Сөж пәні: Басқару қызметінің негіздері



бет2/3
Дата22.10.2022
өлшемі22,75 Kb.
#44818
1   2   3
Байланысты:
Атамбек Аяужан

1.1 Басқару заңдары
​1) Басқару жүйесінің толықтығы мен бірыңғайлылық заңы. Бұл заң бойынша, басқару жүйесі ұйымдастырылған және функционалдық бірыңғайлылыққа сәйкес болуы керек дейді. 
​Ұйымдастырушылық толықтылық – басқаруға қойылған міндеттердің орындалуы үшін қажетті элементтердің құрамымен, ал функционалды – жүйенің мақсаттарына жету үшін қажетті функционалды дамутымен қамтамасыз етіледі.
​2) Кез-келген басқару жүйесінің барлық элементтерінің пропорционалды және ұтымды сәйкестенуін сақтау заңы. Бұл дегеніміз, жүйенің элементтерінің ұтымды сәйкестенуі дамуға олардың функционалды және құрылымдық мүмкіндіктерінің, деңгейлерінің, бағыттарының әсер етуін қарастырады. 
​3) Қолданылған ақпараттың көлеміне байланысты басқару жүйесінің тиімділік заңы. Басқару шешімдерін қабылдау үшін пайдаланатын ақпараттың көлемі мен басқару міндеттерін орындау сапасының бір-бірімен байланысын қарастырады. 
​4) Басқару процесі кезіндегі пайдаланылатын тиімділік критерилерінің бір-біріне тәуелділігі және бірыңғайлылық заңы. 
​5) Басқару жүйесіне әсер етуші және тәуелді болатын техникалық құралдарды қолданудың сәйкестік заңы. Бұл заңның талаптары әсіресе басқару жүйесін автоматтандыру кезіндегі маңызы зор. 
1.2 Басқару принциптері
​Басқару принциптері – басқарудың барлық деңгейіндегі тәжірибелік әрекеттің негізін құраушы тәртіптері мен нұсқаулықтарды есепке алу мен орындауды көздейді. 
​Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар адамдардың қалауы мен жігеріне қарамастан объективті түрде қарастыратын болса, принциптер нақты шарттар мен тәжірибенің ұсынысына қарай қолданылады. 
​Басқарудың негізгі принциптері:
​1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі; 
​2) Жүйелілік және кешенділік – басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі; 
​3)Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді. 
4) Пропорционалдылық принципі - басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады. 
​5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап етеді. 
​Басқарудың негізгі заңдары мен принциптері басқару процесі кезеңдерінің қалыптасуы кезінде жасалады. 
​Кез-келген басқару жүйесі процесінің негізгі кезеңдері болып: 
- ақпаратты жинау мен өңдеу;
- оны талдау, диагноз және болжау, жүйелендіру, мақсатын қою;
- мақсатты жүзеге асыруға бағытталған шешімді дайындау (қабылдау);
- жалпы шешімдерді жоспарлау, бағдарламалау, жобалау түрінде кезекті нақтылау, нақты басқару шешімдерін қабылдау;
- шешімді орындау үшін әрекеттерді ұйымдастыру;
- әрекетке бақылау жүргізу;
- әрекеттің нәтижесі туралы ақпаратты жинау және өңдеу. 
​Осыған байланысты, басқару – келесі негізгі функциялардан тұратын әрекеттің түрі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, координация және бақылау. 
​Жоспарлау қызметі басқару жүйесінде бастапқы және бір уақытта ағымды болып табылады. Басты мақсаты – қабылданған шешім негізінде жоспарды дайындау. 
​Ұйымдастыру – басқару жүйесіндегі басқару және басқарылатын процестердің барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жұмысын атқарады. 
​Мотивациялау қызметі жүйенің жоспары бойынша барлық жүйе ішіндегі бөлімдердің жұмысының қызметін қамтамасыз етеді. 
​Ең негізгі жағдай болып шешімді түзететін нәтижелерді бақылау қызметі атқарады: актив және пассив.
​Басқарудың негізгі мақсаттары:
1) Басқару жүйесінің немесе объектінің қалауы бойынша жағдайы;
2) Жүйе жағдайын қарастыратын әрекеттің талап бойынша анықталған нәтижесі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет