ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Мамандығы/Тобы:
6В01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі. 308-топ
Аты-жөні:
Мәжікен Анель
Тексерген:
Набуова Роза Абдрахмановна
Тақырып:
Бастауыш мектептегі критериалды бағалау жүйесі және шетелдердегі бағалау жүйесі
Алматы 2023
Финляндия
|
Қазақстан Республикасындағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері
|
Елде 10 балдық жүйе қалыптасқан, бірақ 7 сыныпқа дейін «үздік, жақсы, қанағаттанарлық» деген бағалар қолданылады. 1-3 сынып аралығында бағалау мүлдем болмайды. Барлық мектептер «Wilma» электронды жүйесіне қосылған.
Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады. Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отырады. Баға ешқандай рөл атқармайды. Тек оқушыларға мотивация ретінде қолданылады.
|
Елде критериалды бағалау жүйесі қолданғанға дейін 5 балдық жүйе қолданылып келді.
Қазіргі кезде бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып қолданылды
Қалыптастырушы бағалау күнделікті жүзеге ауызша және жазбаша коментарий мадақтау ретінде қолданылса, жиынтық бағалау бөлім/ортақ тақырыптар бойынша, тоқсандық, жиынтық бағалау болып жүзеге асырылады
Барлық мектептер «kundelik.kz» электронды жүйесіне қосылған. Ата-аналар электронды күнделіктен барлығын бақылай алады.
|
Ой-тұжырым
Финляндияда баға ешқандай рөл атқармай, тек мотивация ретінде қолданылса, біздің елімізде әлі де бағалау жүйесі әділ емес екені байқалады.
Мұғалімдер, психолог, социолог, медициналық қызметкер – барлығы мәлімет қалдырып отыратыны біздің елімізде әлі жүйеге біріктірілмеді
Жапон
|
Қазақстан Республикасындағы бағалау жүйесінің ерекшеліктері
|
Жапон елінде 9 жылдық білім беру ақысыз, білім беру құрылымы 6+3+3 (6 жылдық , 3 жылдық кіші орта мектеп – чугако, 3 – жылдық жоғары орта мектеп – като-гакко). Бастауыш сыныптарда негізгі сабақтар жапон тілі, арифметика, қалған сабақтар – жаратылыстану, қоғамтану, музыка, этика, дене тәрбиесі, өнер, қолөнер өтіледі. Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алады. Білімді тексеру тәсілі – жазбаша тест. Бастауыш және орта мектепте 5 дәрежелі шкала бағасы қолданылады: S (өте жақсы), А (жақсы), В (қанағаттанарлық), С (нашар), D (өте нашар).
|
Елімізде 12 жылдық білім беру жүйесі жүзеге асады.
|
Ой-тұжырым
Кіші орта мектепке – емтихансыз, жоғары орта мектепке емтихан тапсырып түсе алатыны ұнады.Себебі баланың бастапқы алған білімі кейінгі сыныптарда қандай екенін анықтауға болады.
|
Бағалау жүйесі Қазақстандық білім бағалау жүйесіне неміс елінікі жақын– кем дегенде екеуінде де сан қолданылады.
• Немістерде 6 баллдық шкала.Ең жоғары баға-1 (өте жақсы).
• Қалған баллдар: 2-Жақсы;3 – айтарлықтай жақсы; 4 – қанағаттанарлық,; 5 – қанағаттанарлықсыз, бірақ бастапқы білімі бар; 6-қанағаттанарлықсыз.
• АҚШ-та 5 тармақтан тұратын бағалау жүйесі қолданылады: A (өте жақсы),
B (жақсы), C (қанағаттанарлық), D (нашар), F (қанағаттанарлықсыз).
• Сондай-ақ, Бағалау + Немесе-қосу тәжірибесі кең таралған.
Жапония
• Білімді бағалаудың ең күшті жүйесінің бірі 100 баллдық
болып табылады .
Шетелдердегі оқушылар білімін бағалау жүйесін қарастырайық. Беларусь, Грузия, Литва,Латвия, Молдова бағалаудың 10 балдық жүйесін тәжірибеге енгізген. Германия мен Польшада бағалау жүйесінің 6 балдық, Голландия мен Жапонияда 100 балдық, Италияда 30 балдық жүйесі қолданылады. Франция және оның бұрынғы бірқатар отар елдерінде 20
балдық жүйе пайдаланылады. АҚШ-та 5 балдық жүйе қабылданған, бірақ санның орнына әріптер қолданылады.
Канадада баға пайыз есебімен қойылады. Мысалы, 50-60%-қанағаттанарлық, 65-75%-жақсы,80-90%-«өте жақсыға» жақын, 100% алу өте қиын. Бұл көбінесе математика және нақты ғылымдарда мүмкін. Барлық пәннен алынған бағалар негізінде орташа балл шығарылады. Келесі жылға көшіру үшін 50%-дан жоғары болуы тиіс. Орташа балл 80% -дан асқан жағдайда емтиханнан босатылып, мақтау қағазы беріледі
|
Ой тұжырым:
Басқа мемлекеттермен біздің мемлекетті салыстыра отырғанда, 10 балдық жүйемен ұқсаттықтары бар. Бірақ бізде баға әр оқушының білімін тексере отырып қойылса, ата- аналар үшін, өз баласының білім бақылап отыру үшін мүмкіндік жасалған. Әр баланың білім сапасы әр түрлі болғандықтан, әр балаға баға қойылады. Ал 100 балдық жүйе ол жоғарғы оқу орындарына арналға баға.
Достарыңызбен бөлісу: |