Мурзин Л.Н. Тұжырымы бойынша,уәжділік – тек сөз тудыра алатын, басқа сөздермен жасалған атаулардың белгісіне,қасиетіне,іс-әрекетіне және басқа құбылыстарға қатысына байланысты анықталады
4.
Белгілі ғалым К.Аханов “уәж” ұғымын “дәлел” деп көрсеткен.Автордың көрсетуінше,”зат немесе құбылыс тілде сөзбен айтылғанда өз бойында бар я өзіне қатысты айырқша белгісі бойынша аталады. Ол белгі күңгірттеніп кетеді де, әлгі сөздің этимологиясы мен шығу тегі арнайы зерттеу нәтижесінде ғана айқындалады
5.
Профессор Э.Д.Сүлейменованың жетекшілігімен шыққан “Тіл білімі” атты сөздікте: “Мотивация, уәждену тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың белгілерін бейнелеу актісі”-деп көрсеткен
6.
Н.Уәлиев өзінің (Фразеология және әдеби норма” деп аталатын еңбегінде мотив терминін уәж деп атайды дафразеологиядық бірліктердің уәждік сипатын ашады.Кейінгі зерттеушілердің дені осы терминді қолдайды.
Уәждеме кешеніне мыналар енеді
Әлемдік ақиқат болмыстың онтологиялық қасиеттерін атайтын атаулар уәжділігі.
Уәжділікті сөйлеу барысындағы қызметіне қарай зерделеу яки коммуникативтік-функционалдық бағытта қарастыру.
Сөздің ішкі формасы туралы және атаудың уәжділігін семантикалық бағытта зерделеу.