2-тапсырма Тік мобильділік- адамдардың бір жерден екінші жерге әлеуметтік мәселесін сол күйде өзгертпей көшуі. Мысалы оған адамдардың бір қаладан басқа қалаға немесе ауылдан басқа ауылға көшуін айтамыз. Қарапайым тілмен айтқанда әлеуметтік тұрмысқа ешқандай қатысы болмай тек орнын өзгертуі. Мысалы менің әпкем Қызылорда қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына көшті. Ол тек қана өзінің тұратын тұрғылықты жерін ғана өзгертті.
Көлденең мобильділік- бұл ұғым тік мобильділікке қарама-қайшы. Яғни адам бір әлеуметтік позициядан екінші бір позицияға ауысады. Ауылдан қалаға немесе қаладан ауылға көшкен кезде осы мобильділік түрі пайда болады. Мысалы бір адам өз қалауы бойынша қаладан ауылға қоныс аударды.
Жоғарыға ұмтылған мобильділік- өзінің атауы айтып отырғандай белгілі бір адамның еңбек ақысының немесе жұмыс бабымен көтерілуі. Мысалы біздің мектепте еден жуушылар лабарант деңгейіне көтеріледі. Соған орай оның табысы да, дәрежесі де өзгереді.
Төмен қарай мобильділік-жоғарыға қарама-қарсы анықтама ретінде қарастыруға болады. Яғни төменгі мобильділікке адамның әлеуметтік деңгейінің бұрынғы өсімінен нашарлауы себеп бола алады. Меніңше осы мобильділік түріне кезіккен адамдар бар. Ол көбінесе мамандық саласында пайда болады.
Ұрпақаралық мобильділік- әлеуметтік жағдайдың салыстырмалы түрде өзгеруі. Мысалы президентіміз Н.Назарбаев қарапайым отбасында дүниеге келген. Оның ата-анасы жай ғана қарапайым шаруа болды. Ал ол президенттілік деңгейге дейін көтерілді. Яғни ұрпақаралық мобильділік отбасының әлеуметтік статусына бағынбайды.
Ұрпақішілік мобильділік- әлеуметтік статустың бірнеше мәрте өзгеруі. Мысалы журналист ең бірінші мақала жазады. Кейін оны сайтқа жариялауды үйренеді. Соңында эфирге дайын нағыз мәтінді жазып шығарады.
Жеке мобильділік-адамның индивидуал жағынан дамып, ұмтылысы арқылы жетістіктерге қол жеткізуі. Адам өзінің күші арқылы кез-келген нәрсені жоғарылатып немесе төмендетіп алады. Мысалы археолог, профессор , саясаттанушы болам десе де өз қолында.