланысты. Сөз жоқ жерде ұғым жоқ. Бірақ ұғым мен сөзді тең қарауға болмайды. өйткені, барлық сөз ұғымды аңғарта бермеуі мүмкін. Мен де сіздерге ілесіп кетпес пе екем? (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемде мен, сіздерге, ілесіп, кетпес сөздері белгілі бір ұғымды аңғартып тұр. Ал де, пе шылаулары мен екем көмекші етістіктің ондай ұғымы білінбейді. Осыдан барып сөздер лексикалық мағынасы бар сөздер (ұғымды аңғартатындары) және лексикалық мағынасы жоқ сөздер деп екіге бөлінеді. Лексикалық мағыналы сөздер лексикологияның зерттеу объектісіне жатады да, лексикалық мағынасы жоқ сөздер тек грамматикалық мағына беретіндіктен грамматика аясында қарастырылады.
Ұғым мен сөздің тең келе бермеуі сөз мағынасындағы экспрессивтік-эмоциялық бояулардан да байқалады. Ұғымда эмоциялық бояу жоқ, ал сөздің бойында жақсы көру, жек көру сияқты көзқарас кездесе береді. Мысалы, жоғал, құры сөздерінде жек көру сияқты эмоциялық реңк бар.
Немесе бір ұғымның бірнеше сөзбен (синонимдермен), керісінше бірнеше ұғымның бір сөзбен (омоним, көп мағыналылық), айтылуы да сөздің ұғыммен тепе-тең емес екенін білдіреді. Сондай-ақ бір ұғымның сөз тіркесімен берілуі де сөзден өзгешелігін байқатады. Мысалы: сары ала, қолқап, көз шырымын алу, төбе шашы тік тұрды т.б.
Олай болса, сөз өзі атайтын зат емес, ол (сөз) сол зат туралы ұғымның санадағы сәулесі. Сөз – жалпылаушы мағынаға ие. Мысалы, ағаш деген біртектес зат туралы жалпы ұғым аламыз. Ал, ағаштың түрі көп. Қазақ тілінде ағаштың тал, терек, қарағай, қара ағаш, алма, өрік, шабдалы т.б. түрлері бар. Немесе хайуан сөзін естісек те жалпы ұғым аламыз. Хайуанның қай түрі екенін тек жолбарыс, арыстан, қасқыр, аю, түлкі, сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі т.б. деген сөздер арқылы ғана ажыратамыз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет