СөЖ жоспары «Кәсіпкерлік» пәні


) «Кәсіпкерлік-ойлау психологиясы»



бет3/6
Дата07.02.2023
өлшемі94 Kb.
#65920
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
СӨЖ Кәсіпкерлік 2023

1) «Кәсіпкерлік-ойлау психологиясы»:
- тиімді жұмыс істеу үшін командада қандай рөлдер ұсынылуы тиіс екеніне сипаттама беру;
- команда көшбасшысы қандай қасиеттерге ие болу керектігіне сипаттама беру;
- топта осы қасиеттерге кім ие екенін талдау;
- команда көшбасшыларын таңдау;
- өз стартаптары үшін командаларды жинау.
2) «Бизнес-идея мен стартапты таңдау»:
- өзінің 20 ұсақ мәселелерінің жазбаша тізімін жасау;
- ең өзекті және перспективалы болып көрінетін бірнеше проблемаларға дейін ұсақ-түйектер тізімін тарқату;
- таңдалған мәселелерді шешудің бірнеше тұжырымдамасын әзірлеу;
- тұжырымдамалардың жалпы санынан біреуін таңдап, оны егжей-тегжейлі ойластыру;
- нарық, аймақ трендтеріне негізделе отырып және жеке қажеттіліктерді зерттеу арқылы кәсіпкерлік идеялар тізімін қалыптастыру;
- бизнес идеяларды бағалау техникасын пайдалана отырып, қалыптасқан идеяларды бағалау және курс шеңберінде даму үшін бизнес идеяны таңдау.
3) «Стартаптың бизнес-моделі»:
- осы стартап үшін бизнес-модель арнасын құру;
- стартаптың кәсіпкерлік үлгісін таныстыру және қорғау.
4) «Стартап қызметіндегі маркетинг»:
- таңдалған идея бойынша 4P моделін анықтау;
- кабинеттік және далалық маркетингтік зерттеулер жүргізу;
- стартап аудиториясын саралау;
- таңдалған идея бойынша өміршеңдігі ең төмен өнімді қалыптастыру;
- сұхбат техникасын пайдалана отырып, өміршеңдігі ең төмен өнім бойынша мақсатты аудиториядан кері байланыс алу;
- өзінің стартапы үшін маркетингтік коммуникация түрін таңдау және тұтынушыларды саралау деректерін негізге ала отырып, өз шешімін негіздеу;
- өз өнімін/қызметтерін жылжыту үшін әлеуметтік желілерде аккаунт құру;
- айлық медиа жоспар мазмұнын қалыптастыру;
- жарнамалық науқандарды іске қосу;
5) «Сату стратегиясы»:
- стартап үшін сату сүзгісін модельдеу;
- мақсатты аудиторияны қалай тартып, ұстап тұратынын анықтау;
- ағымдағы клиенттерден сатуды қалай арттыруға болады?;
- сату кезеңін білу;
- келіссөздер жүргізудің мәні мен маңызын түсіну;
- клиенттердің қарсылықтарымен жұмыс істей білу;
- стартап үшін кіріс ағындарына сипаттама беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет