СөЖ оқытушының тапсырмасы бойынша аудиториядан тыс уақытта (аудиторияда) орындалатын студенттердің жоспарланған оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Өзіндік жұмыс оқу сабақтарының бір түрін құрайды


СӨЖ деңгейлері, формалары және түрлері



бет2/5
Дата30.03.2023
өлшемі250,96 Kb.
#77630
1   2   3   4   5
Байланысты:
САН ХТ СОЖ - 1

СӨЖ деңгейлері, формалары және түрлері
СӨЖ негізгі және қосымша деп екіге бөлуге болады. 
Негізгі СӨЖ оқу жоспарының барлық пәндері үшін студенттің ағымдағы аудиториялық сабақтарға дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл дайындықтың нәтижелері студенттің сабақтардағы белсенділігінде және орындалған бақылау жұмыстары, тест тапсырмаларында, жасалған баяндамаларында және т.б. көрінеді. 
Негізгі СӨЖ формалары:
1) дәріс материалдарын терең қарастыру;
2) дәрістер мен әдебиеттерді конспектілеу;
3) тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен электронды ақпарат көздерін іздеу (таңдау) және шолу;
4) практикалық сабақтарда берілетін үй тапсырмасын орындау; 
5) өз бетінше материалды зерттеу;
6) практикалық сабақтарға дайындық;
7) бақылау жұмысына дайындық;
8) сынаққа, аттестацияға дайындық;
9) тақырыпқа байланысты реферат (эссе) жазу.
Қосымша СӨЖ студенттің білімін тереңдету және бекітуге, оқу пәнінің мәселелері бойынша аналитикалық дағдыларды дамытуға бағытталған. Оған жататындар:
1) емтиханға дайындық;
2) курстық жұмысты немесе жобаны орындау;
3) зерттеу жұмысымен айналысу және ғылыми студенттік конференцияларға, семинарларға және олимпиадаларға қатысу;
4) оқытушымен алдын ала анықталған тақырып бойынша ғылыми жарияланымды (мақала) талдау;
5) берілген тақырып бойынша статистикалық және нақты материалдарды талдау, есептерді жүргізу, статистикалық материалдар негізінде схемалар мен модельдерді құру және т. б.
Жоғары оқу орнының оқу процесінле өзіндік жұмыстың екі түрі бар: аудиториялық және аудиториядан тыс.
Пән бойынша аудиториялық өзіндік жұмыс оқу сабақтарында оқытушының тікелей басшылығымен және оның тапсырмалары бойынша орындалады. Оқытушының қатысуымен қабылданатын СӨЖ негізгі түрлері:
1) кеңестер;
2) коллоквиум – пәннің теориялық мазмұнын меңгеруді бақылау түрі ретінде;
3) үй тапсырмаларын қабылдау және талдау (практикалық сабақтар сағаттарында);
4) пән аясында курстық жұмыстарды (жобаларды) орындау; 
5) бітіру біліктілік жұмыстарын (диплом, диссертация) орындау және т. б.
Аудиториядан тыс өзіндік жұмыс оқытушының тапсырмасы бойынша, бірақ оның тікелей қатысуынсыз орындалады. Оның негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) дәріскер ұсынған оқу әдебиеті негізінде, ақпараттық білім беру ресурстарын (электрондық оқулықтар, электрондық кітапханалар және т. б.) қоса алғанда, дәрістер конспектісінің мазмұнын түсіну және өз бетінше қосымша іздену;
2) реферат эссе жазу; 
3) практикалық сабақтарға дайындық (хабарламалар, баяндамалар);
4) ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді тереңдетіп талдау (рецензиялар, мақалаға аннотациялар дайындау, оқу құралы және т.б.);
5) рефераттар, курстық және біліктілік жұмыстарын жазу үшін қолданылатын материалдарды таңдау;
6) презентацияларды дайындау;
7) нақты тақырып бойынша глоссарий, кроссворд құрастыру;
8) сабақты оқытудың белсенді түрлерін (дөңгелек үстелдер, диспуттар, іскерлік ойындар) пайдалана отырып өткізу;
9) іскерлік жағдайларды талдау (мини-кейстер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет