Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Филология факультеті
СӨЖ
Пәні: Қазіргі қазақ тілінің синтаксисі
Тақырыбы: Құрмалас сөйлемдерді ұстаным бойынша
талдау
Орындаған: Әли Шұғыла Қазиқызы
Тексерген: Алимтаева Лаззат Тургыновна
Алматы, 2022 жыл
Құрмалас сөйлемдерді ұстаным бойынша талдау
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем:
Жұрт ( Б) зираттан (п) қайтқанда (б), Аян (Б) әжесінің қабірінің
басында (п) елдің ең соңынан шошайып (п) жалғыз қалды (б).
(“Жабайы алма”, Сайын Мұратбеков)
1. Құрылысына қарай: құрмалас ( екі предикативтік қатынасқа құрылған)
2. Құрамдық ұстаным бойынша: екі компонентті
3. Грамматика- морфологиялық ұстаным бойынша: сабақтас құрмалас,
себебі бірінші компонентінің баяндауышы тиянақсыз аяқталып тұр.
4. Семантикалық ұстаным бойынша: мезгіл мәндегі сөйлем
5. Функционалды семантикалық ұстаным бойынша: адвербиалдық
қатынастағы сөйлем
Мезгілдес сабақтас құрмалас сөйлем:
Бүркітбай (Б) шыққанша (б), ауылдан ұзаған (а) Асқар (Б) Шалқар
көлінің жағасына (п) жетті (б). (“Ботагөз”, Сәбит Мұқанов)
1. Құрылысына қарай: құрмалас ( екі предикативтік қатынасқа
құрылған)
2. Құрамдық ұстаным бойынша: екі компонентті
3. Морфологиялық ұстаным бойынша: сабақтас құрмалас, себебі
бірінші компонентінің баяндауышы тиянақсыз аяқталып тұр.
4. Грамматикалық семантикалық ұстаным бойынша: (әр) мезгіл
мәндегі сөйлем
5. Функционалды семантикалық ұстаным бойынша: адвербиалдық
қатынастағы сөйлем
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем:
Күн (Б) ашық-жарық (а) болса (б), Көктоғай (Б) самолетке қырық бес-ақ
минуттік(а) жол көрінеді (б). (“Дәрігердің үш қаруы”, Шерхан Мұртаза)
1. Құрылысына қарай: құрмалас (екі предикативтік қатынасқа
құрылған)
2. Құрамдық ұстаным бойынша: екі компонентті
3. Морфологиялық ұстаным бойынша: сабақтас құрмалас, себебі
бірінші компонентінің баяндауышы тиянақсыз аяқталып тұр.
4. Грамматикалық семантикалық ұстаным бойынша: шартты мәндегі
сөйлем
5. Функционалды семантикалық ұстаным бойынша: атрибутивтік
қатынастағы сөйлем
Нысандық қатынастағы құрмалас сөйлем:
Енді осылардан (т) білсеңіз болады (б), надан ел (Б) қуанбас нәрсеге (т)
қуанады (б). (“Жиырма алтыншы қара сөз”, Абай Құнанбайұлы)
1. Құрылысына қарай: құрмалас (екі предикативтік қатынасқа
құрылған)
2. Құрамдық ұстаным бойынша: екі компонентті
3. Морфологиялық ұстаным бойынша: салалас құрмалас, себебі
бірінші компонентінің баяндауышы тиянақты аяқталып тұр.
4. Грамматикалық семантикалық ұстаным бойынша: ыңғайлас мәндегі
сөйлем
5. Функционалды семантикалық ұстаным бойынша: нысандық
қатынастағы сөйлем
Атрибутивтік қатынастағы құрмалас сөйлем:
Жас бала (Б) анадан туғанда (п) екі түрлі мінезбен(п) туады (б): біреуі
(Б)- ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады (б). (“Жетінші қара сөз”, Абай
Құнанбайұлы)
1. Құрылысына қарай: құрмалас (екі предикативтік қатынасқа
құрылған)
2. Құрамдық ұстаным бойынша: екі компонентті
3. Морфологиялық ұстаным бойынша: салалас құрмалас, себебі
бірінші компонентінің баяндауышы тиянақты аяқталып тұр.
4. Грамматикалық семантикалық ұстаным бойынша: түсіндірмелі
мәндегі сөйлем
5. Функционалды семантикалық ұстаным бойынша: атрибутивтік
қатынастағы сөйлем
Достарыңызбен бөлісу: |