Сөж пәні: Философия Тақырыбы: «Үңгір аллегориясы: қазіргі оқылу» Орындаған: Жолшиева Қ. Е



бет2/3
Дата28.09.2022
өлшемі20,55 Kb.
#40666
1   2   3
Негізгі бөлім
Платон-өз еңбектерінде қазіргі заманның тотаритарлық мемлекеттің теориялық негіздемесін тұжырымдаған алғаш филосов.Платон мен оның ұстазы Сократ-адамгершілік мәселелерін шешу үшін ақыл ойды қолдануды алғаш айтқан адамдар.Платонның «Үңгір Аллегориясы »өзінің атақты адамзат қоғамының зерттеулер және жоғары қуат теориялар сенімінің бірі болып табылады
Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон «Үңгір жөніндегі аңызды» пайдаланады. Соңында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды. Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды елестетейік. Үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп бір-бірімен сөйлесіп келеді. Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, түсініксіз күңгірт дыбыстар естіледі. Олар жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-толғанып, ақырында өзінің көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі мүмкін. Ал екіншісі, аяқ-қолын қалайда шешіп, үңгірдің сыртына шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің өзін көреді. Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады? Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде – сезімдік болмыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер – сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар – нағыз болмысты құдіретті әлемді көрсетеді, ал күн – ол ізгілікті көрсететін идея. Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады – ол сезімдік таным, ақыл-оймен тану, интуитивтік жолмен соңғы себептерге жету. Үшіншіден, бұл аңыздың моральдық, аксиологиялық жағын да байқауға болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде болу – ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір сатысына көтерілу – ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал күннің өзін көріп тамашалау – ол құдіретті күшті көрумен тең. Басқаша айтқанда, Платон бізді қоршаған заттардың мәнін солар туралы терең ойлағанда, соларды өзіміздің ақыл-ойымызбен игергенде ғана түсінетінімізге сенімді болды. Бұл біршама қиын шаруа және аз ғана уақыт ішінде жүзеге асыру мүмкін емес. Ол нақты дүние біздің қабылдауымыз бен түсінуімізден сыртқары жатқанын көрсеткісі келді. Платонның ойынша, адамдардың басым көпшілігіне қоршаған ортаны алғашқы сәтте қалай байқаса, сол күйінде қабылдау дағдысы тән. Ол мұны қанағат тұтпады. Қарапайым адамның әдеті саналатын қандай да бір объектінің сыртқы қасиеттерін бейқам да үстірт қабылдау дағдысы мен философтың әдісі саналатын нақты дүниенің мәні туралы терең пайымдау дағдысы арасындағы айырмашылықтарды көрсетуге ұмтылды. Платон хикаяны баяндады. Кейде ол «игі өтірік» деп көрсетіледі. Бұл – осы хикая қоспасыз шындық емес, бірақ жағдайдың қалай болғанын көрсетеді деген сөз. «Үңгір аллегориясы» деген осы. Платон адамдардың көбі үңгірдегі адамдарға ұқсайтынын айтады. Олар үңгірдің артқы қабырғасына қарайды. Адамдардың артында аласа қабырға бар. Заттардың бәрі соны жағалай орналасқан. Осы аласа қабырғаның арғы жағында от жанып тұр. Үңгір қабырғасына қарсы отырған адамдар не көреді? Олар үңгірдің артқы қабырғасына осы заттардан түскен көлеңкені көреді. Бірақ бұлай емес қой. Заттардың қандай екенін көру үшін адам күн сәулесі түсіп тұрған жерге шығуға тиіс. Алайда біздің жарыққа шыққымыз келе ме? Адамдардың көбі үңгірде отыра беруге үйреніп алған. Олар сыртқа шығуға қорқады. Өздеріне салсаңыз, олар аса жайлы жерде отыр. Оларға нақты дүниенің сыртқы белгілері жеткілікті. Заттарды шынайы күйінде көргісі келмейді. Көздеріне күн сәулесінің шағылысқанын қаламайды. Нақты дүниенің сыртқы белгілерін қабылдау мен олардың шынайы мәнін саналы түрде ұғыну үшін өмірін сарп етуге дайын философтар ғана – тіпті, өздері алғашқыда елестеткендей болмаса да, жарқыраған Күн астында әлемді өз бейнесінде көретін адамдар.
Сыни ойлауды дәріптеушілердің бірі Ричард Поль мына аумалы-төкпелі, күнделікті өзгеріп отырған заманда адам «өз инстинктеріне бостан босқа сенбеуі керек» деп есептейді. Мұның себебі мынада: адам өз түсініктерін, ұстанымдарын, құндылықтар мен нанымдарын бірден қалыптастырмай (мысалы, сезімдер жетегімен немесе басқа біреудің айтқаны бойынша), олар туралы терең ойланып, оның бәрін күмәнмен қабылдап, «тұла бойынан» өткізуі қажет. Ричард Польдің пайымдауы бойынша, адамдар «өздерінің басына түскенді дәл сол қалпында қабылдамауы керек. Олар ақиқат деп ұсынылған нәрсенің бәрін де ақиқат деп түсінбеуі қажет. Олар өздерінің өмірлік тәжірибесін жалған деп ойламауы керек». Демек, олар өмірдің барлық жәйттері мен көріністерін ой елегінен өткізіп, олардың өміршеңдігі, құндылығы мен қажеттілігі туралы өзіндік пікір қалыптастыруы керек. Сол себепті сыни ойлауды көп жағдайда «сыпайы күмәндану» деп атайды.
Кезінде Сократ «Таным негізінде күмән жатыр» деп бекер айтпаған. Біз әр нәрсеге байыппен қарап, оны екшеп-текшегеннен кейін, күмәндану негізінде туындаған сұрақтарымызға жауап іздестіріп, тапқанда ғана сол зат туралы түсінік пен пікір қалыптастырамыз. Мәселе сол затты жоққа шығаруда емес, мұнда негізгі әрекет – сол затты жан-жақты қарастыру: оған күмәнмен терең үңілу, оны күмәнмен өз тәжірибемізбен салғастыру (ол туралы не білетіндігімізді, оның қажеттілігі мен тиімділігін саралау). Мұнда үнді ақыны Рабиндранат Тагордың «Таным нұры жарқырай түскен сайын, күмән қараңғылығы қоюлана түседі» деген сөздерін де келтіруге болады. Адам көп білген сайын оның күмәні де көбейе түсетіндігі хақ.
Сыни ойлау оқушылардың ойлау дағдыларын дамытып, оларды оқу мен өмірде туындайтын проблемаларды/мәселелерді өздігімен шешуге бағыттайды. Осы арқылы сыни ойлау оқушыларды ақпаратпен жұмыс жасауға, жан-жақта тұрғыдан кез келген жәйтті талдауға, бағалауға, таңдау жасап, шешім қабылдауға баулиды. Оқушылар бұл секілді жұмыстарды жасау нәтижесінде өздеріне және өзгелерге толассыз сұрақтар қойып, оларға жауап іздеп, өз жауаптарын ұтымды дәлелдермен айғақтайды, дербес шешімдер қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет