Сөж пәні: Басқару қызметінің негіздері



бет3/3
Дата22.10.2022
өлшемі22,75 Kb.
#44818
1   2   3
Байланысты:
Атамбек Аяужан

1.3 Басқару әдістері
​Басқару әдістері – нақты нәтиже алу үшін басқару объектісіне басқару субъектісінің әсер ету жолдары мен тәсілдерінің жүйесі. 
​1) Басқарудың экономикалық әдісі-басқару мен шаруашылық әрекеттегі экономикалық қатынастары мен заңдарды ұтымды қолдануды қамтамасыз ететін шаралар жиыны. Әдіс әлеуметтік-экономикалық заңдар мен объективті ортаның даму заңдылығына негізділген (табиғат пен қоғам). Бұл әдістерді қолдану тұлғаның, ұжымның, қоғам мен мемлекеттің экономикалық көзқарастары жүйесіне негізделеді. 
​2) Басқарудың ұйымдастырушылық тарату әдісі-басқару процестерінің үзілмеушілігін және ырғақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған жолдар мен тәсілдер жинағы. Әдіс басқару мен шаруашылық етудің барлық деңгейіндегі адамдардың құқықтары мен жауапкершілігіне негізделген. 
​3) Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері - әлеуметтік-психологиялық көзқарастары арқылы адамдар мен басқару органдарына әсер етудің тәсілдері. Бұл әдіс қоғамдық көзқарастың дамуы мен қалыптастырылуына негізделген. 
​Басқару тәжірибесінде барлық әдістер өзара тығыз байланысты және бірыңғай жүйені құрайды. Басқару әдістері өз бағыттарына қарамастан басқарылатын объектіге нақты ұйымдастырушылық әсерін тигізеді. Басқару объектісіне әсер ету түрлері бойынша тура және жанама әсер тигізетін, басқару шешімдерін шығаруды ұйымдастыру түрлері бойынша – бірыңғай және топтастырылған. 
​Басқарудың экономикалық әдістері – басқарудағы және шаруашылық әрекеттегі экономикалық заңдар мен қатынастарды ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін шаралардың қатынасы. 
​Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны ең жақсы нәтиже алу мақсатында жеке адамның, ұжымның, мемлекеттің экономикалық мүдделерін басқаруға байланысты қарастырылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет