Жастар – еліміздің қазіргі әлемдегі бәсекеге қабілеттілігінің негізгі факторы. Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр
Нұрсұлтан Назарбаев Жастар-біздің болашағымыздың бет-бейнесі мен рухы. Алайда, жастар өз денсаулығына, қоғам денсаулығына және өмір сүру ортасына қатысты мәселелерге аз қызығушылық танытады. Менің ойымша, басты себеп-ең жоғары құндылық байлыққа ұмтылу арқылы байыту болды, бұл моральдың айтарлықтай өзгеруіне әкелді. Қай елдің болмасын, дамуы оның ең әуелі рухани құндылығымен астасса керек-ті. Қазақ қашаннан тәлімдік тәрбиесімен, мәдени құндылығымен ерекшеленген халық. Көнекөз қариялардың дүниеге көзқарасы- мейірімділік пен адамгершілікке негізделген. Оған дау жоқ. Ел басынан өткен алмағайып заманда да әрбіріміздің ата-әжеміз «адам» деген ардақты атқа лайық болып қалды. Қазақ ғұламасы Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», - дейді. Сіз бен біздің қасиетті кісілерден тәлім алуымыздың сыры осында болса керек.Әке-ағаларымыз тоталитарлық мінезбен өсті. Әр істің қайыры бар дегенге сеніп, шыдамдылық пен ізгілікті ту етті. Ғасырлар тоғысында атадан балаға жалғасқан нақылдар мен мақалдарды, өмірдің мәнділігі мен әуезділігін ұғына білді. Бұл буынды «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деген нақыл сөздермен байланыстырамын. Бұлай деуімнің негізгі себебі, темірдей тәртіп пен мақтадай жұмсақ мейірімділікті қатар бере алған әкелердің бейнесінде тұрғандай.Осындай қауымнан тараған бүгінгі ұрпақ заман ағымына бейімделіп, жаңаша жолға түсті. Ел азаматтарының үштен бір бөлігін құрайтын жастар алдыңғы буынға қарап бой түзеді. Бұл ұғымға алғашқы болып анықтама берген В.Т.Лисовский: «Жастар- әлеуметтану сатысынан өтетін, меңгеретін, ал біршама ересек жаста білім беру, кәсіби, мәдени және тағы басқа да әлеуметтік функцияларды меңгеріп қойған адамдардың ұрпағы», - дейді.
Қазіргі заманғы Қазақстан жастарының этикалық құндылықтары еркіндікке, алуан пікірлілікке негізделгендей. Әр істің екі қыры болатыны секілді, ел жастарынан да екі түрлі мінезді байқай аламыз. Десе де, ізгілік белең алған ортада Қазақстанның жаңа буыны жаңа жетістіктерімен қуантуда. Бұл жетістік- адами даму, тәрбиелік мән, этикалық құндылықпен астасты.