2022-2023 оқу жылы Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері: Кез келген педагогикалық зерттеу жұмысының ғылыми аппараты болады. Оны әдіснамалық аппарат деп атайды.
Ғылыми зерттеудің негізгі компоненттері:зерттеудің өзектілігі және мәселесі, тақырыбы, объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, болдамы, зерттеу әдістері, теориялық маңыздылығы, практикалық мәні болып табылады.
Зерттеудің өзектілігі, көкейкестілігі – жауабын іздейтін ғылымдағы сұрақ немесе зерттеліп отырған құбылыстың белгісіз жағын құру. Дәл осы мәселені дәл осы уақытта зерттеу не үшін қажет деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу тақырыбы – зерттеу мәселесі мен аспектілерінің анық, қысқа берілуі. Тақырып сол қоғамның объективті талаптарына, сұраныстарына жауап бере алатындай болу керек. Нені зерттеумен айналысамыз деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу объектісі – іздену аймағы. Оған педагогикалық жүйе, құбылыс, үдеріс (тәрбиелеу, білім беру, даму, жеке тұлғаны қалыптастыру, ұжым жатады). Бұл зерттеуде не нәрсе қарастырылады, ғылыми таным үрдісі неге бағытталған деген сұраққа жауап береді.
Зерттеу пәні – объектінің ішкі ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. Тақырыппен сәйкес келіп, тұжырымдау бойынша
Зерттеу пәні– объектінің ішін ізденудегі аспектісі, зерттеліп отырған құбылыстың таралу үдерісі, элементі, байланысы, қатынастарының жиынтығы. Тақырыппен сәйкес келіп, тұжырымдау бойынша соған ұқсас болып келеді.
Зерттеудің мақсаты – зерттеліп отырған мәселенің себеп-салдар байланыстарын және заңдылықтарын айқындау, теориясы мен әдістемесін ұсыну. Қандай нәтижеге жетуді көздеймін, қорытынды не болады деген сұрақтар төңірегінде құрылады.
Зерттеудің міндеттері – зерттеу мақсатының бөлшектенуі, зерттеу, анықтау, айқындау, қорытындылау, нақтылау, ұсыну, тәжірибелік жұмыста тексеру тұрғысында құрылады. Мақсатқа жету үшін не істеу керек деген сұраққа жауап береді.
Зерттеудің болжамы – педагогика ғылымындағы өзекті мәселенің теориялық және практикалық жағын талдау негізінде шешімін алдын ала болжау. Зерттеуші болжамында жаңаны алдын ала көре алатындай болуы керек. Зерттеу болжамы егер ..., онда..., өйткені... деген ұғымдармен байланысып құрылады.
Жоғарыда аталған ғылыми жұмыстың компоненттері бір-бірімен тығыз байланыста болуы қажет. Зерттеу аппараты дұрыс құрылмаған жағдайда, дұрыс ғылыми нәтиже алынбайды.
Зерттеу логикасы: Ғылым дамуының заңдылықтарына, сипатына қарай ғылым логикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Ғылым логикасы – ғылыми танымның логикалық заңдылықтарын зерттейтін философилық ғылымның бір саласы. Әрбір ғылымның өзіндік логикасы бар. Әрбір ғылымды логикалық тұрғыдан талдау мәселесі заңды болып табылады.
Тақырыпты, өзекті мәселені, мақсатын, объектіні, пәнді, зерттеу міндеттерін анықтау
Зерттеу жоспарын құру және жоспардың бірінші нұсқасы бойынша орындау
Зерттеудің проблемасы бойынша әдебиеттер тізімін құру.
Зерттеудің жалпы әдістемесін және әдістерін, базасын белгілеу.
Теориясын және тарихын зерттеу, негізгі ғылыми ұғымдарды талдау.
Осы проблеманың практикалық жүзеге асырылуын зерттеу
Белгілі көрсеткіштер бойынша диагностикалау әдістемесін құру.
Алынған нәтижелерді талдау, жинақтау және болжам негізінде құру.
Болжамды тексеру әдістемесін ұсыну.
Тәжірибелік-эксперменттік жұмыстар жүргізу (анықтау және қалыптастыру, бақылау эксперименті, тәжірибелік жұмыстар)
Бақылау срездерін жүргізу.
Алынған нәтижелерді талдау және қорытындылау, зерттеліп отырған проблеманы теориялық тұжырымдау.
Практикалық нұсқауды ұсыну
Жұмысты безендіру және зерттеу жұмысының мәнін редакциялау.
БІЛЕМІН
БІЛДІМ
БІЛГІМ КЕЛЕДІ...
Ғылыми зерттеудің
аппараты:
-Ғылыми мәселе
-Тақырып
-Мақсаты
-Жетекші идеясы
-Нысанасы
-Пәні
-Міндеттері
-Ғылыми болжау
-Ғылыми жаңалығы
-Тәжірибелік маңыздылығы
Ғылыми
жұмысты қорғауға
қойылатын талаптар:
-Логикасы
-Нақтылығы
-Анықтылығы
-Шешімнің дәлелділігі
-Түсініктілігі
-Сенерлік болуы
-Қызықтығы
-Зерттеушінің өз - өзіне сенуі
-Тыңдаушылармен қарым-қатынасы
-Сөз байлығы, мәдениеттілігі, дауыс ырғағы, сөйлеу
темпі,ғылыми тілі.
-Қандай өзгерістер тәжірибеге еңгізілді?
-Не өзгерді?
-Пайдасы неде?
-Қалай таратуға болады?
-Нәтижесі қалай айқындалды?
-Басқаша өзгеруге болатын жағдайлары бар ма?