1-тапсырма Мобильділік- адам өміріндегі сатылы деңгейдегі өзгеріс. Мысалы менің анам ауылда, балабақшада өзінің мамандығы бойынша жұмыс жасады. Бірақ кейіннен ауданымыздағы өнер мектебіне жұмысқа тұрды. Осы жұмыстың арқасында жалақысы жоғарылап, әлеуметтік жағдайы жақсарды, статусы біршама өсті. Меніңше, мобильділік әр адамның өмірінде орын алатын белгілі бір өсім. Менің өзім де 11 жыл ауылдағы мектепте оқып, қазір қаладағы жоғары оқу орнында білім алып жатырмын. Мұның өзі менің қоғамдағы рөліме, қоршаған ортама жаңа бір өзгерістер алып келді.
Әлеуметтік стратификация- адамның қоғамдағы рөлі бойынша бөлінуі. Оның рөлі қалай анықталады? Мысалы іс-әрекеті, білім деңгейі және мәртебесі арқылы. Мен “стратификация” деген сөзді “теңсіздік” сөзімен алмастырар едім. Және осыған орай айтарым, әлеуметтік теңсіздік ежелгі қауымдардың арасында да пайда болып қазіргі қоғамда да еш жоғалған емес. Ойланып қарасақ әлемді теңсіздіксіз көре алмаймыз. Себебі барлық адам өз статусы үшін өмір сүрсе капитализмнің құрдымға ұшырары анық. Біз адамдарды осы статустары арқылы ажырата аламыз. Менің айтпағым, адамдар ешқашан өзінің статусында қалып қоймауы керек. Егер ол өзінің білімі мен шеберлігінің деңгейін көтерсе мәртебесі де артады.
Әлеуметтік тап- қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеуде М. Вебер әлеуметтік таптар арасында орын алатын өзгешеліктерді сипаттаған. Оның көзқарасы бойынша тап ұғымы адамдардың экономикалық тұрғысына, өмірлік стиліне, беделіне негізделген статус ұғымына қарсы. Дегенмен де өмірде тек материалдық жағдайға қарамай мәдениеті, санасы, мінез-құлқы жағынан да ерекшеленетін әлеуметтік таптардың бар екені рас. Вебер статус пен тапты бір-бірінен алшақ, тәуелсіз етіп көрсеткен екен. Яғни бұл өзгешеліктердің арасында ешқандай байланысы жоқ деген қорытындыға келеміз.
Әлеуметтік топ- қоғамда маңызды, кең мағынада қолданылатын ұғым. Әлеуметтік топта әр адам өзінше бір жеке тұлға. Әлеуметтік топ өзінің ортақ мүддесі бар тарихи қоғамда қалыптасуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік топтар көлеміне қарай үлкен, орташа, кіші деп бөлінеді. Менің ойымша, әлеуметтік топтардың болуы қоғамда ерекше орын алады. Себебі адам өмірі біртұтас көлемде емес кіші қоғамдық қатынаста да көрініс табады. Атақты әлеуметтанушы- М. Вебер бұл топты мансабы, беделі бойынша жіктеген. Бұл топ стратификацияның бір түрі болып саналады. Мысалы ақыл-парасатымен, күш-қайратымен ерекшеленетін тәрізді адамдардың қоғамдағы орны да осылай сипатталады. Осыған қатысты М. Вебер әлеуметтік топты 3 түрге бөледі. 1) статустық 2) саяси партия 3) экономика
Орта тап дегеніміз- қоғамға ыңғайлы, өмір сүру деңгейі орташа түрде қалыптасқан ерекше топ. Сондықтан да әрбір ұлт халқының жақсы өмірге бейімделгенін, орта таптардың саны көбейгенін қалайды. Алдыңғы қатарлы елдерде орта тап шамамен 60-80 пайызды құрайды екен. Расында да орта таптың болуы мемлекетті барлық деңгейде алға сүйрейді. Кедейлік те, ақшаға байланысты әлеуметтік проблемалар саны да азая түседі. Қазақстан да орта таптағы адамдар бар деп айта аламыз. Себебі қазіргі таңда өздерінің шағын ғана қарапайым бизнесін ашып дамып жатқан жандар көбеюде.
Мобильділік каналы- әлеуметтік мобильділіктегі кедергілердің өтуіне себепші болады. Сонымен қатар өзгертілмейтін, қатып қалған жүйеден арылуға көмектеседі. Мысалы оған статус, білім, ақшаны жатқыза аламыз.
Мобильділік кедергілері – кедергі адамның ой-санасына әртүрлі жағымсыз қасиеттер әкеледі. Ал мобильділік кедергі ұғымына анықтама осыдан шығады. Себебі мобильділік жоғарыда айтылғандай адам өмірінің сатылық деңгейдегі өзгерісі. Адам жоғары қарай көтеріліп одан төменге құлдыраса демек, осы мобильділік кедергіге ұшырағаны. Оған әсер ететін факторлар қоғамдағы әлеуметтік жағдайына, тұрмысына байланысты.