СөЖ №6 «Жаңартылған мазмұндағы «Қазақ тілі» пәнін оқыту әдістемесі» бойынша



бет2/3
Дата17.12.2022
өлшемі271,12 Kb.
#57774
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ 6

Еркін көшіру. Балалар әуелі мәтінді оқып шығады, талдайды, сонан соң кітапты жауып қойып, мәтіннен есте қалғандарын, қалай ұғынса, солай жазады.
Грамматикалық тапсырмаларға байланысты көшіру. Сөздің немесе сөйлемнің бір бөлігі өзгеріссіз сол қалпында, екінші бір бөлігі өзгертіліп көшіріледі: қалып қойған жерін ойлап тауып немесе қосып, өзгертіп жазады: қалып қойған әріптер мен буындарды тауып қосу, сөздерді тауып қосу немесе сөйлемдерді аяқтау, берліген сөйлемнің немесе сөздің тұлғасын өзгертіп жазу сияқты тапсырмалар орындалады.
Көшіру жұмыстары тіл дамытумен байланысты, сұрақтарға жауап беру (жазбаша) түрінде де кездеседі. Бұл жұмыс балаларды мазмұндама мен шығарма жазуға дайындау мақсатында қолданылады.
Балалардың орфографияға үйренген біліктері мен дағдыларын байқау мақсатында диктант жаздырылады. Мұнда мұғалім мәтіндегі сөйлемдерді немесе жеке сөзерді оқиды. Оқушылар оны аяғына дейін тыңдап, естерінде ұстайды, жазады.
Барлық жазба жұмыстарын ойластыра отырып, түрлендіріп алу оқушылардың сауаттылығын арттыруға көмектеседі. Мектепте грамматиканы оқыту неғұрлым жақсы жолға қойылса, оқушылардың сауаттылығы да соғұрлым жоғары болады.
Орфографияны оқытуда қолданылатын әдістер.
Оқыту әдістері сан алуан. Солардың ішінде орфографияны оқытуға байланысты мына әдістерді қолдануға болады. 1) байқау әдісі, 2) баяндау әдісі, 3) әңгімелесу әдісі, 6) кітаппен жұмыс істеу әдісі, 5) жаттығу әдісі, 6) талдау-жинақтау әдісі, 7) салыстырмалы әдіс, 8) индукция-дедукция
Байқау әдісі. Нақтылы материалды меңгеруде байқау әдісі шешуші орын алады. Тіл сабағында оқушылар тілдік құбылыстарға тікелей байқау жасайды. Байқау процесі абстракт ойлауға негізделмейді, керісінше, байқау арқылы қорытындылап, абстракт ой туады. Байқау танымдық роль атқарады. Ол шындық өмір құбылыстары туралы түсінікті реттейді. Сөзді немесе сөйлемді байқай отырып, оқушы тіл заңдылығының ережесін үйренеді.
Баяндау әдісі. Мұғалімнің баяндауы әрі әңгіме, әрі түсінік және нүсқау Түрінде жүзеге асырылады. Мұғалімнің сөйлеуі, ойын көркем құрып баяндауы, тиісті дәлелдер келтіріп қорытындылауы тыңдаушыларға үлгі бларлық сипатта кұрылуға тиіс. Бұл жағынан алып қарағанда, баяндау әдісінің тәрбиелік маңызы жоғары.Мұғалімнің баяндауына оқушылардың тыңдау процесі үйлес келуі тиіс. Баяндауға қойылатын талап тыңдауға да қойылады. Баяндай отырып, оқушыларды тыңдай білуге баулиды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет