Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология факультеті
СӨЖ Пәні: Қазақтың импровизаторлық өнері.
Тақырыбы: Дулат Бабатайұлының импровизациясы.
Орындаған: Берікханова А.
Тексерген: Даутова Г.
Алматы, 2023 ж.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аякөз ауданы, Сандықтас өңіріyде туып, 1871 жылы дүние салған. Жырау алғыр, зерек болып өседі. Жасында ауыл молдасынан оқып, арабша хат таниды. Дулат Бабатайұлының тікелей өзінің өмірбаянын немесе өмірінін белгілі бір кезеңін сипаттайтын туындылары аз. Әйтсе де жыраудың мінезі, ой-өрісі мен ақындық мұраты жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырымдар жасауға болады. Дулат "Айтқызбасымды айтқыздың" өлеңінде:
Менің атым – Байғыз қарт, Көзге түсер сиқым жоқ, Орынсыз күлер күлкім жоқ, Есепсіз ұйықтар ұйқым жоқ. Көзге қораш бойым бар, Теңізден терен ойым бар, Шынардан биік санам бар, Атан өгіз ағызған ....Кеудем – ақыл сарайы, Кірем десең, кел, міне, – дейді.
Бұл – ақынның автопортреті. Мұндағы "көзге түсер сиқы жоқ", ел тағдырын ойлап, сирек күліл, аз ұйықтайтын, атағы алыстарды шарлаған кемеңгер, ақылы дария, сөзі алтыннан ауыр Байғыз қарт – ақынның өзі.Шынында да, ол өз заманының "байғыз қарты" атанған дана, "көнелерден сұрасам, сөзін жинап, құрасам", – деп өзі айтқандай, ел тарихы, өмір сырынан жинаған білім, білігі де ұшан-теңіз кісі болған, ақындық атағы да қатты шықкан.
Дулат өте шыншыл, турашыл, айтарын кімнен болса да тайсалмай бетке айтатын батыл ақын болған.Әйгілі Барақ төреге көптің алдында: "жегенге ток, ішсең мас, өз елін жаудай талаған" деп бетіне басуға нағыз жүрек жұтқан ер болу керек шығар.Жалғыз Барақ төре емес, Кеңесбай, Сүлеймен сияқты сұлтандар мен Ешен сияқты өзін әулие көрсетіп, бірақ дін жолын теріс жүргізетін молдаға, т.б. айтқандарында жаңағылардан асырмаса, кем түсірмейді.Дулат жасынан ақындық жолын қуып, талмай ізденген. Ақындықты тәңірдің сыйы, елдің жан сырын, мұң-шерін толғайтын даналық өнер деп түсінген. Оның аузына бұрын-соңды ешкім айтпаған:
Кеудеме қайғы толған соң, Тұнық жырмен жуынам, – деген сөздің түсуі де содан.Дулаттың өмір сүрген уақыты қазақ халқы үшін ең қиын заман болды. Сондықтан ол шаттық өлең емес, "зар заман" жырын тудырды. Оның жөнін ұлы жыраудың өзінен артық ешкім де айтып бере алмайды. Дулат өзінің "Ақындық туралы" тамаша толғауында "Сары алтынның буындай, тұманың тұнық суындай... сорғалаған нөсердей" жырын:
Қайырсыз, сараң байыңды, Еріншек, есек жарыңды, Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді Улы тілмен улаттым. Сана беріп ойына, Қуат беріп бойына, Аққан жасы сел болған, Етегі толып көл болған, Беріш боп шері байланған, Ұйқы беріп, кайғы алған, Қайғылыны уаттым... – деп сипаттайды. Дулат сол дәуірдегі өзінің ақындық мұратын — ел бүлдірушіні "ұлы тілмен улату", "қайғылы қалын елін уату" деп, әбден анықтап алған. Кемеңгер жыраудың бүкіл шығармашылығы осы екі арнаның тоғысуынан тұрады.Жырау шынайы ақындықты өнердің асыл, биік түрі деп білді. Сондықтан өлеңнің, ең алдымен, өнер туындысы ретіндегі қасиеттеріне ерекше мән береді. "Сүлейменге" деген арнау өлеңінде:
Сөз-жібек жіп, жыр-кесте, Айшығы айқын көрінбес, Өрнексіз тігіп, баттаса, – деп, ал "Ақындар туралы" толғауында:
Шашудай болып шашылар Меруерттей асыл сөз деген. Жыршылардың шайыры Асыл сөзді езбеген. Нысананы дәл басып, Қалаған жерден көздеген, – деп, шынайы өнер туындысы саналатын өлең мен оның шығарушысына қоятын талаптарын тың метафоралармен әдемі кестелеп жеткізген.
Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ойсанасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға қатты шүйлікті. "Тегімді менің сұрасаң" – деген өлеңінде: