Сөж пәні: Қазақтың импровизаторлық өнері. Тақырыбы



бет4/4
Дата18.05.2023
өлшемі98,52 Kb.
#94474
1   2   3   4
Байланысты:
Берікханова Арайлым эссе

Туған жер тақсіреті
Атамекен – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері ғой. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды. Туған жерге қатынас – адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі.
Батырлар жырындағы:
Атам күйеу болған жер,
Анам келін болған жер,
Кіндік қаным тамған жер, –
деген қарапайым жолдарда адамның туған жеріне деген шексіз сүйіспеншілігі мен терең де ыстық сезімі тамаша бейнеленген. Бұдан, атамекен адамға өмір сұру қуанышын, еркіндік пен ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайтынын көреміз. Адам толық бақытты болу үшін – аяулы Отаны болу керек, сүйіспеншілік жайындағы барлық түсініктеріміз атамекен деген бір ғана сөзге біріккен дейді даналар.
Ұлы дала, ұлан байтақ Отанымызды анталаған жауларынан аман алып қалған да сол перзенттерінің қанына ата құлқы, ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, дәм-тұзымен бекіген сүйіспеншілік.
XIX ғасырдың ұлы ақындарының бірі – Дулат жыраудың да туған жер туралы тебіреністерінен перзенттерінің туған жермен жан дүние жақындығының қаншалықты терең тамырлы әрі мәңгілік екеніне тағы да толғана отырып көз жеткіземіз.
XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды (тыңдаушыларды) егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді. Ол "О, Сарыарқа, Сарыарқа!" атты өлеңінде қасиетті қара қоныс Сарыарқаның артықша сипаттарын мұнды әуенмен төгілте жыр етеді.
О, Сарыарқа, Сарыарқа!
Самалың салқын жон едің...
Масаты кілем жяйғандай
Қоныстың шұрай жері едің!..
Саған келіп ішіп ек,
Тұнықтың мөлдір шынысын.
Мұнда мадақтан басқа сөз айтылмаса да, мұңды сарынның қайдан құйылып тұрғанын аңғару қиын емес. Ақын "сондайсың" демейді, "сондай едің" – деп өткен шақта айтады. "Енді бұрынғыдай емессің, бұрынғы толықсып, толып, лықсыған... бейбіт өрісің жоқ" дегенді меңзейді. "Енді бұрынғыдай саған келіп тұнықтың мөлдір шынысын іше алмаймыз" деп мұңаяды. Ақын бұл өлеңінде астарлап жеткізген жайларын "Аягөз" атты өлеңінде ашып айтты.
Тауды екіге жарасың, Арнаң қалды осылып.
Тастың қашап арасын. Күркіреген үніңнен
Кесіп өтіп кезеңді, Аңдар қашты шошынып.
Аягөз қайда барасың?.. Қырға суың тарады,
Тарбағатай тауынан Ойға суың барады
Тоқсан сала қосылып, Тоғанменен тосылып.
Тоғыз өзен түйісіп, Қырың-малдың кіндігі,
Ақтың төмен жосылып. Ойың-өнім, егіс қой.
Ағының тасты ағызып,
Дулат "шалқып шапқан жүйріктей" Аягөз өзені мен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеген құлпырған суреттермен оқырмандарын (тыңдаушыларын) елітіп келеді де, кенет сөз арнасын кілт бұрып:
Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді? –
деп, Аягөздің бүгінгі күніне оралтады. Оқырман да оқыс ітттін тартып, көңілі құлазып сала береді. Осындай жердің өзінікі екеніне қуана, бақытты сезімге бөленіп отырған ол табан астында сол асылынан айырылып, пұшайман күйге түседі.
Бұдан кейін өзінің әсер күші, поэтикалық қуаты, ойының тереңдігі мен шыншылдығы мен сыншылдығы жағынан Абайға дейінгі поэзияда сирек кездесетін жырдың нөсер бұршағы төгіледі. Осының бәріне мойындарына жезден қарғы таққан би, старшындар мен ұлықтарға "жағымды болған" аға сұлтан, қазылар кінәлі екенін айта келіп:
Жауға шабар ерің жоқ,
Сақадай болып сайланып.
Төсекжанды мырзалар
Ала баспақ байланып,
Үй күшіктей үреді,
Отының басын айналып.
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуан салып жайланып.
