Сөж пәні: Философия Тақырыбы



бет2/3
Дата30.03.2023
өлшемі78,08 Kb.
#77590
1   2   3
Байланысты:
Гулсана сөж 14 (копия)

Этикалық құндылық –  адамзаттың рухани өмір жолында мәдениет пен жақсылыққа ұмтылуы. Сол ұстанымдарды басты бағдар етіп алуы. Этикалық құндылық аясына сыпайы сөйлеу, орнықты жүріс-тұрыс, ізет- кішіпейілділік, білімдарлық қасиет тән. Тізбелей берсек, тізімі бітпейтін адами құндылықтардың барлығы осы бір ғана «этикалық құндылық» ұғымына сыйып тұрғандай.
Қазақстан жастары жоғарыда аталған критерийлер бойынша әлдеқайда озық дей аламын. Айтып өткендей, үш түрлі қасиетті қатар сіңірген буыннан тәлім алған бүгінгі жастар қалай осал болсын? 
Эстетикамен қатар, интеллектуалдылық та қатар қозғалған жастар санасы күн санап дамуда. Жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылған, дін мен дәстүрге қызығушылық танытып, ойын еркін білдіретін буын әлі талай белестерді бағындырады деп сенемін. Эстетикалық құндылығы- қысқа әрі жақсы сөйлеу, ойын ашық, мәдениетті жеткізу, мүмкіндігінше дискуссиядан аулақ болу, минимализмдік тұрғыда барынша орныққан болу- бүгінгі жастардың басты ұстанымы.Істің бастамасы бірдей басталғанмен, нәтижесі әр түрлі болатыны сияқты, азаматтарымыздың аталған топқа сай емес әрекеттері бар. Мұндайда, келешектің жақсы, һәм жаман тұсы жас буынның екі қолына қатар орныққандай әсер қалдырады. Ізеттілік пен үлкенге құрмет есіне кіріп шықпайтын қауымға алдыңғы лектің өкпесі барын байқап-ақ жүрміз. Қоғамдық орындарда жиі жүрсеңіз, біз мысал еткен этикалық құндылығы жоғары жасты да, тәлімі төмен баланы да қатар байқай аласыз. Мұның бәрін тәрбиемен байланыстырғанымызбен, көп жағдайда ата-ананың ізгілігін бойға сіңіре алмай, қоғамның қаңсығына ілесіп кеткендердің барын да ұмытпағанымыз жөн. Қалай болғанда да, құндылық- ең әуелі әр адамның ішкі түйсігінде қорытылып, ойына сай жасалған әрекеттің жиыны болса керек. Эстетикалық тұрғыда дамыған жастардың келешекте эстетикалық құндылығы басым ұлтты тәрбиелейтініне еш күмән жоқ.
Этикалық құндылықтар дегеніміз, ең алдымен, адамның басқа адамдармен қарым-қатынас жасаудағы құндылықтары. 
Грек тілінен «дағды, әдет-ғұрып» мағынасын беретін бұл ұғым ауқымына адамның ұстанатын салт-дәстүрінен бастап, қоғамдағы өзін-өзі ұстауда көрініс табатын мораль, принциптер мен стереотиптер, адамгершілік қасиеттер, сонымен қатар мейірім мен мәдениет кіреді. Қазіргі замандағы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтарын бірнеше бөлікке бөліп қарастырар едім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет