Көкірегімнің үміті мен тілегі
Күй боп түлеп, Күн боп шығып, күледі.
Күн астында көк төбелер түледі:
Менің елім, менің елім - гүл елі!
Айтпағым бір: ағыл-тегіл сыр еді,
Шежіреңе ол өлең болып кіреді ....
Қанат қомдап, таң атқанда шығыстан
Торғайым бар қыраныңмен бір ұшқан.
Жүрегім бар жүрегіңмен ұғысқан,
Менің елім, менің елім - гүлстан!
Ж.Нәжімеденов.