Датыңды айтсаң майырға,
Сібірге кеттің айдалып. – дейді ызалы жырау.
Содан кейін мысқылды жүзбен, суық езу тартып:
Бейнең қандай болды екен:
Қарасаңшы бір мезгіл
Қолдарыңа айна алып, –
дейді өзін тыңдап отырғандарға.
"Ақжайлау мен Сандықтас" атты өлеңінде де туып-өскен өңірін "атамның қонған қонысы" деп тебірене, оның келісті көріністерін перзенттік, тіпті сәбилік сүйіспеншілікпен елжірей суреттейді. Жерге қатысты ешкім айтпаған "қызғаныш" сөзін қолданып, ата қонысын:
Атам қонған кең далам,
Мендей сені қызғанар
Бауырыңда өскен қай балаң? –
деп, жас баладай жабыса сүйеді. Ақын бұл толғауында да көкірегіне байланған ескі шеріне қайта оралады:
Өксігіңді ойласам,
Ұйқы беріп, қайғы алам.
Қилы-қилы заманды,
Заманға сай адамды
Салғастырып қарасам,
Су мүйіз болған танадай
Шыр көбелек айналам, –
деп, елдің еркін, тәуелсіз заманын еске алып, теңселіп кеткендей болады.
Ақын – қазақ даласының кіріптарлық, халықтың шұрайлы, сулы қоныстарынан ығыстырылып, өз жері, өз елінде өгей жетімнің күйіне түскенін көрмей, айтпай, тек Сарыарқасы мен Сандықтасын тамылжыта жырына қосса, әрине, оғаш, түсініксіз, ал атамның қонысын өзгеден қызғана сүйдім десе, жалған болар еді. Елін, жерін жанындай жақсы көріп, оның тағдырын ойлап, күйзелген ұлы жырау олай еткен жоқ, шындықты, шынайы сезімін бейнелейді. Оның туған жер туралы толғауларының тарихи мәні де, тәрбиелік кұндылығы да сонда.
Дулат Бабатайұлы 1802 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысында дүниеге келген көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған. 1880 жылы Қазанда жарық керген «Өсиетнама» деген жинағына ақынның замана туралы толғаулары енген.Орта жүз құрамындағы найман тайпасынан шыққан. Өмірі туралы деректер толық зерттелмеген. Өлеңдері ел ішіне ауызша және қолжазба түрінде таралған. Кейбір өлеңдері Қазан қаласынан 1880 жылы алғаш рет “Өсиетнама” деген атпен жеке кітап болып жарық көрген. Жинаққа ақынның сол кезеңдегі қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірін шыншылдықпен жырлаған ой-толғаныстары енген. Ақынның кейбір өлеңдері кеңес дәуірінде әр түрлі хрестоматияларда “XVІІІ — XІX ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары” (Қазақ ССР ғылым академиясының баспасы, А., 1962) деген жинақта, кейін “Үш ғасыр жырлайды” (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А., 1965) жинағында басылып шықты. Ал, “Еспембет” поэмасы алғаш рет 1957 жылы “Жұлдыз” журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы “Замана сазы” деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны — 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Дулат – қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, ой санасында сахара салты мен түсінігіне жат өзгерістер орын алғанын – бәр-бәрін тумысынан жаны сергек Дулат көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті. Барлық билікті патша қолына алып, қазақтан қойылған билеушілер оның қолшоқпарына, шабарманына айналғаны, ел жайлы қоныс, құнарлы жерлерінен ығыстырылып, бағыныштының кейпіне түскені азамат Дулаттың ойынан шықпайтын қайғы-шері болды. Сахараның еркіндік сүйініш рухы мен даналығын бойына молынан дарытқан,жаратылысынан ерекше дарынды Дулат, міне, осы тарихи жаңа дәуірдің жыршысына, отаршылдықтың айыптаушысына, еркіндік, ынтымақ-бірлігін жоғалта бастаған халқының жоқшысына айналды. Дулат мұндай масқара жағдай ел басшыларының жағымпаздығынан, өз ойлап, халықты ұмытқандығынан болды деп, соларға катты шүйлікті.

