Аннотация жазу. Бұл кітаптың, мақаланың, қолжазбаның қысқаша сипаттамасын жазу бойынша студенттердің аудиториядан тыс орындалатын өзіндік жұмысының түрі. Онда сол кітаптың негізгі мазмұны баяндалады, кітаптың оқырмандардың қай тобына арналғаны туралы мәліметтер беріледі. Аннотация бойынша жұмыс бір тақырыптағы бірқатар дереккөздерге, сонымен қатар әдебиетке шолу жасауға көмектеседі. Студент автор қозғаған негізгі ойларды, мәселелерді, оның қорытындыларын, ұсыныстарын атап, мәтіннің маңыздылығын анықтау керек. Студенттің міндеттері:
1) ақпаратты мұқият зерттеу;
2) аннотация жоспарын құру;
3) аннотацияланатын ақпараттың негізгі мазмұнын қысқаша көрсету;
4) аннотацияны белгіленген мерзімде тапсыру.
№1 СӨЖ.
Тақырыбы: Сандық талдаудың принциптері мен мақсаттары.
Мақсаты: Студенттерге сандық талдаудың принциптері мен мақсаттары туралы алған білімі мен дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырмалар: Сандық химиялық талдаудың принциптері мен мақсаттары. Сандық химиялық талдаудың жіктелуі.
Сандық химиялық талдауға қойылатын талаптар.
Сандық химиялық талдаудың дамуының қазіргі бағыттары.
Сандық талдау нәтижелерінің әр түрлі қателіктерін есептеу.
Абсолютті және салыстырмалы қателіктер.
Жүйелі қателіктерді анықтау.
Өрескел қателіктерді анықтау.
Талдау нәтижелерін статистикалық өңдеу және кездейсоқ қатенің шамасын есептеу.
Химиялық сандық талдау әдістері.
Гравиметрия Гравиметрлік талдаудың мәні.
Гравиметрлік талдау әдісінің жіктелуі.
Тұндырғышты таңдау.
Гравиметрияда қатты фаза түзілу механизмі.
Тұнбаның құрылымының оның жеке қасиеттері мен тұндыру жағдайларына тәуелділігі.
Кристалдық және аморфтық тұнбалар, оларды алу жағдайлары.
Тұнбаның тұндырылатын және гравиметрлік түрлері, оған қойылатын талаптар.
Тұнбаны жуу. Жуғыш сұйықтықты таңдау.
Гравиметрлік талдау әдісін іс жүзінде қолдану мысалдары.
Титриметрия. Титриметрлік талдау әдістерінің жіктелуі.
Титриметрияда пайдаланылатын реакцияларға қойылатын талаптар.
Титриметрлік анықтаулар түрлері: тура және кері титрлеу, орнын басу титрлеуі.
Титриметрияда ерітінді концентрациясын өрнектеу тәсілдері.
Қышқылдық-негіздік титрлеу.
Бренстед-Лоуридің протолиттік теориясы.
Қышқылдық-негіздік титрлеудің түрлері.
Титрлеу барысында ерітінді рН өзгеруі.
Титрлеу қисықтарын (бірнегіді және көпнегізді қышқылдарды, негіздерді титрлеу) құру және оларды талдау.
Титрлеу қисығының сипатына әсер ететін факторлар.
Титрлеудің соңғы нүктесін анықтау тәсілдері: индикаторлық және инструменталды әдістер (рН-метрия).
Қышқылдық-негіздік титрлеу индикаторлары, олардың түрлері және табиғаты.
Индикаторлардың сандық сипаттамалары.
Қышқылдық-негіздік титрлеуге индикаторды таңдау.
Қышқылдық-негіздік титрлеуді тәжірибелік қолдану мысалдары.
Тотығу-тотықсыздану титрлеуі.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының тепе-теңдік константасы.
Титрлеу қисықтарын құру және талдау.
Тотығу-тотықсыздану титрлеуі индикаторлары, олардың сандық сипаттамалары және титрлеуге таңдау.
Иодометрия. Иодометрлік әдістің мәні.
Тиосульфат ерітіндісін стандарттау.
Крахмалды индикатор ретінде қолдану.