«Fishbone» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «балық қаңқасы» немесе«балық сүйегі» дегенді аңғартады. «Fishbone» стратегиясы – бұл проблемаларды анықтау және одан шығу жолдарын қарастыру моделі болып табылады. Бұл сызбаны алғаш болып профессор Каору Исикава (Ишикава)ойлап тапқан, сондықтан да оны көбінеИсикава (Ишикава) диаграммасы деп те атайды. Бұл графикалық диаграмма проблемалардың туу себептерін анықтауға көмек береді. Диаграмманы тігінен де жатығынан да пайдалануға болады. Диаграмманың бұл түрі түрлі проблемаларды анықтауға, нақты мақсат қоюға, оның шешу жолдарын нақты дәлелдер келтіре отырып көрсетуге өте тиімді.
Қолдану тәсілі: Кез келген оқиғаның басы, ортасы, соңы болады демекші, бұл диаграмманың да басы, ортасы, соңы бар.
Басы – ортаға тасталған мәселе (тақырыпты немесе проблеманы балық қаңқасының басына жазамыз);
Ортасы – балық қабырғасы (үстіңгі немесе сол жақтағы қаңқаға туындаған проблемалар себебі тізіледі, ал астыңғы немесе оң жақтағы қаңқаға сол проблемалардың дәлелдемелері жазылады);
Соңы балық құйрығы (нәтиже);
СӨЖ 4.
Мақсаты: Эксперименттік жұмыстарыдың кезеңдеріне аналитикалық талдау жасау және кері байланыс жасай алу дағдысын қалыптастыру.
Тапсырма: 1. Өткен жылғы орындалған диплом жұмысы және бір кандидаттық жұмыстағы эксперименттік жұмыстарының кезеңдерін талдау. Әдістемесін құрастыру.