Адам баласы өмірінің мән-мағынасы бақытқа талпынудан тұрады. Ал сол шынайы бақытты отбасынан ғана табуға болатыны жайында ұлы ойшылдар мен ақындар бірін-бірі қайталап айтумен келеді. Отбасы дегеніміз – ерлі-зайыптылардың бірлікте өмір сүретін ұясы. Демек, бақыт – тағдырларын табыстырған қыз бен жігіттің бір-біріне деген айнымас сүйіспеншілігі, өмірде кездесетін куаныш пен қайғыны, баршылық пен жоқшылықты қатар тұрып, тең бөлісуі, сергек сезімталдықпен бірін-бірі аялап, тату-тәтті ғұмыр кешуі деген сөз.


Бұл үйлесім бұзылған бойда, отбасының қызығы мен берекесі кетіп, бақыты сорына айналмақ. Қазақ фольклоры мен ақын-жыраулар шығармашылығындағы отбасы мәселесінде "жақсы әйел – жаман әйел" тақырыбы дәстүрлік сипатқа ие. Ақын-жыраулар арасында аталған тақырыпқа жыр тудырмағаны кемде-кем. Дулат жаман әйел тақырыбын жекелеп алып, мейлінше өткір де шынайы суреттейді.


Атамекен – адамның ата-бабаларынан бері қарай кіндік қаны тамып, өсіп - өніп келе жатқан жері ғой. Сондықтан адам туған жерін дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысы – Анасына балайды. Туған жерге қатынас – адамның адамшылығының, ізгілігінің, парасатының көрінісі.


Бұдан, атамекен адамға өмір сұру қуанышын, еркіндік пен ел үшін мақтаныш сезімін сыйлайтынын көреміз. Адам толық бақытты болу үшін – аяулы Отаны болу керек, сүйіспеншілік жайындағы барлық түсініктеріміз атамекен деген бір ғана сөзге біріккен дейді даналар. Ұлы дала, ұлан байтақ Отанымызды анталаған жауларынан аман алып қалған да сол перзенттерінің қанына ата құлқы, ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған, дәм-тұзымен бекіген сүйіспеншілік. XIX ғасырдың ұлы ақындарының бірі – Дулат жыраудың да туған жер туралы тебіреністерінен перзенттерінің туған жермен жан дүние жақындығының қаншалықты терең тамырлы әрі мәңгілік екеніне тағы да толғана отырып көз жеткіземіз. XIX ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары ел ата қонысынан шетке сырған кезде шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкен суреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз", "О, Сарыарқа, Сарыарқа!", "Ақжайлау мен Сандықтас" деген тамаша жырларында өзі туған өңірдің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып: "Құт-берекелі көркем қоныс енді кімдікі?" – деген сұрақ қояды. Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі мына күйіне күйіндіріп, ашындырмақ болады. Туған жерді мадақтай отырып, оқырмандарды егілту сарыны Дулат поэзиясына ода түрін әкелді.

Ақын құдіреті – осыларды орнымен, шебер жарата білгендігінде. Дулат - Абайдың алдында өткен қазақ сез зергерлерінің ішіңдегі ең мықтысы. Дулатты ауызша тарап келген ақын-жыраулар тілі мен Абай бастаған жазба әдеби тілді жалғастырған көпір деп тану қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет